Сүйек сынықтарында көрсетілетін алғашқы дәрігерлік көмек.



бет50/82
Дата28.12.2022
өлшемі1,1 Mb.
#164802
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82
Байланысты:
619-621 травма

Ферменттік әдіс. Тіндердің зақымдану тереңдігін ферменттік әдіспен анықтау тері биопсиясын жасауды қажет етеді. Алынған биоптаттарды дифосфопиридиннуклеотидфосфатаза ерітіндісі бар пробиркаға салады. Тіршілігі сақталған тіндер 3-5 минуттен соң біркелкі көгілдір түске боялады. Өлі еттенген тіндер боялмайды немесе ала боялады.

  1. Ашық және жабық сынықтарды диагностикалау.

Ашық сынықты диагностикалауда керек жалпы белгілер
Сүйек деформациясы , патологиялық қозғалыс, сүйектік крепитация, сынған жерде қимыл болғанда ауырсынудың күшеюі, сынық асты тәннің ісінуі, гематомасы, сынған жерге байланысты мәжбүрлі қалыпта болу , сынған жердің қызметінің бұзылысы,
Ашық сынықтың өзіне тән диагностикасы- сынған сүйек бөліктерінің сыртқа шығуы
Инструментальды диагностика ретінде зақымдалған сегменттің рентгенографиясы жасалады, ал айналадағы тіндердің жағдайын анықтау үшін МРТ жасалады.
Жабық сынықты диагностикалау-
Сүйектің зақымдануының абсолютті және салыстырмалы белгілері бар. Салыстырмалы түрде бұл патологияға күдіктенуге мүмкіндік береді, абсолютті-бірден диагнозды растау. Салыстырмалы белгілерге жүктеме кезінде күшейетін ауырсыну, ісінудің жоғарылауы, функцияның бұзылуы (қозғалғыштығының шектелуі) және зақымдану аймағындағы гематома жатады. Абсолютті белгілер тобына патологиялық қозғалғыштық, аяқтың деформациясы және крепитация жатады.
Жабық сынықты диагностикалаудың ең көп таралған әдісі-екі проекцияда жасалуы керек рентген сәулелері. Бір сурет жарақат алған аймақты көрсетуі керек, екіншісі – зақымдануға жақын орналасқан буындарды ұстау. Күрделі жағдайларда травматологтар компьютерлік немесе магниттік-резонанстық томографияны тағайындайды. Бұл зерттеулер сүйектердің ғана емес, жұмсақ тіндердің де зақымдануын анықтай алады.

  1. Қан құюға қан компаненттерінің сәйкестігін анықтау, дайындау.

Гемотрансфузия алдында жеке сәйкестікке сынама жүргізу.
Гемотрансфузияға дайындалу барысында қан тобымен резус факторды анықтап болған соң жеке сәйкестікке байқау өткізіледі. Екі реакция жасалады:
А) АВО жүйесімен жеке сәйкестікке байқау өткізу.
В) резус фактор бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу.
Донормен рецепиент қандарының арасындағы жеке жеке сәйкестікке байқау өткізу үшін Петри табақшасымен рецепиент қанының сарысуын дайындау керек. Бұл үшін рецепиент көк тамырынан шприцпен 5 мл қан алып пробиркаға құямыз. 1 сағат күтеміз. 1 сағаттан соң қан сарысуы пішінді элементтерден бөлініп шығады. Уақыт аз болса пробирканы центрифугаға салып 3 минут айналдырып сарысуын бөліп алуға болады.
А) АВО жүйесімен жеке жеке сәйкестікке байқау өткізу.
Петри табақшасына 1 үлкен тамшы реципиент (0,1 мл) сарысуын капиллярмен тамызамыз. Жанына бір кіші тамшы (0,01 мл) донор қанын флаконнан шприцпен алып тамызамыз. Шиша таяқшамен араластырамыз. Петри табақшасын жайлап шайқап тұрамыз. Байқау 15-25 С температурада өткізіледі, қорытындысы 5 минуттан кейін шығарылады. Егер агглютинация реакциясы байқалса бұл қан сәйкес емес. Қан құюға болмайды. Егер агглютинация реакциясы жүрмесе бұл қан сәйкес болып саналады және оны құюға болады.
В) резус фактор бойынша жеке жеке сәйкестікке байқау өткізу.
АВО жүйесі бойынша жеке жеке сәйкестікке байқау өткізіліп сәйкес болған соң резус фактор жүйесі бойынша жеке сәйкестікке байқау өткізу керек. Бұл байқауды екі түрде өткізуге болады.
А) 33% полиглюкин қолданып жасау.
Реакция пробиркада 5 минут ағымында жылытпай жасалады. Пробирка түбіне 2 тамшы реципиент қанының сары суын, 1 тамшы донор қанын және 1 тамшы 33% полиглюкин ерітіндісін тамызамыз. Пробирканы жанжағына қарай еңкейтіп, ішіндегі ерітіндісі пробирка қабырғаларына жайылатындай етіп 5 минут бойы шайқаймыз. Кейін 3-4 натрий хлоридының физиологиялық ерітіндісін құйып, араластырамыз (пробирканы қатты шайқауға болмайды). Егер агглютинация реакциясы байқалса, донормен реципиенттің резус фактор бойынша сәйкес емес болып табылады. Агглютинация реакциясының жоқтығы қандардың сәйкестігін білдіреді.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет