Сіз қандай ата-анасыз?
Сауалнама
№
|
Сұрақтар
|
Ия
|
Жоқ
|
1
|
Кез-келген ісіңізді тастай салып, баламен айналыса аласыз ба?
|
|
|
2
|
Балаңыздың жасына қарамай, онымен ақылдаса аласыз ба?
|
|
|
3
|
Балаңызбен қарым-қатынас барысында жасаған қателеріңізді мойындайсыз ба?
|
|
|
4
|
Өз қателігіңіз үшін балаңыздан кешірім сұрайсыз ба?
|
|
|
5
|
Балаңыздың ісі ашуландырған кезде, өзіңізді ұстап, ашуды жеңе аласыз ба?
|
|
|
6
|
Балаңыздың орнына өзіңізді қоя аласыз ба?
|
|
|
7
|
Бір сәтте сізге мейірімді адам деп сенуге болады ма?
|
|
|
8
|
Өзіңіздің басыңыздан өткен балалық шағыңыздан ескерілетін жағдай айтасыз ба?
|
|
|
9
|
Балаңыздың жүрегін жарақаттайтын сөздерді, сөйлем тіркестерін атамауға тырысасыз ба?
|
|
|
10
|
Балаңызға уәде беріп, жақсы мінез-құлқын ескере отырып, уәдеңізді орындайсыз ба?
|
|
|
11
|
Балаға қалаған ісін жасауға, өзін ұстауға кедергі жасамай бір күн еркіндік бересіз бе?
|
|
|
12
|
Басқа бала сіздің балаңызға дөрекілік көрсетсе, себепсіз ренжітсе көңіл аудармайсыз ба?
|
|
|
13
|
Балаңыздың көз жасы, дөрекі еркелеуі уақытша екенін білесіз, соған қарсы тұра аласыз ба?
|
|
|
Жауабы:
1.Әрқашан жасаймын,келісемін - 3 ұпай
2.Кейде ғана келісемін - 2 ұпай
3.Келіспеймін - 1 ұпай
0-16 - Бала тәрбиесі - сіз үшін үлкен проблема. Бала тұлғасын дұрыс қалыптастыру
үшін педагог немесе психолог мамандардың көмегіне сүйеніңіз.
17-30 - Балаға қамқорлық жасау - бірінші кезектегі маңызды іс. Сіздің бойыңызда
тәрбиелік қабілет бар, тәжірибеде әрқашан бір қалыпты, бір бағыттағы мақсатпен
әрекет етесіз. Кейде қатал, кейде мүлдем жұмсақсыз. Сізге жауапкершілікпен ойлану керек.
31-39 - Бала сіздің өміріңіз үшін ең құнды болғаны. Сіз балаңызды тек
түсініп қана қоймай, әрі ойын тануға, сыйлы көзбен қарауға тырысасыз.
Ата-анаға айтылар ұсыныс
«Баланы 5-ке дейін патшадай көтер,
15-ке дейін құлындай жұмса,
15-тен кейін досыңдай сыйла»
1. Бала тәрбиелеу - бесіктен басталады. Ендеше оған әрдайым көңіл бөліп,сергек қараңыз. Қателігін зекіп, ұрысып немесе ұру арқылы түзетуге тырыспаңыз.
2. Таңертен сабаққа барарында баланы жайлап қана оятыңыз. Сіздің биязы үніңіз бен күлкіңіз-ақ ұйқысын ашуы тиіс.
3. Егер балаңыз сабақтан кешігетіндей болып жатса, онда «Бол да бол» деп айғайламаңыз. Оны ертерек оятпаған өзіңіз кінәлісіз.
4. «Бұзық болма», «Қисалаңдамай тыныш жүр», «Бүгін 2 алсаң құртамын» деген ескертулерді жиі айта бермеңіз. Керісінше, оған жылу сыйлап, жақсы баға алып келуіне тілектестік жасаңыз.
5. Есіктен кірмей жатып, «Бүгін қандай баға алдың?» деп бас салып балаңызды сұрақтың астына алмаңыз. Мектептен келген балаңызды көңілді қарсы алыңыз, оның сабақтан шаршап келгенін ескеріңіз.
6. Бала бірдеңеге ашуланып жүрсе, үндемеңіз. Сабасына түскен соң, ол болған жайды өзі-ақ айтады.
7. Мектептен келе сала баланы отырғызып қойып, сабаққа дайындалтпаңыз. Олар да 2-3 сағатойнап, демалған жөн, түсте ұйықтап тынықсын. Бесін мезгілі - сабаққа әзірленудін сәтті кезі.
8. Сабаққа әзірленіп жатқан баланың желкесінен төніп тұрмаңыз. Дөрекі сөйлемеңіз. Одан да көмектесіп, бірлесіп дайындалыңыз.
9. «Егер сен осы сабақты орындамасаң» деп басталатын тәртіпке шақыру баланың жүйкесіне әсер етеді. Одан да өзіңіз кірісіп, жайлап жетектеп отырыңыз.
10.Күнде жарты сағат ештеңеге алаңдамай балаларыңызбен емін-еркін, жақын тартып, әңгімелесіп тұрыңыз.
11.Балаңыздың көңіл-күйі нашар болса, онда бірден назар аударыңыз. Ол сабақтан зорығуы мүмкін.
12.Егер балаңыз айтқаныңызды тыңдамайтын болса, онда ұстазымен, психолог маманымен,дәрігермен кеңесіңіз.
13.Өз балаңызды дос санаңыз: білімін толықтыруға көмектесіп, жақсы ісін бағалай біліңіз. Шамамен тыс қатал, керісінше тым көңілшек болмаңыз. Нақты шешім ғана баланы қателесуден сақтандырады.
14.Отбасыңыздағы ұрыс-керіс балаңыздың жүйкесін жұқартады. Баламен бірге отырған жердеқұпиялы әңгімен айтпаңыз.
15.Балаңызға уәде берсеңіз орындаңыз. Кемшілікті байқамауға тырысыңыз. Баланың көзінше өзгені сынамаңыз.
16.Тәрбие ісінде өзіңіздің жауапты екеніңізді ұпытпаңыз, баланың өтінішін үнемі орындай бермеңіз.
17.Баланы өзгелерге де көмектесіп тұруға баулыңыз. Оған шыдамды болуды үйретіңіз.
Бала қабілетінің даму деңгейін анықтауға
ата-аналар үшін анкета
Осы анкетаның көмегімен дарындылық дәрежесін бағалауға болады және сіздің балаңыздың талаптылығын қандай да бір қызығулардың көріну аймағымен байланыссыз бағалауға болады. Ол үшін дарынды және талантты балалрға сипаттамалардың тізімін ұсынамыз. Анкета сұрақтарына «иә» және «жоқ» деп жауап беру қажет.
Дарындылықтан гөрі қабілетті.
1. Менің балам жылдам қозғалады, еті тірі, инициатившіл.
2. Ол барлық жаңалыққа пікір айтуға дайын.
3. Барлық жұмбақтанған және түсініксіздерді жақсы көреді.
4. Ересектердің қолдауын жиі қажет етеді.
5. Бастаған ісін едәуір жеңіл ауыстырады және тастап кетеді.
Дарынды.
1. Оның қызығуы айтарлықтай тұрақты.
2. Оның білім құмарлығы тұрақты.
3. Қиын сұрақтарды шешуді және бағыт беріп отыруды жақсы көреді
4. Үлкендердің пікіріне жиі келіспейді.
5. Өзінің көзқарасында тұрады және оны табандылықпен қорғайды.
6. Бастаған ісін әрқашан соңына дейін жеткізеді.
7. Пәнге немесе белгілі сабақ түріне ерекше бейімділігі бар.
8. Алдағы мақсатқа жетуге қайсарлық танытады.
9. Өз құрбыларының арасында көп достары бар.
10. Оны қызықтыратын пәндер бойынша, көп сұрақтар қояды (сабақ үстінде де)
11. Жиі өзімшіл болады.
Нағыз дарындылық
1. Білім берудіі көптеген аймағында, өнерде, музыкада, шығармашылықта өзінің дарындылығын көрсетеді.
2. Ересек жастағылардан бір, көп болса екі досы бар.
3. Оның тілі өте дамыған, үлкен сөздік қорымен сипатталады, тілдің азғана өзгешеліктерін терең түсінеді
4. Әрқашан өз бетінше шешім іздейді.
5. Даулы сұрақтарды өзінің пікірінде тұрады, жалпы қабылданған пікірьлерді ұнатпайды.
6. Қиын жағдайларда өзіне жауапкершілікті алады.
7. Қоршағандарға «жасы бойынша емес» ересек көрінеді.
8. Өз мүмкіндіктерін, мінез ерекшеліктерін және өзінің мойындағандарын жақсы біледі.
9. Гуманитарлық және техникалық аймақтарда бірдей дарынды.
Осы тоғыз сұрақтардан жағымды жауаптар алынса, сіздің балаңыз дарынды.
Достарыңызбен бөлісу: |