Сынып сағатының тақырыбы: «Желтоқсан жұлдыздары»
Көрнекілігі: Видеофильм, варнер суреттері, слайд, буклет
Видеофильм көрсету.
Мұғалім: Бес жыл өтсе де, бес ғасыр өтсе де ұмытылмайтын оқиғалар болады.Ұмытылмайтыны оның халық тағдырымен тікелей байланыстылығында.1986 жылы желтоқсанда орталықтың әміршілдік-әкімшілдік солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп, демократия тағылымдары жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері көпке аян.Сол әйгілі санда халқым деп аттандап жүріп Ербол Сыпатаев қазаға ұшырады,Қайрат Рысқұлбеков жазықсыз жазаға тартылды,Өскемен педучилищесінің студенті Сәбира Мұқамеджанова мен Алматы музыка училищесінің студенті Ләззат Асановалар қайғылы қазаға ұшырады.
Көрініс: (Д.Досжанов. "Алаң")
Тергеуші: Ал бала ерте бастан ескертіп қояйын.Мен не айтсам соны мақұлдап қол қойып бересің.Бұл бір.Ереуілге қатысқан көз таныс,сырт таныс білетін балалардың бәрін тізіп жазып бересің.Бұл екі. Ұқтың ба?
Қ.Рысқұлбеков үндемейді.
Тергеуші: Өз елімізді өзіміз басқаратын құққа жетейік деп ұран көтеріп ,желпілдеп алаңға шыққандарың рас па?
Қайрат: Рас.
Тергеуші: Астанада пәтер іздеп қаңғып жүрген, жұмыс таба алмай ,өз жерінде қажетсіз қоқыс болып теперіш көрген қазақ жастары дедіңдер ме?
Қайрат: Дедік.
Тергеуші: Үкімет басшысы қазақ болсын деп қыр көрсеттіңдер ме?
Қайрат: көрсеттік.
Тергеуші: Мә,саған ұран көтерген.Мә,саған қыр көрсеткен.(ұрады).Үкімет басшылығына таласатын сен кім едің,басыңды алып жүре алмай,өле алмай жүріп.Қол қой мына қағазға!
Қайрат: Ол қағазға қол қоя алмаймын.
Тергеуші: Неге қол қоймайсың?
Қайрат: мені алаңға шық деп ешкім үгіттеген жоқ.Қазақ қыздарын шашынан сүйреп,таяқтап сабап жатыр деген хабарды естіген соң жатаханада шыдай алмай үкімет үйінің алдына өзім бардым.
Дауыс: Қ.Рысқұлбеков 1987 жылы 1 қаңтарда ұсталып,1987 жылы 16 маусымда ату жазасына кесілді.Кейін оған кешірім жасалып,жазаны 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасымен ауыстырды.
1988 жылы 13 мамырда Семей түрмесіне әкелініп,21 мамыр күні таңда өмірмен қоштасты.
Қайрат: Мен нетермін,не етермін,
Мен келмеске кетермін.
Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.
ІІ-бөлім.
Жүргізуші: Қайрат Рысқұлбеков.
Қайрат 10 сыныпты бітірген соң Отан алдындағы міндетін абыроймен орындап Алматы қаласындағы құрылыс-сәулет институтына оқуға түседі.1986 жылы Желтоқсан оқиғасы кезінде жасақшы Савицкийді өлтірді деп айыпталып,өлім жазасына кесіледі.21 жасқа қарағанда тұтқындалып,21 күн сот алдында нақақтан шырылдап,Семей түрмесінің камерасында 21 мамыр 1988 жылы күні қапылыста дүниеден өтті.Арада бес жыл өткенде 21 ақпанда 1992 жылы ақталды.Қ.Рысқұлбеков орысша-қазақшаға бірдей,сауатты,өз ойын ашық та,бүкпесіз айқын жеткізе алатын жігерлі от еді.Ол тірі қалғанда ақын болар ма еді.Мына бір жолдарға құлақ түріп қараңызшы:
Елбең-елбең жүгірген
Ебелек отқа семірген
Арғымақ мінген жаратып,
Ақсауыт киген темірден
Алатаудай бабалар
Аруағыңмен жебей көр!
Бұл күнде Қайраттың абақтыдан жеткен осынау өлеңдерін бүкіл әлем ұйып тыңдайды.Бас бостандығымыз үшін мерт болған батыр ұланын мақтаныш тұтқан туған халқы да оның ерлігін мәңгілік қастерлеп өтуді парыз санап мектептер мен көшелерге мәуелі гүлзар бақтарға Қайрат есімін беруде.
Асемгуль: Сәбира Мұқамеджанова.
Сәбира Мұқамеджанова 1985 жылы сегізжылдықты үздік бітірісімен Өскемен қаласындағы педучилищесінің бастауыш сыныптарға мұғалімдер даярлайтын қазақ бөліміне оқуға түседі.Сәбира аса адал ,өжет қыз болды.22 желтоқсанда Өскемен қаласында жастар наразылығына қатысқаны үшін оқудан шығарылады,оған орынсыз кінә тағылып,жала жабылды.Бұған шыдай алмаған Сәбира жатахананың 5-қабатынан терезеден құлап мерт болды.Сәбира өзінің өлімі арқылы училищеде оқитын басқа қазақ қыздарын тергеп тексеруден қудалаудан құтқарды.
Аруай: С.Мұқамеджанованы анасының жоқтауы:
Төгілді ме қан бекер
Қиылды ма жан бекер
Қазаққа да еркіндік
Тиетін күн бар ма екен?!
Айналайын Сәбирам
Адал жанға ары иман.
Не айтсам екен далаңа
Ылайықсыз далиған.
Айналайын Сәбирам
Адал жанға ары иман.
Не айтсам екен халқыңа
Даласындай далиған.
Көз жасым мынау парлаған
Қызыл тілім зарлаған
Жалынып медет сұрайын,
Жәрдем ет деп Алладан.
Айналайын құдайым
Тыныштық бер еліме
Ғұмыр бергін жасыма
Енді қайғы төндірме
Қартайғанда басыма!
Жүргізуші: ІІІ. Әдеби - монтаж.
1-оқушы
1.Желтоқсан айы естесің,
Дауыл боп бұрқап ескенсің.
Азаттық күні қашаннан
Көкейін елдің тескенсің.
2.Оянды халқым оянды,
Асырды іске қиялды
Ел көзін ашты аяғы
Болсашы деді баянды.
3.Шектеліп ана тіліміз
Оқылмай өлең жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырар қалай күніміз.
Жүргізуші: Ән: "Желтоқсан желі" әні.
2- оқушы:
Міне осындай айқайдан құлақ тұнды.
Көзге жас ап аналар жылап тұрды.
Жылдар бойы жоғалтқан еселерін
Үкіметтен халайық сұрап тұрды.
3-оқушы:
Сақшылар тұр сап түзеп теректердей
Құқы барма өздерін бөлектердей
"Айтақ" шықты кенеттен шапшыды олар
Қарғы бауын сыпырған төбеттердей.
4-оқушы:
Тәртіп қорғау санаға екті нені
Өз халқына ойпырмай кекті ме еді?
Азаматты сойылмен қанға бояп,
Шаштан сүйреп қыздарды тепкіледі
.5-оқушы:
Аспан тұрда далада нала құсып
Сақшылар жүр бөрідей ала түсіп
Жасырмаймыз жазықсыз аруларға
Араласып кеттік біз ара түсіп.
6-оқушы:
Бар болғаны сол еді "қылмысымыз"
Савицкийді көрген жоқ бір кісіміз
Кейін оның қазасы таңылғанда
Аң-таң болып ,қан жылап тұрды ішіміз.
7-оқушы:
Нөсер бұлты жетпеді көшіп қырдан
Шыбық өлді кеудеде өсіп тұрған.
Шындық деген жоқ екен сотыңдада
"Атуға" деп міз бақпай кесік қылған.
8-оқушы:
Біреу қорғап дүние-ай жақ ашпады,
Қайрат сені осылай аластады.
Құрбандыққа күні бұрын белгіленген,
Артық адам сен болдың алаштағы.
Дияр: « Қайраттың өлеңі оқылады.»
1.Ақтық сөзің арманды- хатта қалды,
Көріп жүрміз қиып ап сақтағанды
Қайрат, Қайрат
Сен мені естимісің
Есін жиған халқымыз
"Зэк" ұрпағын
Лагерьде шірітпей ақтап алды.
2.Не азапты бауырым көтермедік
Соны жырлап өмірім өтер менің
Камераңа қанішер салмағанда
Бізбен бірге ақталып кетерме едің.
3.Шайқады ғой біздерді шайтан арба
Оның бәрін жеткізіп айта алам ба?
Түсіп кетсе есіме
Қаным қайнап
Атып шыққым келеді қайта "Алаңға".
Жүргізуші:
Жібердік еркін ат басын
Қиянат жанға батқасын
Тоқырау тоңын күйреттік
Деп:"Теңдік күні батпасын!"
Жанымыз жомарт қазақпыз
Мәңгүрт боп кете жаздаппыз.
Қосайық басты бауырлар
Жанайық,жансақ маздап біз.
Соңы.
№1 В.И Ленин атындағы орта мектеп
Бекітемін:____
Тәрбие ісінің орынбасары:
Мырзахметова В.Б._________
Өткізген: 6- сынып жетекшісі
Аққалиева Г.Е.
Атырау, 2015 ж.
Достарыңызбен бөлісу: |