11-тақырып. Рухани жаңғыру және қоғамдық-саяси дамудың келешегі
Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірін демократияландыру және жаңарту. Саяси партиялар мен Қазақстанның партиялық жүйесі. ҚР-ның саяси партиялар туралы Заңы және оның маңызы. «Қазақстан – 2050» стратегиясы мен «Нұр Отан». «Нұрлы болашақ жолында» атты Саяси доктрина - «Нұр Отан» партиясының көшбасшылығының кешенді бағдарламасы». Азаматтық қоғамның және оның саяси және қоғамдық институттарының дамуы. Үкіметтік емес ұйымдардың, кәсіподақтардың, азаматтық қоғам институттарының дамуы. Іші Азаматтық форум және оның маңызы. Демократиялық үрдістің дамуы. Парламентке сайлаудың пропорционалды жүйесін енгізу, партиялық тізім бойынша сайлаудың нәтижелері. ҚР-ның ақпараттық саясаты, БАҚ-тың дамуы. Қазақстан Республикасының Ұлттық кеңесінің қызметі. Азаматтық қоғамды одан ары демократияландыру және дамыту бойынша ұсыныстар әзірлейтін тұрақты жұмыс істейтін Кеңес ұйымдастыру. Демократияландыру және азаматтық қоғам мәселелері бойынша Ұлттық комиссияның қызметі. Құқық қорғау және сот органдарының қызметін жетілдіру. 2003 жылғы 2 желтоқсандағы азаматтық және саяси құқықтар туралы пакт және оны жүзеге асыру. Қазақстан Президенті жанында адам құқықтары жөніндегі Комиссияның құрылуы және оның қызметі. ҚР-нда адам құқы жөніндегі өкілетті институттың (Омбудсмен) енгізілуі. Өлім жазасына мораторий енгізу. Қазақстанның экономикалық, әлеуметтік, мәдени құқықтар, азаматтық және саяси құқықтар туралы Халықаралық пактілерді бекітуі. Заңдарды ізгілендіру. Саяси реформалардың жалпыұлттық бағдарламасы. Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту тұжырымдамасы: мақсаты мен міндеттері. Қазақстандық бірегейлік пен бірліктің іргетасы – мәдени, этностық, тілдік және діни әралуандылыққа негізделген жалпыұлттық құндылықта. Тұжырымдаманы іске асыру тетіктері. Азаматтық бірегейлік пен бірлікті қалыптастыру саласындағы әлемдік тәжірибе. Президент Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы: «Қазақстан экономикалық, әлеуметтік және саяси жедел жаңару жолында». ҚР жастар саясаты және рухани жаңғыру бағыты. Жастар істері бойынша саясаттың негізгі бағыттары. «Нұр Отанның» жастар қанатының қызметі. Жастарды патриоттық және интернационалдық рухта тәрбиелеу. 2004 жылғы «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясаты туралы» заңы. Жастардың рухани, мәдени, бiлiм алуы, кәсiби қалыптасуы мен дене тәрбиесiн дамытуы үшiн әлеуметтiкэкономикалық, құқықтық, ұйымдастырушылық жағдайлар мен кепiлдіктер жасау, бүкiл қоғам мүддесi үшiн олардың шығармашылық әлеуетiн ашу. ҚР-ның жастар саясаты туралы «Қазақстан – 2020» даму бағдарламасы. Қазақстанда жаңа конфессионалдық шындықтың қалыптасуы. Дін тұту бостандығының заңмен қамтамасызетілуі және Қазақстандағы конфессияаралық келісім. Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы (ҚМДБ). Астанадағы әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының 2003 ж. 1-ші съезі, 2006 ж. 12-13 қыркүйектегі ІІ съезі, 2009 ж. 1-2 шілдедегі ІІІ съезі. Қауіпсіздік мәселелері контексіндегі Қазақстанның конфессионалдық саясаты.
Достарыңызбен бөлісу: |