Ақмола облысы
Зеренді ауданы
Зеренді ауданы әкімдігінің «Пухальск негізгі мектебі» КММ
Сыныптан тыс іс - шара
«Зейінділер мен зерделілер»
тақырыбына
интеллектуалдық сайыс
( 5 - 6 «А» сыныптары)
Информатика пәнінің мұғалімі:
Канафина Аяулым Ержигитовна
2015 - 2016 оқу жылы
Пәні: Информатика
Күні: 05.05.2016 жыл Сыныбы: 5-6
Интеллектуалдық ойынның тақырыбы: «Зейінділер мен зерделілер»
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың лидерлік қасиетін ұштап, аналитикалық қабілетін ашу, интеллектуалдық деңгейін арттыру.
2. Дамытушылық: логикалық ойлауын, танымдық қызығушылығын, оқушылардың ақыл-ойын жан-жақты дамыту.
3. Тәрбиелік: пәнге, білімге, шығармашылыққа, ойын еркін жеткізе білуге, топта бірлесе жұмыс істеуге тәртіптілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Міндеттері:оқушылардың ойлауын, компьютерлік сауаттылығы мен іскерлігін, танымдық қабілетін, логикалық сауаттылығын дамыта отырып, олардың пәнге деген қызығушылығын, белсенділігін арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабақ.
Сабақтың әдіс-тәсілдері: топтастыру, сұрақ-жауап, ойын элементтері, баяндау әдісі.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, ойынның тақырыбы, карточкалар, қара жәшік, калькулятор, дискета, мақтау қағаздары.
Ойынның барысы:
Информатика болашаққа бастайды,
Келешекке білім қуған жастарды.
Қадам басып 21-ші ғасырға,
Барлық әлем жаңалығын тастайды.
Сәлеметсіздер ме, ұстаздар мен оқушылар!
«Таланттылар терін төгіп, толғансын,
Тұлпарлары топ жарысында, жүлде алсын», деп бүгінгі «Зейінділер мен зерделілер» атты интеллектуалдық ойынымызға қош келдіңіздер.
Көңілді тапқыштар, білгіштер
Бар өнерін салады,
Кім білімді, көп оқыған болса егер,
Бүгінгі күн жеңімпазы болады, – деп бүгінгі ойынымызды ашуға рұқсат етіңіздер.
Бұл ойын мына бөлімдер бойынша болады:
1 – бөлім. «Таныстыру».
2 – бөлім. «Құпия алаң».
3 – бөлім. «Жұмбақ шешу».
4 – бөлім. «Бәйге».
5 – бөлім. «Мақал - сөз мәйегі».
6 – бөлім. «Полиглот».
7 – бөлім. «Адасқан әріптер».
8 – бөлім. «Жақсы сөз - көңіл құлпын ашатын кілт».
Әр бөлімнен кейін әділ-қазылар алқасы топтардың жинаған ұпайларының қорытындысын айтып отырады.
Асып әсте саспайық,
Сайыс қызығын ей достар.
Осылайша шабытпен,
Қане енді бастайық
Жиналған ылғи дарындар,
Жүрегі от боп жалындар.
Топтардың бәрін халайық,
Қол соғып қарсы алайық.
1 – бөлім Таныстыру. Бұл бөлімде әр топтың басшылары өз тобын таныстырады.
1 – топ. «Компьютер»
Білімді ұрпақ – еліміздің тірегі!
Жер бетінде адам өмір өткізер,
Бар нәрсеге біліммен қол жеткізер.
Бар ізгілік тек білімнен алынар,
Білімменен аспанға жол салынар.
Девизі: «Тапқырлық таныту мақсатымыз,
Біліммен шықсын тек жақсы атымыз»
2 – топ. «Пернетақта»
Біреу озса сайыста, біреу артта қалады,
Ренжімей тараса, озбағандар жарады.
Жарыс заңы ежелден – жеңімпазды анықтау,
Озат болу шарты сол – еңбектену, жалықпау
Девизі: «Болашақтың ұрпағымыз білімді,
Көрсетпекпіз мектепте алған білімді»
Мінекей 2 топтың таныстыруын тыңдадық бұл бөлімге ұпай берілмейді.
(әділ-қазылар алқасы топтардың атауларын жазып алады)
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап, жым отыру жараса ма?
Туыс, досқа, сыныптас, танысқа емес,
Соқ қолыңды білімді жас талантқа – деп,
2 - бөлімді бастайық «Құпия алаң». Тақтада 1-ден 10-ға дейін сандар берілген, әр топ бірінен соң-бірі сандарды таңдап сұрақтарға жауап береді. Дұрыс жауапқа 5 ұпай беріледі.
Бірінші болып шыққан «Компьютер» тобына кезек береміз.
1. «Компьютердің миы» деп нені атайды? (процессор/ жүйелік блок)
2. Интернетпен байланыс жасайтын құрылғы? (модем)
3. Мәлімет енгізу құрылғысы? (пернетақта)
4. Банкрот. (топтан 5 ұпай алынады)
5. Келесі жүріс. (жүріс келесі топқа беріледі)
6. Қарапайым есептеулер жүргізетін бағдарлама? (калькулятор)
7. Дауыс жазуға арналған құрылғы? (микрофон)
8. Жойылған нысандар орналасатын қапшық? (себет-корзина)
9. Информатикадағы өлшем бірліктері? (бит, байт)
10. Графикалық редактор? (Paint)
Осымен 2-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Сайыс - толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай таным да, жат дауыс та.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу мініп жатқанда аптығыста, – деп
3 - бөлімді бастайық «Жұмбақ шешу». Топтарға жұмбақ жасырылады, қай топ бірінші және дұрыс шешетін болса, сол топқа 5 ұпай беріледі.
1. Бар құрылғыны басқаратын, кеудесін көтеріп қасқаятын ми (жүйелік блок/ процессор)
2. Өзінен зиянды сәуле шашатын, адам көзін құртатын жалмауыз (монитор)
3. Саусақтарды билететін, экранға мәтінді сый ететін, жоқ деп мүлде айта алмайтын, иә-ні қолдап қайталай берген (пернетақта)
4. Пернеден жасқанатын, адам көмегімен басқарылатын, қорқақ, компьютердің кенже баласы (тышқан)
5. Қағазға тойматын құрылғы (принтер)
6. Принтерден асып түсетін құрылғы (сканер)
Осымен 3-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Білімнің ұшқырлығын танып сен,
Асып - тасып, асықпа, қалыспа сен!
Уақыт деген зымыран, зулап жатыр,
Шапшандық бұл сайыста қажет екен, - деп
4 – бөлімді бастайық «Бәйге». Бұл бөлімде топтар берілген түсті конверттерді таңдап, ішіндегі берілген сұрақтарға жауап береді, әр сұрақтың дұрыс жауабына 5 ұпай беріледі.
Сары конверт сұрақтары:
1. Баспа құрылғысы (принтер)
2. Компьютер теледидары (монитор)
3. Үлкен темір қорап (жүйелік блок)
4. «Компьютердің атасы» деп кімді атаған? (Ч.Бэббидж)
5. Зиянкес бағдарлама (вирус)
Қызыл конверт сұрақтары:
1. Бүкіләлемдік желі (интернет)
2. Компьютердің негізгі құрылғысы (жүйелік блок)
3. Дербес компьютердің кішкентай құрылғысы (тышқан)
4. Дыбыс естілетін қорап (колонка)
5. Компьютерді вирустан қорғайтын бағдарлама (антивирус)
Жасыл конверт сұрақтары:
1. Көп батырмалы құрылғы (пернетақта)
2. Windows қандай жүйе? (операциялық)
3. Ең кіші өлшем бірлік? (бит)
4. Информатика пәні қай сыныптан бастап оқытылады? (5 - сыныптан)
5. Корзинаның қызметі (жойылған файлдарды жинау)
Осымен 4-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Мәңгі бақи есте қалар,
Ғажайып бір кеш болсын.
Білімдірек шәкірт озар,
Қиынырақ тапсырма болса, – деп
5 - бөлімді бастайық «Мақал – сөз мәйегі». Бұл бөлімде топтарға информатикаға байланысты аударылған мақалдар беріледі, сол мақалдардың дұрыс жағын айту керек, дұрыс аударылған мақалға 5 ұпай беріледі. Мысалы, Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)
1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)
2. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)
3. Білмесең, «анықтама» - дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)
4. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)
5. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)
Осымен 5-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Келді кезек полиглотты шешуге,
Жауаптарды аударуға үш тілде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
5 ұпай шәкірт саған несібе, - деп
6 - бөлімді бастайық «Полиглот». Топтар берілген сұрақтарға жауап беріп, жауапты үш тілде айту керек, үш тілде жауап берсе 5 ұпай, екі тілде 4 ұпай, бір тілде 3 ұпай беріледі.
1. Бір байтта қанша бит бар? (сегіз, восемь, эйт - eight)
2. Жойылған файлдардың қапшығы (себет, корзина, basket)
3. Файлдарды ашқан кезде, не шығады? (терезе, окно, window)
4. Монитордың неше түрі бар? (үш, три, фри - three)
5. Адам көмегімен басқарылатын құрылғы (тышқан, мышка, маус - mouse)
6. Файлдардың жиналған жері (қапшық, папка, folder)
7. Ақпаратты компьютерге енгізетін құрылғы (пернетақта, клавиатура, keyboard)
8. Word бағдарламасында кестені не арқылы жасаймыз? (қарындаш, карандаш, pencil)
9. Word қандай бағдарлама? (мәтіндік, текстовый, text)
10. Мәтіндік бағдарламаға не қоюға болады? (сурет, картинки, pictures)
Осымен 7-бөлім аяқталды әділ-қазылар алқасы топтардың ұпайларын санап, қорытындысын айтуын сұраймыз.
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сіздердей өренді
Жеңістің мынау шыңына, – деп
7 - бөлімді бастайық «Адасқан әріптер». Бұл турда оқушыларға әріп орындары ауысып кеткен сөздер беріледі. Әр топ әріптерді орындарына қою арқылы компьютер құрылғыларының аттары мен информатика пәніне қатысты термин сөздер шығару керек. Әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан беріледі (ал орындау уақыты 1минут). Топтарға 6 сұрақтан берілген.
«Компьютер» тобы «Пернетақта» тобы
1. ПОМКРЕТЬЮ - компьютер 1. НИРПЕРТ - принтер
2. ДЕМОМ - модем 2. КРАСЕН - сканер
3. ЛАЙФ - файл 3. СОРЕСЦПРО - процессор
4. РИНОМОТ - монитор 4. БМАУ - бума
5. АТЕКИСД - дискета 5. ВРЕДАЙР - драйвер
Осымен бұл қызықты тамамдасақ,
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ?
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы да үйренеміз аман болсақ!
8 - бөлімді бастайық «Жақсы сөз - көңіл құлпын ашатын кілт». Бұл бөлімге топ басшылар ғана қатысады. Тақтаға бір сөз ілінеді (Ақпараттандыру), сол сөзден 5 минут ішінде мағынасы бар қазақша-орысша сөздер құру керек, топ басшылар қанша сөз жазады, сонша ұпай алады.
Осыменен бұл ойынды тамамдасақ
Бұл жайды айтамыз ба жаман болсақ,
Үйрендік білмегенді осы жолы,
Тағы үйренеміз аман болсақ
Шыңымыз биік болар, білім қусақ
Жетпесіңе жеткізген,
Қызықты уақыт өткізген.
Бар ғылымды сыйдырып,
Білетіні көп бізден.
Жаңалықтың жаршысы,
Жұртты елең еткізген
Информатикаға мың алғыс!-деп әділқазылар алқасына сөз береміз.
(топтардың қорытынды ұпайларын санап, жеңімпазды анықтайды, марапаттау рәсімі).
Достарыңызбен бөлісу: |