Сүйінбай Аронұлы
1815-1898
Сүйінбай Аронұлы (1815 жыл, Қарақастек ауылы Ресей империясы – 1898 жыл, сонда) — қазақ айтыс ақыны. Шапырашты тайпасының Екей руынан шыққан.
Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім – Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған
Қазақ халқының тарихи-қоғамдық даму сатылары мен өткен ғасырлардағы өмір шындығы ақын шығармаларында жан-жақты көркем суреттелген. Сүйінбай поэзиясы терең философиясымен, ой сұлулығымен, ақын тіліндегі соны поэтикалық өрнек-айшықтарымен ерекшеленді. М.Әуезов Сүйінбайды “айтыс өнерінің алтын діңгегі” атаған. Қазақ халқы әділет үшін күресте қорғаушысы, жақтасы болған ақиық ақынның өлең, толғау, айтыстарын күні бүгінге дейін сақтап, “Сүйінбай осылай деген” деп әрдайым зерделерінде тұтқан.
Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған.
Сүйінбай-айтыс өнерінің алтын діңгегі
Сүйінбай – ХІХ ғасырдың 30жылдарынан бастап, 80-жылдардың соңына дейін алпыс жылға жақын үзіліссіз жырлаған, айтыста жеңіліп көрмеген аса көрнекті ақын-жырау.
Сүйінбай үнемі халыққа арқа сүйеп, ру емес, тайпа емес, тұтас елдің мүддесін алға тартып жырлайды. Ерлік, елдік –Сүйінбайдың өлеңдері мен жыр дастандарының, айтыстарының өн бойына тартылған өзекті тақырыбы.
Сүйінбай мен Қатаған айтысы
1847 жылы Қырғыздың бай шонжар манабы Орманхан шешесіне ас береді. Бұл ас жиынға Қазақ пен Қырғыздың игі жақсылары бас қосады. Қазақ ақыны Сүйінбай Қырғыз ақыны Қатаған да осы жиында кездеседі. Екеуінің айтысы болып, Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты - елімізді, жұртымызды бірлікке шақыру (22 наурыз мерекесі)
Қатаған ақын:
Ау, Сүйінбай тоқтат сөзіңді,
Ояйын ба көзіңді!
Ақын мен деп ойлайсың,
Мен тұрғанда өзіңді!
Қисық ағаш кездесті,
Басыңнан өлең жаудырып,
Бір құрайын тезімді!
Сүйінбай!
Зар жылатқанмын талайын!
Онан бері танайын,
Қақ шекеңнен ұрайын!
Қимылдашы кәнеки,
Қай жақсың бар ей Қазақ,
Сыртыңнан бағып тұрайын!
Алатаудан төтелеп,
Тау ешкідей, тік басып,
Саяғыма шығайын!
Тынай менен Саяқтың,
Артық қылып нәсілін,
Жаратқан жоқ па Құдайым!
Онан да бері Саяғым,
Саяғым аман тұрғанда,
Сүйінбайдың да үстінен,
Алар ма еді таяғым!
Бұрынғы мен соңғыда,
Оңалып еді баяғым,
Орманхандай бегімнің,
Құшақтап сүйген аяғын!
Сүйінбай ақын байқадым,
Қақ шекеңнен шабайын,
Сыртыңнан бағып қарайын!
Сүйінбай
Қашырма төре, қаныңды,
Кіргізейін жаныңды,
Қатағаннан жеңілсем,
Талап алғын малымды!
Іздегенім осы еді,
Іздегенім табылды.
Қатаған сөзден жаңылып,
Өз-өзінен жаңылды.
Қызып тұрған темірге,
Өзі келіп қарылды!
Нарескенге жолықтың,
Шашамын судай қаныңды.
Болаттан құрыш қылышпын,
Алтыннан соққан сабымды!
Қабағын шытса Сүйінбай,
Тарту қылып тартарсың,
Қойныңдағы жарыңды,
Айдап келіп берерсің,
Алдыңдағы малыңды,
Малың түгіл барыңды!
Ер-тоқымы алтыннан
Бір ат бергін астыма,
Әсемдетіп мінерге.
Керегесі күмістен,
Босағасы асыл тас,
Бір ақ отау үй бергін,
Еңкейіп оған кірерге!
Алтын қынап, қылыш бер,
Білегіме ілерге.
Он жеті жасар бір қыз бер,
Онымен ойнап-күлерге.
Он бес атан түйе бер,
Жүгімді артып жүрерге.
Тоғыз жүз жылқы берерсің,
Еліме айдап барарға!
Тоғыз жүз жамбы берерсің,
Сандығыма саларға!
Іздеп келген Сүйінбай
–Кем берсең мұнан алар ма? !
Келістіріп сөйлесе,
Жақсыдан сөз қалар ма? !
НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАҚМЕТ!
Достарыңызбен бөлісу: |