«Қызықты химиялық тәжірибелер алаңы»
1-ші тәжірибе. Ыдыстағы гүл шоғы
2-ші тәжірибе. «Ерітіндінің түсін өзгерту»
3-ші тәжірибе. «Майшамды үрлемей өшіру»
4-ші тәжірибе. Химиялық ірімшік
5-ші тәжірибе. «Шақпақ қантты қалай жағуға болады?»
6-шы тәжірибе. « Фараон жыланы»
7-ші тәжірибе. Қауіпсіз жанартау
8-ші тәжірибе. « Стакандағы лава»
9-шы тәжірибе. Отсыз түтін
10-шы тәжірибе. Қауырсындағы бриллианттар.
11-тәжірибе. Жанбайтын орамал
12-тәжірибе.Құпия жазу
13-тәжірибе. Түсін өзгерткіш гүлдер
14-тәжірибе. «Тосап – индикатор»
15-тәжірибе. «Жасырын жазу»
1-ші тәжірибе. Ыдыстағы гүл шоғы
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
крахмал клейстері
иодтың спирттегі тұнбасы
аузы жабылатын банкі
қағаздан жасалған гүл
тамшуыр
Тәжірибе барысы:
К рахмал клейстері сіңірілген қағаздан гүл жасаңыз және ол гүлді қақпағы бар шыны банкінің ішіне орналастырыңыз. Гүлді әдемі көрінетіндей етіп тікейтіп қойыңыз. Сосын банкінің ішіне бірнеше тамшы йодтың спирттегі тұнбасын тамызыңыз.
Сосын банкінің қақпағын мықтап жауып қойыңыз. 20-30 минут өткеннен кейін гүлдің күлтелері көк түске боялады. Мұндай түске крахмал йод қатысында ие болады. Себебі, спирт ұшып кеткеннен кейін йод банкінің барлық жеріне таралады.
2-ші тәжірибе. «Ерітіндінің түсін өзгерту»
Қажетті реактивтер мен құрал-жабдықтар:
бриллиант көгі(зеленка)
тамшуыр
су
сутегі асқын тотығы (перекись водорода)
күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш сұйықтық
сынауық
Суға зеленканың бірнеше тамшысын тамызамыз,жасыл түсті ерітінді пайда болды.Оған сутегінің асқын тотығын бірнеше тамшысын қосамыз. Оның үстіне күйдіргіш натр немесе кәріз тазалағыш сұйықтың бірнеше тамшысын тамызамыз. Біраз уақыттан соң ерітінді түссізденеді.
Достарыңызбен бөлісу: |