Ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз Нұралы хан оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Патша казак әскерінің озбырлығына қарсылықты басқарған, бағыт бергендердің ішінде старшындар Қадыр, Садыр және басқа орта буынға жататын ру билеушілері. Алайда ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық танысған басшысы Байбақты руынан шыққан старшыны, батыр Сырым Датұлы болды.