Сүйектердің жіктелуі



бет2/10
Дата07.02.2022
өлшемі102,5 Kb.
#90458
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Остеология

Шеміршекті қосылыстар (синхондроздар) қозғалғыштығы аздау, бірақ беріктігі мен серпімділігі жоғары қосылыстар (омырта аралық шеміршекті дискілер). Олар адам денесін әртүрлі соқыллардан сақтап рессорлы қызмет атқарады. Кейбір жағдайларды сүйектер арасындағы шеміршектер өмір бойы сақталады, ал кейде белгілі жасқа дейін сақталып кейін жоғалып кетеді де сүйектер сүйектеніп қосылады (жамбас сүйектері, сегізкөзбен құйымшақ омыртқалары). Бұндай қосылыстарды синоостоздар дейді, олардың беріктігі өте жоғары, ал қозғалғыштығы мүлдем болмайды.

  1. Симфиздер (жартылай буындар) үздіксіз және үздікті қосылыстардың аралығындағы қосылыстар. Қосылатын сүйектер арасындағы шеміршекте кішкентай қуыс болады, осының арқасында сүйектер аздаған қозғалысқа келеді. М: қасаға симфизі, сегізкөзбен құйымшақ аралық симфизі.

  2. Үздікті немесе синовиалды қосылыстар (буындар) ең қозғалмалы қосылыстар. Буынның негізгі белгілері: қосылатын сүйектердің буынды беттері, буын қуысы, синовиалды сұйықтық, буын капсуласы.

Сүйектердің буынды беттері шеміршекпен жабылған, шеміршектің қалындығы 0,25-6,0 мм. Тегіс, синовиалды сұйықтықпен ылғалданған буында беттер қозғалыс кезіндегі үйкелісті азайтады.
Буын қуысы қосылатын сүйектер арасындағы кеңістікті айтады, ол жан-жағында буын капсуласымен жабылады, оның ішінде аздаған синовиалды сұйықтық болады.
Буын капсуласы сүйектердің қосылатын шеттерін тұйық жауып тұрады, ол фиброзды және синовиалды қабаттардан тұрады.Сыртқы фиброзды қабатытығыз дәнекер тінінен түзіліп, буынды капсулаға беріктік береді. Кейбір буындарда капсула қалыңдап байламдар түзеді. Ішкі синовиалды қабықша буын қуысын толтыратын синовиалды сұйықтықты бөледі және оны қайтадан сіңіріп үздіксіз зат алмасуды қамтамасыз етеді.
Кейбір сүйектердің буынды беттері бір біріне сәйкес келмейді, сондықтан бұндй буындардың құрамына дискілер мен менискілер кіреді.
Буындарда келесі қозғалыс түрлері болады: бүгу, жазу, әкелу, әкету, айналдыру, ішке айналдыру, сыртқа айналдыру

Тұлға сүйектері


Адам қаңқасы негізгі және қосымша болып бөлінеді. Негізгі құрылысы күрделі қаңқаға омыртқа жотасы, кеуде торы және бассүйек жатады.
Қосымша қаңқаға қол-аяқ сүйектері жатады. Тұлға омыртқа жотасы мен кеуде торынан (compages thoracis)тұрады.
Омыртқа жотасы (columna vertebralis) 32-34 омыртқалардан тұрады.Оның 7 мойын, 12 кеуде, 5 бел, 5 сегізкөз және 3-5 құйымшақ омыртқалары. 17-25 жас аралығында сегізкөзбен құйымшақ омыртқалары бір бірімен қосылып аталмыш сүйектерді түзеді.
Омыртқа жотасының әр бөліміндегі омыртқалар бір біріне ұқсас, бірақ олардың айырмашылығы да бар. Әрбір омыртқада денесі мендоғасы болады.Олардың ортасында омыртқа тесігі болады,барлық омыртқалар қосылған кезде осы тесіктер омыртқпа өзегін түзеді. Нң ішінде жұлын,орналасады.Омыртқа доғасынан 2 жоғарғы және 2 төменгі буынды өсінділер,оң және сол жақ ,көлденең өсінділер және 1 артқа бағытталған қылқанды өсінді шығады.Омыртқа доғасы мен денесінің қосылған жерінде жоғарғы және төменгі омыртқа ойыстары орналасады.Омыртқалар қосылған кезде осы ойыстар омыртқа аралық тесіктерді түзеді.Олар арқылы жұлын жүйкелері өтеді.
Мойын омыртқаларының (vertebrae cervicales) басқа омыртқалардан ерекшелігі:көлденең өсінділерінде тесік болады,омыртқа тесіктері үшбұрышты 2-6 мойын омыртқалардың қылқанды өсіндісі 2 айырылған, 7 омыртқаның қылқанды өсіндісі ұзын болады,6 мойын омыртқасында ұйқы төмпегі көрінеді.Оған жалпы ұйқы артериясы тығыз жанасып жатады.Ерекше мойын омыртқалары 1 м.о атлант (atlas) және 2 м.о (axis).Атланттың денесі болмайды ол алдыңғы және артқы доғалардан және 2 латералды масса болады.Латералды массаның жоғарғы бетінде шүйде сүйегінің айдаршықтарымен қосылатын жоғарғы буынды шұңқырлар болады,ал төменгі бетінде 2 м.о қосылатын төменгі буынды беттері болады.Атланттың алдыңғы доғасының ішкі бетінде аксистың тісімен буын түзетін шұңқыр болады.Атланттың қылқанды өсіндісі болмайды, оның орнында артқы төмпешік орналасады.
2 м.о-ның денесінің жоғарғы бетінде тісі болады,осы тіс атлантпен буын түзіп атлантпен бас сүйегінің қозғалысын қамтамасыз етеді.
Кеуде омыртқалары (vertebrae thoracicae) басқа омыртқалардан ерекшелігі денесінің бүйір бетінді жоғарғы және төменгі қабырға шұңқыры орналасады.Осы шұңқырлар қабырға бастарымен буын түзед. Кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділері біршама ұзын,олар төмен бағытталып бірінің үстіне бірі мініп тұрады,сондықтан кеуде омыртқаларының қозғалысы шектеулі.
Бел омыртқаларының ерекшелігі денесі өте қомақты ,жалпақ және биік болады.Қылқанды өсінділері үлкен және көлденең бағытталған,осыған байланысты бел омыртқалары жақсы қозғалады.
Сегізкөз омыртқалары ересек адамда бір – бірімен қосылып біртұтас сегізкөз сүйегін түзеді.Оның пішіні үшбұрышты.Сегізкөзде жоғары бағытталған жалпақ бөлімі негізін жіне төмен бағытталған сүйірленген бөлімі ұшын ажыратады.Алдыңғы беті ойыстау, оны жамбастық беті дейді.Бұл бетінде 4 көлденең сызықтар көрінеді.(омыртқа денелерінің қосылып кетуінен түзілген) . Артқы дөңес бетінде ртаңғы аралық және латералды сегізкөз қылқандары жақсы көрінеді.Бұлар қылқандар қылқанды ,буынды және көлденең өсінділердің қосылуынан түзілген.Сегізкөзде 4 жұп тесіктер көрінеді, олар арқылы жұлын жүйкелері шығады.Сегізкөздің бүйір бетінде құлақ тәрізді бет орналасады, ол жамбас сүйегінің сәйкес буынды бетімен қосылады.Сегізкөздің ұшы құйымшақпен қосылады.
Рудиментарлы құйымшақ омыртқалары бірігіп құйымшақ сұйегін түзеді.
Омыртқалардың денсі бір бірімен шеміршекті дискілер арқылы қосылады. Шеміршектер сыртқы жағында фиброзды сақиналардан, ал ішкі жағы былқылдақ ядродан тұрады. Шеміршектердің бұндай құрылысы омыртқалардың жақсы қозғалғыштығын жіне амортизациясын қамтамасыз етеді.Омыртқа жотасының ұзын бойында олардың денелерінің артқы және алдыңғы жағында, бассүйек негізімен құйымшақтың аралығында алдыңғы және артқы тік байламдар созылып жатады. Көрші омыртқалардың доғалары арасында сары байламдар орналасады. Көрші омыртқалардың буында өсінділері бір бірімен буын арқылы қосылады, бұл буында аздаған қозғалыс болады. І және ІІ мойын омыртқаларының арасыда буындыың арқасында бас пен І мойын омыртқасы жақсы қозғалысқа келеді.
Омыртқа жотасының ұзындығы ересек ер адамда 60-75 см, әйел адамдарда 60-65 см. Қарт адамдарда омыртқа жотасы 3-7 см қысқарады.
Адамның денесінде омыртқа жотасы бірқатар қызметтер атқарады: басты ұстап тұрады; кейбір тұлға бұлшықеттерінің беку жері; кеуде, құрсақ, жамбас қуыстарының қабырғасын түзуге қатысады; ішкі мүшелерді қорғайды және оның ішінде жұлын орналасады.
Омыртқа аралық шеміршектер омыртқа жотасы ұзындығының 25 пайызын алады. Омыртқа жотасының бүйір бетінде жұлын жүйкелері шығатын омыртқа аралық тесіктер болады.
Адамның омыртқа жотасы иіліп келген, бұндай құрылыс тік жүруге мүмкіндік береді. Мойын мен бел бөлімдері алдыға иілген оны лордоз деп атайды, ал кеуде мен сегізкөз бөлімдері артқа иілген оны кифоз деп атайды. Жаңа туған нәрестеді омыртқа иілімдері жақсы дамымаған, бала 3-4 айда басын ұстаған кезде мойын лордозы, 6 айында отырған кезде кеуде кифозы, бала жүре бастаған кезде бел лордозы мен сегізкөз кифозы дамиды. Омыртқа жотасының иілімдерінің толық түзілуі тек 25 жаста аяқталады.
Кеуде торы кеуде омыртқаларынан 12 жұп қабырғалардан және төстен тұрады.
Қабырға үлкен артқы сүйекті бөлімнен және кіші алдыңғы шеміршекті бөлімінен тұрады.Қабырғаның сүйекті бөлімі спирал тәрізді иілген сүйек,онда 2 шеті (омыртқалық және төстік),2 жиегі (жоғарғы және төменгі),2 беті(сыртқы ,ішкі) болады. Қабырғаның омыртқалық щетінде қабырға басы болады, ол қабырға денесінен қабырға мойынымен бөлініп тұрады. Қабырға басында омыртқамен қосылатын буынды беті болады.
Қабырғаның ішкі бетінің төменгі жағында қабырға жүлгесі болады, оған қабырғааралық жүйелер мен тамырлар бекиді. Қабырғаның сыртқы бетінде, оның мойынына жақын қабырға төмпегі орналасады.
І қабырғаның сыртқы бетінде алдыңғы сатылы бұлшықеттің кішкентай төмпегі және екі жүлге (алдыңғысы бұғана асты венасының, артқысы бұғана асты артериясының) орналасады.
Төс sternum – сопақша келген жалпақ сүйек, онда төс тұтқасын, денесін және семсер тәрізді өсіндісін ажыратады. Барлық үш бөлімі бір бірімен жұқа шеміршектер арқылы қосылады. Төстің алдыңғы беті дөңестеу, ал артқы беті ойыстау өйткені төстің тұтқасы мен денесі артқа ашылған бұрыш түзеді. Төс тұтқасының жоғарғы жақтарында бұғана ойыстары, ал тұтқасы мен денесінің екі бүйірінде 7 жұп қабырғаларға арналған ойыстар болады. Төстің пішіні мен мөлшері өте өзгермелі келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет