Сіздің болжам диагнозыңыз?



Дата04.01.2022
өлшемі9,25 Kb.
#109144
Байланысты:
ЕСЕП 7.-WPS Office


ЕСЕП 7.

50 жастағы әйел, дем алғанда күшейетін кеудесінің оң жақ бөлігінің ауырсынуына, дене қызуы 380С көтерілуіне, әлсіздікке, екі аптадан асқан қақырықты жөтелге, ентігуге, түнгі тершеңдікке шағымданады. Үш апта бұрын суықтап ауырған. Қарағанда: жалпы жағдайы орта ауырлықта. Тері, кілегей қабаттары таза, ылғалды. ТАЖ 24 рет мин. Тыныс алуда кеуденің оң жақ бөлігі қалыңқы, оң жақ жауырын асты аймақта дауыс дірілі күшейген. Перкуссияда перкуторлық дыбыс қысқарған. Аускультацияда везикалық тыныс оң жақ жауырын асты аймақта әлсіреген. Жалпы қан анализінде: эр. 4,8x1012 \л, Лей. 15,2х109 \л Т\ядро нейтрофил 27% сегмент ядролы 58%. Лимф. 10% Моноцит 5% ЭТЖ 37 мм\сағ. Рентгенде: өкпенің оң жақ төменгі - латериальды бөлігінде қиғаш орналасқан гомогенді көлеңке анықталды.

Сіздің болжам диагнозыңыз?

Диагнозды дәлелдеу үшін тиісті тексеру әдістерін ата?

Зерттеу әдістерінде қандай өзгерістер болады?

ЖАУАБЫ:


1.Пневмония

Синдромдары :Дене қызыуының жоғарлауы (38-39 градусқа)

Ылғалды (қақырықпен) жөтел

Ентігу


Әлсіздік, тез шаршау

Тершеңді


Тәбеттің жоғалуы

Кейде науқастарда кеуде тұсында ауырсыну байқалады

Негізгі диагностикалық шаралар тізімі:

1. Қанның жалпы анализі.

2. Қанның биохимиялық анализі – креатинин, электролиттер, бауырлық ферменттер.

3. Микробиологиялық диагностика:

– грамм бойынша боялған жағындының микроскопиясы;

– қоздырғышты бөлу үшін қақырықты культуралды зерттеу жəне оның антибиотиктерге сезімталдылығын бағалау.

4. ЭКГ.

5. Екі проекциядағы кеуде клеткасының рентгенографиясы.

Қосымша диагностикалық шаралар тізімі:

1. Коагулограмма.

2. Артериалдық қан газдары.

3. Атиптік микрофлора бар жоқтығына қан ПЦР (хламидиялар, микоплазмалар, легионеллде, аспергиллдер, ЦМВ жəне басқа).

4. Гемокультураны зерттеу (түрлі венадан веноздық қанның екі сынамасын алу).

5. Атиптік микрофлораның бар жоқтығына қақырықты ПЦР (хламидиялар, микоплазмалар, легионеллалар, аспергиллалар, ЦМВ жəне басқа).

6. ANA, ENA, ANCA зерттеу.

7. Спирометрия.

8. Плевральді шығуды цитологиялық, биохимиялық, микробиологиялық зерттеумен плевральді пункция.

9. Жаңа түзінділерге күдік болған кезде сілемейдің биопсиясымен ФБС.



10. Туберкулезді, жаңа түзінділерді, иммунопатологиялық жəне басқа жағдайларды алып тастау үшін кеуде сегментінің КТ.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет