(ата-аналарға арналған тренинг сабақ) Мақсаты: Ата-аналарға баланың мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері, бала тәрбиесіндегі отбасы қарым-қатынасының ролі, ата- ана ескеруге тиісті жағдайлар жөнінде түсінік беру арқылы ата-аналардың психологиялық біліктілігін арттыру.
Түрі: тренинг сабақ
Қатысушылар: 1- сынып ата- аналары.
Қажетті заттар мен құралдар: А-4 форматтағы қағаз, қалам, жаттығуларға арналған парақтар слайд
Өту барысы: 1. Кіріспе. тренинг сабақтың мақсатын түсіндіреді.
2. «Сіз қандайсыз?» жобалау тесті. Ата –аналар сурет салады және соны бағалау өз араларынан өтеді.
Психолог : -Құрметті ата- аналар! Бүгінгі біздің тренинг сабағымыз баланың мектепке бейімделуі жөнінде болғандықтан, сіздер де мектептегі өміріңізді еске түсіріп көріңіздер. Мен сіздерге сұрақтар қоямын, егер «иә» деп жауап бергіңіз келсе, қолыңызды көтеріңіз.
1)Кім тақтаға шығып жауап бергенді жақсы көретін еді?
2) Кім өзінің алғашқы ұстазын жақсы көретін?
3) Кім бір күнге бірінші сынып оқушысы болғысы келеді?
4) Кімге ән сабағы ұнайтын?
5)Кім мектепте өлеңді жатқа айтуды ұнататын?
6) Кімнің жазуы түзу болды?
7) Кім бір рет те болса дәптерін, оқулығын үйге тастап кеткен жоқ?
8) Кімнің бірінші сыныпта тәртібі үлгілі болды?
9) Кім бірінші сыныпта оқу білді?
10) Кімге оқу демалыстан артық ұнайтын еді?
11) Кім ешқашан екі алып көрген жоқ?
12) Кім балалық шағында мұғалім болғысы келді?
13) Кім осы уақытқа дейін өз сыныптастарымен қатынасып тұрады?
Ойын: Баланың қамқоршысы (мектепте балаға қиындық туғанда ата-ананың беретің жауабы) Сурет салу. Үй жануарлары және құстар (сурет салу барысында өзара бағалау)