Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.


Бірінші - реанимациялық кезең



бет23/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82
Байланысты:
619-621 травма
Экологиялық факторлар, Сакралды Атырау (1), 36. Бейімбет Майлинні пьесалары. «Майдан» пьесасыны о и асы, т (1)
Бірінші - реанимациялық кезең. Жедел түрде шокпен күресу керек:қан айналысын тұрақтандыру, жансыздандыру, берік иммобилизация, оттегі емін жасау, уақытында ертерек операция жасау, организмнің бұзылған қызметін орнына келтіру. Ауруды жайлап толық шешіндіргеннен кейін оның басын, кеудесін, ішін, аяқ-қолын мұқият қарау керек. Аурудың жалпы түріне, тамыр соғысына, ашық жарасының көлеміне айрықша көңіл аудару қажет. Шамамен қойылған диагнозды рентгендік тексерумен толықтырады.Егерде аурудың халі өте нашар болса рентгендік тексеруден уақытша бас тартқан жөн.
Кеудені қарағанда кеуденің дем алуға қатысын, қабырға сынғанда сыртқа, не ішке қарап шығып, не кіріп тұрғанын анықтайды. Плевраның қуысында ауа не қан бар-жоқтығын анықтау қажет. Егерде плевраның қуысында ауа, қан болса оны инемен алады. Егерде плевра қуысына қан жиналу өкпенің жарақаттанғанынан болса, ауру халінің ауырлығына қарамай тез арада операция жасайды.
Іш құрылысының жабық жарақатында шамамен қандай мүшесі жарақаттанғанын толық анықтауға тырысу керек. Егерде толық диагноз қою қиындаса диагностикалық лапороцентез жәнелапароскопия жасап қай мүше жарақаттанғанын анықтау керек те, операция жасау қажет.Егерде іш құрылысы ашық жарақаттанса, жарадан іштің май шарбысынемесе ішегі шығып тұрса, жарадан зәр шықса тез арада операция жасалу керек.
Аурудың ессіз жатуына ауыр бас сүйек-ми зақымы себеп болады. Дем алудың қатты бұзылу себебі кеуде жарақатынан болады (көптеген қабырғалардың сынуы, "терезе" тәрізді сыну немесе қабырғалардың екі жағынан сынуы).
Екінші - емдеу кезеңі. Көптік жарақат алғанда ең маңызды мақсат -операция жасаудың қолайлы уақыты мен көлемін анықтау. Операция жасаудың асығыстық дәрежесі және көлеміне қарай 4 топқа бөлуге болады.
Бірінші топқа мынадай жарақат алған аурулар жатады: паренхималық мүшелер жарақаттанып ішке үлкен көлемді қан қүйылғанда (бауыр, көкбауыр), жүректің тампонадасында, ашық невмоторакс, үлкен және тоталды гематоракс, өкпенің көлемді жарақаты, қабырғаның екі жақты "терезе" тәрізді немесе "клапанды" сынығы. Мұндай аурулар ауруханаға өте ауыр жағдайда, қан қысымы өте төмен түрде түседі.
Екінші топқа жататындар: көптік жарақатпен түскен аурулар, бірақ көп қан кетпегенде, дем алысы онша бүлінбегенде - іштегі қуыс мүшелер жарақаттанғанда, клапанды пневмотракспен, бас сүйегінің ішіне қан қүйылғанда, аяқ-қолдың жарақатының жабық түрінде. Бұл ауруларға операцияны ауруханаға түскеннен кейін бірер сағатішінде жасайды.Алғашқы сағатта реанимациялық ем қолданылады: гемодинамикалық көрсеткіштерді тұрақтандыру, сыртқы демалысын жақсарту керек.
Үшінші топқа тірек-қозғалыс жүйесінің ауыр жарақаттанып, көлемді қан кетпеген аурулар жатады. Мұндай ауруларға операцияны шоктан шығарғаннан кейін жасайды. Қауіпті болса да операцияны мынадай жағдайдарда жасайды: ашық сынықтарды бірінші хирургиялық тазарту үшін және аяқ-қолдың көлемді жаншылып оларды сақтап қала алмайтын жағдайда ампутация жасайды. Жабық сынықтар болғанда, ауруды жарақат шогынан шығарғаннан кейін сынықты операциясыз орнына түсіріп, гипс таңғыш салу керек немесе сүйек сынықтарын біртіндеп жүкпен тартып қойып, кейін сүйек мүйізгегі пайда болғаннан соң гипстіктаңғыш салады.
Төртінші топқа аяқ-қолдың әр бөліктері жеңіл жарақатталған аурулар жатады. Ашық жарақатта бірінші хирургиялык тазалау, емдік иммобилизация жасалады.
Сүйектің сынығын операция жасап жалғауын (остеосинтез) сыныктар арасында қан тамырымен жүйке жаншылу кауіпі туғанда немесе сынық ортасында жұмсақ тіндер қалса жасайды. Жабык сыныктардың 40%-нан көбі негізінде консервативтік әдіспен емделеді (сүйекті біртіндептарту, гипстік таңғыш салу).
Кейінге қалдырып жасалатын сүйек жалғауда жоғары бағалы металдык бекіткіштер қолданылады. Себебі металдык бекіткіштер сүйектің сыныктарын өте тұрақты ұстап бекітеді де гипстік таңғыш салуды кажет етпейді.
Ондай бекіткіштерге жататындар: Илизаровтың, Гудушауридің,Калнберздің қысып-ұзартатын аппараттары, темірден жасалған пластиналар және басқалары. Бұл әдістерді қолданғанда ауруды күту оңайлайды және ертерек аяғына тұрғызу мүмкіншілігі туады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет