2-тақырып. Қазақстандағы тәуелсіздіктің тарихи алғышарттары: ұлттық мемлекет құру идеяларының кезеңдері:
ХХ ғасыр басындағы Қазақстандағы әлеуметтікэкономикалық жағдай. Ішкі Ресейден орыс және басқа еуропалық тұрғындарды қазақ жеріне қоныстандырудың қарқын алуы, экспедициялық зерттеу жұмыстарының жүргізілуі, қоныстандыру мекемелері жүйесінің құрылуы, қоныс аудара келгендерге жасалған қолдау. Қазақ қоғамының дәстүрлі шаруашылығындағы өзгерістер. Аграрлық қатынастардың шиеленісе түсуі. Қазақ жерінде өнеркәсіп ошақтарының қалыптасу ерекшеліктері және оның отарлық сипаты. Транспорт. Сауда. Еуропалық капиталдың енуі. Өнеркәсіп орындарындағы жұмысшылардың әлеуметтік жағдайы. Қазақстандағы ХҮІІІ-ХІХ ғасыр басындағы отаршылдыққа қарсы ұлттық қозғалыстардың мақсаты, ерекшеліктері және тарихи сабақтастығы. Қазақ халқының ұлттық қозғалысының бастаулары. Ұлттық қозғалыс түрлерін сипаттау. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі, қызметі. Жәдидтік ағартушылық ойларының Ұлы Дала еліне ықпалы. Ресей империясының түрік-мұсылман халықтарының интеллектуалды элиталарының өзара ықпалдасуы. Қоғамда орталық биліктің атына арыз-тілектердің жазылуы. Қарқаралы петициясы. Орал және Торғай облыстарынан дін және жерге байланысты жазылған арызтілектер. Жер мәселесінің қойылуы. Бұл құжаттық материалдардың бағдарламалық сипаты. Мұсылмандардың қайырымдылық қоғамдары және олардың қызметі. 1905 жылғы 17 қазандағы патша манифесі. Қазақтардың Ресейдің І – ІІ Мемлекеттік Думаларының жұмысына қатысуы. Аграрлық мәселе және қазақ депутаттары А.Бірімжанов пен Б.Қаратаевтың сөздері. Ресейлік түрікшілдіктің доктринасы: қазақ ұлттық қозғалысының қалыптасуына әсері. Қазақ зиялыларының дума жанындағы мұсылман фракциясы құрамындағы қызметі. 1907 ж. 3 маусым заңы бойынша қазақтан депутат сайлау құқының жойылуы. Қазақ саяси тобы өкілдерінің жалпыресейлік мұсылман съездеріне (С.- Петербург, Н.- Новгород) қатынасуы. Империяның түрікмұсылман халықтарының консолидациясындағы «Иттифакэль-муслиминнің» (Мұсылмандар одағы) рөлі. Бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы Қазақ өлкесі. Қазақстандағы соғыс тұтқындары. Жалпыұлттық дағдарыстың пісіп-жетілуі. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс, оның себептері, қозғаушы күштері, басталуы, барысы және негізгі кезеңдері. 1916 жылғы көтеріліске қазақ зиялыларының көзқарасы. Тылдағы қара жұмысқа алынған қазақ жастарының жағдайы. Ә.Бөкейхановтың шақыруымен тыл жұмысындағы жастармен жұмысқа ұлт зиялыларының өз еркімен аттануы. Бұл азаматтық актінің салдары және тарихи маңызы. Көтерілістің жеңілу себептері және тарихи маңызы. Патша өкіметінің жазалау шараларының салдары. Қазақтардың Қытайға (Құлжа өлкесі, Қашқар), Ауғанстанға жаппай иммиграциясының алғашқы толқыны. Тәуелсіз Қазақстан тарихнамасында 1916 ж. көтерілісті бағалауға жаңаша көзқарастың қалыптасуы. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі. Уақытша өкіметтің жергілікті басқару органдарының құрылуы. Революциялық өзгерістерге байланысты ұлт-азаттық қозғалыстың жаңа міндеттері. Қазақ саяси басқарушы тобының Қазақ комитеттерін құруға байланысты шақырулары. Қазақ комитеттерінің құрылуы ұлттық мемлекеттілікті жаңғырту әрекетінің көрінісі. Облыстарда өткізілген қазақ съездері және оларда қаралған мәселелер. Ұлттық саяси топ өкілдерінің Уақытша өкімет органдары құрамындағы қызметі. 1917 жылдың жазындағы саяси дағдарыс. Шілдедегі Жалпықазақ съезі және оның Алаш партиясын құру туралы шешімі. Партияның бағдарламасы. Жалпыресейлік Құрылтай Жиналысына депутаттар сайлау, Алаш партиясының жеңісі. Жаңа заман дәуіріндегі ұлттық идея, ұлттық мемлекеттіктің қалыптасу эволюциясы. ЮНЕСКО шешімімен Алаш қозғалысының көшбасшысы Ә.Н.Бөкейхановтың 150 жылдық мерейтойының атап өтілуі. Алаш қозғалысының 100 жылдығы: ұлттық интеллигенцияның саяси, мәдениағартушылық қызметіне жаңа көзқарастың қалыптасуы