Ситуативтік тест тапсырмасының техникалық спецификациясы тест атауы


Ситуативтік тест тапсырмаларының мазмұнына талаптар



бет2/9
Дата30.05.2020
өлшемі30,78 Kb.
#71706
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
SITUATIVTIK-TEST

4. Ситуативтік тест тапсырмаларының мазмұнына талаптар:

- ситуативтік тапсырма фабуласы құқық қолдану тәжірибесінің материалдарына негізделуі керек, оларды бақылау мақсаттарына лайықты өңдеуге және интерпретациялауға рұқсат етіледі;

- ситуативтік тапсырма кешенді болуға тиіс: фабуланың процесуалдық құраушысы, қолданылатын процессуалды институттар онда баяндалатын мән-жайлардың материалдық құқықтық саралануымен немесе халықаралық құқықтық қайнар көздермен не болмаса конституциялық құқықтық қайнар көздермен ұштастырылған болуы керек;

-ситуативтік тапсырманың Қазақстан Республикасының халықаралық, конституциялық, азаматтық, азаматтық іс жүргізу, қылмыстық және қылмыстық-процестік құқықтарының негізгі қайнар көздерін қолдануға негізделетін нақты, бір мағыналы шешімі болуы керек;

- ситуативтік тапсырма қиындық деңгейіне қарамастан, бакалавриаттың «Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдері)», «Қазақстан Республикасы Азаматтық іс жүргізу құқығы», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдері)», «Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу құқығы (Жалпы және Ерекше бөлімдері)» пәндерінің кез келген тақырыбын қамти алады;

-ситуативтік тапсырмасында бағаланушы адам өзінің білімін, дағдылығы мен қабілетін барынша толық көрсетуі үшін ситуацияны толық және тереңінен талдауға бағытталған, белгілі бір ізбе-ізділікте құрастырылған сұрақтар қойылады;

-ситуативтік тапсырма сұрақтарын материалдық және процессуалдық құқық бойынша жеке-жеке құрастыру керек;

- ситуативтік тапсырма сұрақтарын шешім қабылдау немесе әрекет ету үлгісін таңдау күйінде құрастыру керек, яғни қойылған сұрақтарға алған жауаптарының жиынтығы негізінде шешімін кешенді ойлау үлгісі;

- ситуативтік тапсырмаларға эталонды (дұрыс) жауаптар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға негізделуі және құқықтық ілім дамуының заманауи деңгейіне сәйкес болуы керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет