Пәннің қысқаша сипаттамасы
1-тақырып. «Математика тарихы»
Математика тарихының пәні. Математиканың басқа ғылымдармен байланысы. Математиканың дамуындағы практиканың маңызы.
2-тақырып. «Алғашқы математикалық ұғымдардың қалыптасуы »
Алғашқы математикалық ұғымдар. Алғашқы математикалық таңбалар, сандар жүйесі.
3-тақырып. «Математика ғылымының қалыптасуы»
Ертедегі Грециядағы алғашқы математикалық теория. Математиканың аксиоматикалық құрылуы.
4-тақырып. «Элементар математиканың дамуы»
Орта Азия мен Таяу шығыстағы халықтардың математикасы. Орта ғасырдағы Еуропа.
5-тақырып. «XVIІ ғасырдағы математиканың дамуы»
Математикадағы айнымалы шамалардың қалыптасу процесі. Аналитикалық және жоғары геометрияның пайда болуы.
6-тақырып. «XVIІІ ғасырдағы математиканың дамуы»
XVIІІ ғасырдағы математиканың жалпы сипаттамасы. Математика және механиканың дамуы.
7-8-тақырып. «ХІХ және ХХ ғасырдағы математиканың даму ерекшеліктері»
Алгебраның негізгі ұғымдарының пайда болуы. Математикалық анализдің дамуы. Евклидтік емес геометрияның пайда болуы.
Достарыңызбен бөлісу: |