Сырнайын ақын Нартай қолына алсын



Дата09.12.2021
өлшемі12,4 Kb.
#78618
Байланысты:
Бекжан мақала


Бесік жырын тыңдап өскен бала, жырға құмар болып өсетіні айқын. Сүтпен келген қасиет сүйекке сіңіп, келешекте сыртқа шығатыны белгілі. Киелі Шиеліден, оның ішінде өнерлілер ордасына айналған Жиделі ауылының еңбектеген баладан, еңкейген қартына шейін дарынды. Соның бір көрінісі жақын арада тағы орын алды. Алматы қаласында Мұқағали Мақатаев атындағы «Жырлайды жүрек» атты Халықаралық балалар мен жасөспірімдер арасында ән-жыр байқауы өтті. Байқауға №206 Жиделіарық орта мектебінің даярлық тобының тәрбиеленушісі Апбас Гауһар қатысқан болатын. Он жанр бойынша өткен жарысқа бүлдіршін топқа еліміздің түкпір-түкпірінен 30 оқушы қатысып, Гауһар Бас жүлде иеленіп, ауданымызға сүйіншілеген болатын. Жүлдегерге диплом, кобок, медаль табысталса, жетекшісі Жарылқасынова Меруерт пен мектеп директоры Өмірәлиев Асылхан Алғыс хатпен марапатталды. Мұзбалақ ақынның «Отан», «Арыз жазып кетейін» атты екі өлеңін жатқа айтып, топтан дара келді. Тек бұл байқауда ғана емес, тілі шыққаннан тақпақтарды көп жаттап, қараған адамды тамсандырып жүретін. Бүлдіршін кезінен бәйгенің алдынан кеп жатса, болашағынан көп үміт күттіретіні анық. Бүлдіршініміз алдағы уақытта өмір мен өнер бәйгесінде сүрінбей, талабына нұр жаусын. Тек сәттілік тілейміз.

Сырнайын ақын Нартай қолына алсын

Жаңғыртып аспан атын әнге салсын

Құбылтып құйқылжытып шырқағанда

Шарықтап түстік жерге дауысым барсын
Көңілім қыран құстай аспандады

Ән жырым өнер болды жастан маған

Бойыма біткен өнер ау шыдатпады

Қаумалап келгеніңде достар маған ига гаг гагай


Бекімес қайнар бұлақ қатқанменен

Үстіне тау көтеріп артқанменен

Шегінің жатағына жан жуымас

Көрінбей жасырынып жатқанменен


Бәрібір қалыбынан аса алмайды

Жауқазын ерте гүлдеп шашқанменен



Белгілі қазағымның нартай едім

Жаңғыртып ән салатын аспанменен ига гаг агагй

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет