Синтаксисті оқыту əдістемесі
А.Байтұрсыновтың қазақ тілі синтаксисі туралы
тұжырымдары оны оқыту жөніндегі соны пікірлер
болып табылады. Тілші синтаксистің теориясын
бір жүйеге түсірумен қатар, оны меңгертудің
жолдарын ұсынды.
Қ.Жұбанов сөйлеу сөйлемдер арқылы жүзеге
асатынын дəлелдеп, «сөйлем бір сөзден де,
бірнеше сөзден де құралады» дей келіп, жай
сөйлемнің грамматикалық сипатының бірдей
емес екенін анықтады.
Қазақ тілі синтаксисінің методикасы- жас
буындарға тіл ғылымының озық табыстарының
негіздерінде сөз тіркесі мен жай жəне құрмалас
сөйлемдерден, қазақ тілі пунктуациясынан терең,
жүйелі, берік, саналы білім беру жолында
қолданылатын ең тиімді əдістер мен тəсілдердің
жиынтығы.
С.Жиенбаев сөйлем мүшелерін жіктеу мен
олардың арасындағы байланысқа жəне құрмалас
сөйлем мəселесіне жан-жақты тоқталса, С.
Аманжолов жай сөйлем синтаксисі мен құрмалас
сөйлем синтаксисін оқыту мəселесін қамтыды.
И.Ұйықбаев «грамматикалық ережелерді білмеу,
сөйлемдегі мағыналық қарым-қатынастарды
түсінбеу орфографиялық қателерге»
соқтыратынын дəлелдеп, диктанттың түрлеріне,
олардың атқаратын рөліне тоқталып, сызбалар
мен үлестірме қағаздарды ұтымды қолданудың
жолдарын ұсынады
Д.Əлімжанов пен Ы. Маманов «тіл фактілерін
түсіндіруге пайдаланылатын материалдар,
алдымен, тілден өтілетін материалдарға сəйкес
болу» керектігіне мəн берді.
Қазақ тілі синтаксисі методикасының
мазмұны мыналарды қамтиды:
Синтаксистен орта мектеп оқушыларына берілетін білім
көлемін белгілеу.
Синтаксистен берілетін білімнің танымдық жəне тəрбиелік
мəнін ашу.
Синтаксисті оқыту əдістері мен тəсілдерін анықтау.
Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін негізгі
жұмыстардың, жазба жұмыстарының, жаттығу
жұмыстарының түрлерін белгілеу.
Синтаксисті оқытуға байланысты жүргізілетін
негізгі жұмыстардың, жазба жұмыстарының,
жаттығу жұмыстарының түрлерін белгілеу.
Диктант жазу түрінде орындалатын жұмыстар.
Əдеби мəтіннен сабақтас құрмалас сөйлемдерді теріп
жазу.
Берілген схемаға сүйеніп, сабақтас құрмалас сөйлем
жасау.
Жай сөйлемдерден сабақтас құрмалас сөйлем жасау.
Бірыңғай баяндауышты жай сөйлемді, сабақтас құрмалас
сөйлемге айналдыру.
Көп бағыныңқылы сабақтасты екі компонентті бірнеше
сабақтас құрмалас сөйлемге айналдыру.
Тыныс белгісінің схемасына қарап, сабақтас құрмалас
сөйлемнің түрін ажырату.
Синтаксисті оқытқанда, оқушыларға сөйлем, сөйлемнің
мағыналары мен құрылысы, сөздердің сөйлемге тіркесу
жолдары түсіндіріледі. Синтаксисті оқыту жұмысы
түрліше əдіс, жаттығу арқылы іске асырылады.
Сабақтың құрылысына, материалдық ерекшелігіне қарай
кей мағлұмат мұғалімнің түсінік сөзі арқылы, кейбірі
оқулықпен жұмыс жасау жолымен меңгертіледі.
Оқушының алған білімін жатығулар орындату жəне өз
бетінше жұмыс істеуге ерекше ықылас қойған жөн.
Баланың оқу-танымдық əрекетінің белсенділігі, дербес
əрекеті оқу тапсырмалары негізінде ұйымдасады.
Қазақ тілінің синтаксис саласын дамыта оқыту
арқылы оқушылардың зейінін, ойын, тілін
дамытуға мүмкіндік туатынын, Барлық жұмысты
басқарушы мұғалімнің өзі болады. «Кейбір сөз
басқа сөзді я сөз тізбегін анықтап, толықтап,
пысықтап немесе түрліше қиюласып, бірін-бірі
керек ету жолымен байланысады.
Синтаксистің əр саласы туралы теориялық
материалдардан кейін практикалық жұмыстарды
«өлеңмен жазылған сөйлемдерді өлеңсіз түрге
айналдыру; сөйлем ішіндегі мүшелерін айырту;
сөйлемнің қажет болған түрлерін білім
алушылардың өзіне тапқызу» түрінде беріп,
сөйлем мүшелерінің қай сөз табынан болатынын
нақты мысалдар арқылы дəлелдеді
Синтаксис пəні студентке сөз тіркесінің, сөйлем мен
мəтіннің ерекшелігі мен өзіндік қолданысын үйретіп, сол
арқылы олардың сөйлеу қабілетін жетілдіруді көздейді.
Бұл Қазақстан Республикасының бiлiм берудi дамыту
тұжырымдамасының: «Қазiр педагогикалық
қоғамдастықтың алдында бiлiм берудiң жаңа моделiн
құрудың, сынақтан өткiзу мен енгiзудiң ауқымды
мiндеттерi тұр.
Синтаксисті қатысымдық-танымдық тұрғыдан оқытудың
қайнар көзі ХХ ғасыр басында қазақ топырағында ұлтты
тану мен сапалы білім берудің тың үлгісін жасаған
отандық ғалымдардың əдістемеге қатысты ой-пікірлері,
еңбектері зерделеніп, олардың оқыту үдерісіне қатысты
білім беру жолдары технология түрінде дəйектелді.
Достарыңызбен бөлісу: |