Сүйек ұлпасы



бет1/2
Дата20.12.2021
өлшемі27,18 Kb.
#104255
  1   2
Байланысты:
722505779659 Сүйек ұлпасы
Дене шынықтыру 1 апта

Сүйек ұлпасы
Сүйек ұлпасы дәнекер ұлпаның бір түрі болып табылады және көптеген минералды тұздар, негізінен кальций фосфаты бар жасушалар мен жасушааралық заттардан тұрады. Минералды заттар сүйек ұлпаның 70%, органикалық заттар — 30% құрайды.

Сүйек ұлпасының функциялары:

1) тірек;

2) механикалық;

3) қорғаныс (механикалық қорғаныс);

4) ағзаның минералдық алмасуына қатысу (кальций және фосфор депосы).

Сүйек ұлпасының жасушалары - остеобласттар, остеоциттер, остеокласттар.

Қалыптасқан сүйек ұлпасының негізгі жасушалар - остеоциттер. Бұл үлкен ядросы мен әлсіз цитоплазмасы бар (ядролық типтегі жасушалар) жасушалар. Жасуша денелері сүйек қуыстарында (лакуналарда), ал өсінділері сүйек өзекшелерінде орналасады. Көптеген сүйек өзекшелері бір-бірімен анастомоз жасай отырып, сүйек ұлпасына еніп, периваскулярлық кеңістік арқылы сүйек ұлпасының дренаждық жүйесін құрайды. Дренаждық жүйеде ұлпа сұйықтығы болады, ол арқылы жасушалар мен ұлпа сұйықтығы арасында және жасушааралық затта да зат алмасу жүзеге асады.



Остеоциттер жасушалардың дефинитивті формалары және бөлінбейді, остеобласттардан түзіледі.

Остеобласттар тек дамып келе жатқан сүйек ұлпасында болады. Қалыптасқан сүйек ұлпасында олар әдетте сүйек қабында белсенді емес түрде болады. Дамып келе жатқан сүйек ұлпасында остеобласттар бір-біріне тығыз орналасып, әр сүйек тақтасын шеткі жағынан жабады. Бұл жасушалардың пішіні текше, призмалық және бұрыштық болуы мүмкін. Остеобласттар цитоплазмасында жақсы дамыған эндоплазмалық ретикулум, Гольджи кешені, көптеген митохондриялар бар, бұл осы жасушалардың жоғары синтетикалық белсенділігін көрсетеді. Остеобласттар коллаген мен гликозаминогликандарды синтездейді, содан кейін олар жасушааралық кеңістікке шығарылады. Осы компоненттердің арқасында сүйек ұлпасының органикалық матриксі қалыптасады. Бұл жасушалар кальций тұздарын шығару арқылы жасушааралық заттың минералдануын қамтамасыз етеді. Олар біртіндеп жасушааралық затты бөле отырып, остеоциттерге айналады. Бұл жағдайда жасушаішілік органеллалар едәуір азаяды, синтетикалық және секреторлық белсенділігі төмендейді және остеоциттерге тән функционалды белсенділік сақталады. Сүйек қабының камбиалды қабатында орналасқан остеобласттар белсенді емес күйде, олардағы синтетикалық және тасымалдаушы органеллалар нашар дамыған. Бұл жасушалардың тітіркенуінен (жарақат, сүйек сынуы және т.б. жағдайында) цитоплазмада түйіршікті ЭПТ және Гольджи кешені тез дамиды, коллаген мен гликозаминогликандардың белсенді синтезделіп, шығарылады, органикалық матрикс қалыптасады, содан кейін дефинитивті сүйек ұлпасының қалыптасуы жүреді. Осылайша, сүйек қабының остеобластарының қызметіне байланысты сүйек зақымдаyған кезде қалпына келеді.

Остеокласттар – сүйекті бұзатын жасушалар, қалыптасқан сүйек ұлпасында жоқ, бірақ сүйек қабында және сүйек ұлпасының бұзылуы мен қайта құрылу орындарында болады.

Морфологиясы: көп ядролы (3-5 немесе одан да көп ядролар), мқлшері өте үлкен (шамамен 90 мкм), формасы басым түрде сопақша, сүйек ұлпасына іргелес жатқан остеокластардың пішіні жалпақ. Жалпақ бөлігінде екі аймақты бөлуге болады: орталық (қатпарлар мен өсінділерден тұратын гофрленген бөлік және сүйек ұлпасымен тығыз жанасып жатқан мөлдір шеткі бөлік. Цитоплазмасында ядролардың астында әртүрлі мөлшердегі көптеген лизосомалар мен вакуольдер орналасқан.

Остеокласттың функционалды белсенділігінің көрінісі: жасуша негізінің орталық (гофрленген) аймағында цитоплазмадан көмір қышқылы мен протеолитикалық ферменттер бөлінеді. Бөлінген көмір қышқылы сүйек ұлпасының деминерализациясын тудырады, ал протеолитикалық ферменттер жасушааралық заттың органикалық матриксін бұзады. Коллаген талшықтарының фрагменттерін остеокласттар фагоциттеп, жасуша ішінде жойылады. Осы механизмдер арқылы сүйек ұлпасының резорбциясы (бұзылуы) жүреді, сондықтан остеокласттар әдетте сүйек ұлпасының ойықтарында орналасады. Сүйек ұлпасының бұзылуынан кейін, тамырлардың дәнекер ұлпасынан шығарылған остеобласттардың қызметі арқылы жаңа сүйек ұлпасы жасалады.

Сүйек ұлпасының жасушааралық заты негізгі (аморфты) зат пен кальций тұздары бар талшықтардан тұрады. Талшықтар коллагеннен тұрады және шоқтарға бірігеді, олар параллель (реттелген) немесе тәртіпсіз орналасуы мүмкін, соның негізінде сүйек ұлпасын гистологиялық жіктеуге болады. Сүйек ұлпасының негізгі заты гликозамин- және протеогликандардан тұрады.

Сүйек ұлпасында хондроитинкүкірт қышқылдары аз, бірақ кальций тұздарымен кешен құрайтын лимон қышқылы және басқалары көп. Сүйек ұлпасының даму процесінде алдымен органикалық матрикс - негізгі зат пен коллаген талшықтары түзіледі, содан кейін оларда кальций тұздары жинақталады. Олар аморфты затта да, талшықтарда да жинақталатын гидрооксиапатит кристалдарын түзеді. Сүйектердің беріктігін қамтамасыз ете отырып, кальцийдіңфосфор қышқылы тұздары организмдегі кальций мен фосфор депосы болып табылады. Осылайша, сүйек ұлпасы ағзаның минералдық алмасуына қатысады.

Сүйек ұлпасын зерттеу кезінде "сүйек ұлпасы" мен "сүйек"ұғымдарын ажырата білу керек.

Сүйек - негізгі құрылымдық компоненті сүйек ұлпасы болып табылатын орган.

Орган ретінде сүйек келесі элементтерден тұрады:

1) Сүйек ұлпасы;

2) сүйек қабы;

3) сүйек кемігі (қызыл, сары);

4) қан тамырлар мен нервтер.

Сүйек қабы (периостеум) сүйек ұлпасын (буын беттерді қоспағанда) шетінен қоршап тұрады және шеміршек қабына ұқсас құрылымға ие.

Периостеумда сыртқы фиброзды және ішкі жасуша (немесе камбиалды) қабаттарды бөледі. Ішкі қабатта остеобласттар мен остеокласттар болады, қан тамырлар торы шоғырланған, олардан ұсақ қан тамырлар арнайы каналдар арқылы сүйек ұлпасына енеді.

Қызыл сүйек кемігі тәуелсіз орган ретінде қарастырылады және гемопоэз және иммуногенез органдарына жатады.

Қалыптасқан сүйектерде сүйек ұлпасы пластинкалы формалы, бірақ әр түрлі сүйектерде, бір сүйектің әртүрлі бөліктерінде әртүрлі құрылымға ие. Түтікшелі сүйектердің эпифиздері мен жалпақ сүйектеріде сүйек тақталары сүйектің борпылдақ затын құрайтын тіректерді (трабекулалар) құрайды. Түтікшелі сүйектердің диафизінде пластинкалар бір-біріне тығыз жабысып, ықшам зат түзеді.

Сүйек ұлпасының екі түрі бар:

1) ретикулофиброзды (ірі талшықты);

2) пластиналық немесе тақталы (параллель талшықты).

Жіктеу коллаген талшықтарының орналасу сипатына негізделген. Ретикулофиброзды сүйек ұлпасында коллаген талшықтарының шоқтары қалың, орамалы және реттелмеген. Минералданған жасушааралық затта остеоциттер кездейсоқ орналасады. Пластиналық сүйек ұлпасы сүйек тақталарынан тұрады, онда коллаген талшықтары немесе олардың шоқтары әр пластинаға параллель, бірақ көрші пластиналардағы талшықтар шоғына тік бұрышпен орналасады. Пластинкалар арасындағы лакундарда остеоциттер орналасқан, ал олардың өсінділері өзекшелер арқылы пластинкалардан өтеді.

Адам ағзасында сүйек ұлпасы тек пластиналық. Ретикулофиброзды сүйек ұлпасы кейбір сүйектердің (төбе және маңдай) даму кезеңі ретінде ғана кездеседі. Ересектерде ол сіңірлердің сүйектерге беку аймағында, сондай-ақ бас сүйегінің сүйектенге тігістерінің орнында (жебе тәрізді тігіс, маңдай сүйегінің таразы) орналасқан.





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет