Сұлтан екеуміздің қайта табысып, татуласуымыз, Қарасудан балық аулауымыз сөз болады


ОН БЕСІНШІ ТАРАУДА Менің Жантасты құйрыққа бір тебуімнің жай-жапсары айтылады



бет18/30
Дата14.07.2020
өлшемі169,81 Kb.
#75209
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30
Байланысты:
Mienin' atym K'ozha - Bierdibiek Sok'pak'baiev

ОН БЕСІНШІ ТАРАУДА

Менің Жантасты құйрыққа бір тебуімнің жай-жапсары айтылады


Бүгін сентябрьдің бірі. Парадтағы солдаттай жаңа фор­мамды қатып киініп, мектепке келе жатырмын. Қолымда су жаңа сары портфель, мойнымда желбіреген қызыл галстук. Кепкамның қалай тұрғаны тәуір болар екен деп, әлгінде айна алдында бірталай машақат ше­гіп, ақыры оң жақ шекеме таман сырғытып киіп едім. Соны байқамаққа көлеңкеме көз қиығымды салып қоям. Көлеңкем ұп-ұзын болып, созыла түсіп, қалмай келе жатыр. Оның бір аяғы екінші аяғынан қысқа. Кепкамның сиқы да пәлендей әсерлі емес, төбесі қодыра­йып шығып кеткен.

Әне, алдымда Жанар үйі көрінді. Жүрегім лүпілдеп бұлқына соғып кеткендей болды. Жанар мектепке кетті ме екен, кетпеді ме екен. Бұл үйдің алдынан үкімет ­бас­шылары тұрған трибунаның қасынан өткендей кеу­­дем­ді кере түсіп, сіресіп өтіп барам. Қайдан білейін, мүмкін тере­зеден Жанар қарап тұрған шығар. Жоқ, көз қиы­ғым­ды тастап байқаймын, Жанардың қарасы кө­рінбейді.

Алдымдағы көлденең көшеден папка қолтықтаған ақ көйлекті бір қыз шыға келді. Майқанова. Ойламаған­ жерден кездескен соң абдырап қалдым. Күзге дейін кім бар, кім жоқ деп, елемей кететін оқу жылының аяғы емес. Басымдағы кепкамды жұлып алып амандастым:

– Сәлеметсіз бе, тәтей.

– Қалай Қадыров, жақсы демалдың ба, – деп сұрады Майқанова.

Ішім қып ете қалды. Қазір ол Сұлтан екеуіміздің жайлаудағы масқара қылықтарымыз жайлы айтатын шығар.

– Жаман емес, – деп күмілжідім.

– Сен жаздай қайда болдың?

– Жайлауда болдым.

– Бәсе, жайлаудан келгенің көрініп-ақ тұр. Күнге жақсы күйіпсің, – Майқанова күле сөйлеп, – нағыз Қара Қожа енді болыпсың, – деді.

«Уһ» деп, демімді қайта шығарғандай болдым. Майқанова ештеңе сезбейтін тәрізді.

Мен онымен қатарласып келе жатып, өзімнің мықты өсіп кеткенімді байқадым. Бойым Майқанованың бойымен деңгейлесіп қалыпты. Әлде Майқанова аласа­рып кетті ме? Жоқ, мүмкін емес. Қайта оның қазіргі ки­іп келе жатқаны биік өкше туфли. Жіңішке қисық аяқтары маймаң-маймаң етіп, көйлегінің етегі сирағына оралғыштап келеді.

Мектепке кірдім. Бірінші кластан бастап оқып келе жатқан осы мектеп маған туған анамдай ыстық та ба­уырмал. Жаңадан сырланған мұнтаздай еден, терезе жа­дырай күліп тұрған тәрізді. Мынау біздің класс, әлі еш­кім келе қоймаған түрі бар. Орынды қай жерден алсам екен деп, біраз ойланып тұрдым. Мұғалімнің қарсы алдына отырсам қалай болады. Жоқ. Одан да ең арты тиімді. Сабақ зеріктіріп жібергенде, партаны ашып қо­йып, кітап оқып отыруыңа немесе өлең жазуыңа болады. Бірақ, әдетте, артқы парталарға сабақты нашар үл­геретін балалар әуес келеді. Өзіне сенімі күштілер қасқайып алда отырады. Немене, мен солардан кеммін бе? Ең алға, мұғаліммен бетпе-бет отырайын деген шешімге келдім.

Менің ендігі күткенім Жантастың (Тфу, бұл оңбағанның аты аузыма қалай түсіп кетті), Жанардың келуі. Қасымдағы орынды оған ұсынбақпын. Сосын жыл бойы Жанар екеуіміз қатар отырамыз.

Балалар біртін-біртін келіп, кіріп жатыр. Жанар жоқ. Есік алдынан қыздардың үні естілсе, сол шығар деп ойлап қалам. Бірақ ол болмайды.

Бір кезде Жантас оңбаған кіріп келді. Оның үстінде де жаңа форма, көрдіңдер ме дегендей аяғын ширатыла­ басады. Жантас қолын көтеріп:

– Сәлем еңбек еріне! – деді. «Қазақстан пионеріне» суретім басылғалы бері ол мені өстіп тәлкек етуді шығарған. – Қасың бос па, Қара Көже.

Кекесін дауыспен:

– Саған сақтап отырмын, – дедім.

– Қамқорлығыңа рахмет! – деп, Жантасым елпеңдеп келеді. Партаның шетіне қарай сырғып, тосқауылдай қалдым:

– Бос емес.

– Кім бар мұнда?

– Түсінемісің қазақша айтқанды. Бос емес.

– Жанарға сақтап отырмысың.

Ал, енді, қымбатты оқушым, кінәласаң кінәла, кінә­ламасаң өзің біл, мен өзімді бұдан әрі ұстай алмадым. Жантастың шақпа тілі бір ғана сәттің ішінде мені үш рет түйреп үлгерді. «Еңбек ері» деп, бір көкітті. Оның ар­тынша «Қара Көже» деп, атымды тәлкек етті. Жанар­ды және сөзге қыстырып отыр. Зығырданым қайнап кет­кені соншалық, орнымнан ұшып түрегелдім де, Жан­тасты иығынан ұстап, жалт бұрылып, «жұмсақ жеріне» әдемілеп бір тептім.

Қойсаңшы, еркек болғаны құрсын да Жантастың. Маған біреу әлгіндей істесе, әлім келсін-келмесін, сол арада қолында өлем. Сондай бір ашынғандық Жантастан да шығар деп ойлап едім. Мен онда бәлемнің түте-тү­тесін шығарып, жеп жіберуім қақ еді. Бірақ Жантас өйт­педі, сазарып үндемей қалды. Бар тіс жарып айтқаны:­

– Мен ойнап айтсам... – дейді. Байғұстың даусы да біртүрлі бейшараланып шықты. Қайрат, қарсылықтан жұрдай еді.

Осы кезде класқа Жанар кіріп келді. Басында маған­ ғажап ұнайтын қызыл береткасы. Менің онымен мына­дай әбігер халде тұрып, амандасуға да мұршам келмеді. Жанар орта шендегі басқа бір партаға отырғалы жатыр.

Оңбаған Жантастың кесірінен жоспарым күл-парша болды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   30




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет