Нұсқау: «Сізге берілген бес жауап нұсқасындағы бір дұрыс жауапты таңдауға арналған тапсырмалар беріледі».
1. «Баба атын шығармаған жігерсіз ұл баба тілін бүгілткенше, бүгілтпегені игі» нақыл сөзінің авторын анықтаңыз.
A) Әбунасыр әл-Фараби.
B) С. Бақырғани.
C) Қорқыт.
D) Махмұт Қашқари.
E) Жүсіп Баласаұн.
|
2. Төрт түліктің бірі – түйенің иесін анықтаңыз.
A) Зеңгібаба.
B) Қамбарата.
C) Ойсылқара.
D) Шекшеката.
E) Шопаната.
|
3. Бұқар жырау шығармаларының өзекті тақырыбын белгілеңіз.
A) Билікке қол жеткізу
B) Ескілікті аңсау
C) Өзін-өзі мадақтау
D) Ел бірлігі
E) Ғашықтық
|
4. Абайдың «Қыс», «Жаз», «Жазғытұры» өлеңдерінің тақырыбын анықтаңыз.
A) Адамгершілік.
B) Достық.
C) Білім.
D) Өмір.
E) Табиғат.
|
5. 1911 жылы Орынборда шыққан Ахмет Байтұрсыновтың өлеңдер жинағын табыңыз.
A) «Қазақ салты».
B) «Қырық мысал».
C) «Қазақ қалпы».
D) «Маса».
E) «Досыма хат».
|
6. «Адамдық негізі – әйел», «Жетім» және «Қыр суреттері» шығармаларының авторын табыңыз.
A) З.Қабдолов.
B) Ә.Әлімжанов.
C) Ғ.Мүсірепов.
D) Ә.Әбішев.
E) М.Әуезов.
|
7. Әбунасыр Әл-Фараби "Өлең өнерінің қағидалары" кітабында ақындарды неше топқа бөлетінін анықтаңыз.
A) 5
B) 1
C) 4
D) 2
E) 3
|
8. «Қобыланды батыр» жырында батырға:
Осы бүгін естідім,
Жақын жерде бір шаһар
Көбікті дейтін ханы бар.
Жүрсең, соған барайық,
Жылқысын айдап алайық,
Қазаннан алған бұл малды
Баға тұрсын халайық,- деген сөзді айтқан адамды айқындаңыз.
A) Орақ.
B) Қараман.
C) Қызыл ер.
D) Алшағыр.
E) Көбікті.
|
9. Эпостық жырды табыңыз.
A) «Айман‑Шолпан».
B) «Қыз Жібек».
C) «Ер Тарғын».
D) «Ләйлі‑Мәжнүн».
E) «Қозы Көрпеш‑Баян сұлу».
|
10. «Еспенбет» дастанының авторын табыңыз.
A) Дулат.
B) Мағжан.
C) Шәкәрім.
D) Абай.
E) Шортанбай.
|
11. Абайдың ән құдіретін жырлаған өлеңін көрсетіңіз.
A) «Бойы бұлғаң».
B) «Кейде есер көңіл құрғырың».
C) «Өлсем, орным қара жер».
D) «Құлақтан кіріп бойды алар».
E) «Ғылым таппай мақтанба».
|
12. Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,
Жері ұзақ, күші алдында, өрен жүйрік,
Бітімі өзі айтып тұр жануардың,- деп, Құлагерге баға берген кейіпкерді анықтаңыз.
A) Диуана.
B) Жақып.
C) Бегайдар.
D) Күреңбай.
E) Батыраш.
|
13. Мүсілім, Күләнда – Жүсіпбек Аймауытовтың қай драмасының кейіпкерлері екенін табыңыз.
A) «Қанапия-Шәрбану».
B) «Шернияз».
C) «Рәбиға».
D) «Мансапқорлар».
E) «Амангелді».
|
14. Ғ. Мүсіреповтің «Ақан сері – Ақтоқты» атты шығармасының драмалық ерекшелігін табыңыз.
A) Водевиль.
B) Трагедия.
C) Скетч.
D) Комедия.
E) Музыкалы драма.
|
15. Ғабит Мүсірепов М.Горькийдің қандай новелласын аударғанын табыңыз.
A) «Ашынған ана».
B) «Өлімді жеңген ана».
C) «Ананың анасы».
D) «Ер ана».
E) «Ананың арашасы».
|
16. Үзіндіде көріктеуіш құралдың қай түрі қолданылғанын табыңыз.
|