Тақырып: Сызу кабинеті. Оқыту процесінің жабдықталуы
Сызу кабинеті – сызу сабағымен кластан тыс сабақтарды өткізуге арнайы жабдықталған бөлме. Жалпы білім беретін орта мектептерде типтік жобаға сәйкес сызу кабинетінің көлемі 58 – 80м2 ( шаршы метр) болуы керек. Көбіне сызу кабинеті бейнелдеу өнері кабинетімен бірге болады, сол себепті арнайы мектеп жиһазын таңдауға ерекше талап қойылады. Мектеп жиһаздары: стол, отырғыш, класс тақтасы, сызба столы, шкафтар, мектептер мен оқу құралдарын қоюға арналған сөрелер. Жиһаздардың конструкциясы, өлшемдері және класта орналасуы Студенттердің бір-біріне кедергі келтірмей, еркін тұрып-отыруына, құралдарын қоюға қолайлы болуы тиіс, ал Оқытушы - әр оқушыға жақынырақ келіп, көмектесуіне, көрнекіліктерді көрсете алатын болуы керек. Класс интерьріндегі әрбір элемент баланың психикасына әсерін тигізетіндіктен, қоршаған ортаны танып, әдемілік пен талғампаздыққа үйретуімен қатар, оқу процесіне тез икемделуіне септігін тигізуі керек.
Кабинеттің алдыңғы қабырғасына тақта, жәшіктер (таблица, құралдар салуға арналған) орналасуы керек. Тақта түсі қоңыр немесе қара-жасыл түс.
Сызу кабинетінің жабдықталуында Оқытушынің жұмыс орнының да маңызы бар. Оқытушы столы Студенттер столдарынан биігірек орналасуы мүмкін. Оқытушынің жұмыс орнына қойылатын талаптар: сабаққа қажетті материалдардың қол астында тұруы; оқытудың техникалық құралдарының дайын тұруы; Студенттердің жұмыс орнының тегіс көрінуі.
Сызу кабинеті барлық көрнекі құралдарымен, сонын ішінде модельдер, таблицалар, өндірістік сызбалар, оқулықтар, анықтама құралдары, кинофильмдер, диафильмдер, карточка- тапсырмалармен жабдықталуы керек.
Нәрселердің әр түрлі кескіндері, өндірістік объектілер, оқу процесінде қолданылатын арнайы дайындалған модельдер – көрнекі құралдар тобын құрайды. Экрандық дыбыстық-техникалық оқу құралдары мен оларды көрсетуге арналған қондырғылар оқытудың техникалық құралдары тобын құрайды.
Оқу құралдары қолданылу аясына қарай кластағы фронталь жұмысқа арналған (таблицалар, модельдер, кино, диафильмдер, т.б) және Студенттердің өздік, кластан тыс жұмыс жасауына арналған (оқулықтар, анықтамалар, тапсырмалар жинағы, таратуға арналған дидактикалық материалдар, т.б) болып бөлінеді.
Сызу кабинеті құралдармен, жабдықтаумен қатар, эстетикалық талаптарға сәйкес безендірілуі тиіс. Басты көңіл кабинеттің қабырғаларының түсіне бөлінуі керек. Ашық жасыл, ақшылт сұр түстер адам көзіне жақсы әсер етеді. Қабырға түсі жиһаздар мен стендтер түсіне сәйкес болуы керек.
Тақырыптық стендтер бүйір қабырғада орналасады. Стенд биіктігі бір метрден аспауы тиіс. Тақтаның сол және оң жағында екі планшет; бірі – «Бүгін сабақта» деген тақырыппен, екіншісі – оқушуларға сызуға оқу барысында қажетті ақпараттар (негізгі жазу, өлшемдерімен, сызба шрифтілері, шартты белгілер т.с.с ) жазылуы керек.
Оқытудың техникалық құралдарын оқу процесінде дұрыс пайдалану Студенттердің білімін тереңдете түседі.
О.т.қ – техникалық қондырғылар (проекциялық, кинопроекциялық аппаратура), сонымен қатар олармен көрсетуге арналған дидактикалық материалдар.О.т.қ ақпараттық, бақылау және үйрететін болып бөлінеді.
Ақпараттық техникалық құралдар Студенттерды сызуға оқытуда кеңінен қолданылады. Бұлар дыбыстық және көруге арналған (зрительные) болып бөлінеді. Оқу ақпараттардың қабылдаудың ең қолайлы тәсілі естіп көру болып табылады. (аудиовизуальды), кез-келген кескін түсіндірумен қоса жүреді, ал оқу материалын сызбалар, схемалармен иллюстрацияларсыз түсіндіру мүмкін емес.
Визуальды және аудиовизуальды техникалық құралдар олардың көмегімен көрсетілетін кескіндер типіне қарай статикалық және динамикалық проекция құралдары болып бөлінеді. Статикалық проекция құралдарына эпипроекция және диапроекция жатады.
Эпипроекция – иллюстрация беті арқылы жарық ағымының шағылу нәтижесінде алынған экрандағы кескін, ал диапроекция – мөлдір пленка бетіне салынған проекциаланатын объекті кескіні арқылы өткен жарық ағымы нәтижесінде алынған кескін. Осындай қасиеттері бар техникалық құралдар атына сәйкес эпипроекторлар және диапрокторлар деп аталады. Осы аппаратуралар ерекшеліктері қатар кездесетін техникалық құралдар эпидиаскоп деп аталады, олар экранға диапозитивтерді проекциалаумен бірге, қағазға орындалған иллюстрацияларды да проекциялауға мүскіндік береді.
Оқу киносы және телевидение оқытудың динамикалық ақпарат құралдарына жатады. Әртүрлі динамикалық процестер (диафильмдер мен диапозитивтер арқылы көрсету мүмкін болмайтын) көрнекі кинофильмдер көмегімен түсіндірілуі мүмкін. Мұндай жағдайда демонстрация қараңғыланған аудиторияда өтетіндіктен Оқытушы фильм жүріп жатқанда ауызша қосымша материалдармен толықтыра алмайтындығын ескеруі керек.
Бақылаушы техникалық құралдар Студенттер шығармашылығын ағымдағы, тақырыптық және қорытынды бақылау жасауға арналған. Бағдарламаланған бақылау машиналары берілген бірнеше жауаптың дұрысын табуға ыңғайлы.
Оқу процесінде техникалық құралдарды көрнекі құралдармен дұрыс байланыстыра қолдану қажет.
Көрнекі құралдар Оқытушы сөзіне сәйкес қолданылады.