Сыныпқа мінездеме Сынып –6 Ұлты қазақ- ұлты орыс Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талаптанып, үлгі аламыз жақсыдан!»



Дата26.02.2022
өлшемі14,97 Kb.
#133414
Байланысты:
Сыныпқа Мінездеме Боқ


Байланысты:
Тәрбие жоспар 6 сынып 2020-2021 оқу жыл


Сыныпқа мінездеме

Сынып –6


Ұлты қазақ- 8

Ұлты орыс - 1

Сынып оқушыларының ұстанымы – «Біз талаптанып, үлгі аламыз жақсыдан!»

Оқушы саны – 9



Ұл- 4

Қыз – 5
А. Баймұлдин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 6-сыныбында 4 ұл оқушы және 5 қыз оқушы бар. Сынып оқушыларының оқу әрекетіне, тәрбиелік шараларға қатысу белсенділіктері жас ерекшеліктеріне сай жақсы деп айтуға болады. Оқушылардың мұғалімге қарым-қатынастары жақсы, педагогикалық талаптарға бағынады. Сынып оқушыларының мектеп мотивациялары оң, сабаққа қызығушылықпен келеді, көңіл-күйлері көтеріңкі. Сыныптың әлеуметтік деңгейі: Ұжымда оқушылар жақсы қарым-қатынаста. Сайланған көшбасшы – Саматұлы Аққу 6 сынып белсенділері Бағдәулетқызы Гаухартас, Еркинбек Айдана. Шеттетілген бала жоқ. Сыныптағы психологиялық ахуалды қолайлы деп айтуға боладыСынып оқушылары ұйымшыл. Сонымен қатар сыныпта шығармашылыққа бейім оқушылар бар. Жалпы сыныптан тыс шараларға, сабақтарға қатысуға тырысады. Сынып белсенділері – сынып басшысы, тазалық, спорт мүшелері өз жұмыстарын тиянақты атқарады. Оқушылардың бәрі де сыныптан тыс «математика әлемі», «шахмат» үйірмесіне қатысады. Оқушылардың еңбек қатынасына деген ынта – жігері орташа. Сыныптағы оқушылардың бір біріне деген қарым – қатынасы жақсы, бір – бірімен тату, қиыншылық кезде бір-біріне қол ұшын беруге әзір тұрады. Үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсете біледі. Ұл бала мен қыз балдардың өзара қарым – қатынастары да айтарлықтай жақсы. Сабаққа деген қызығушылықтары орташа. Ата – аналарға келетін болсам, олар сынып өміріне белсенді қатысып отырады. Мектептен қатынастарын үзбейді, көмектерін аямайды. Еш себепсіз сабақ қалдырмайды.



Сынып жетекшісі: Тилеуд Кумисай


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет