Систематикасы
Мүктәрізділер 3 класқа бөлінеді: антоцероттылар, бауыр мүктері, нағыз мүктер.
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.
1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975
1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 17. “Плаунтәрізділер бөлімі”
Дәріс жоспары:
1. Плаунтәрізділерге жалпы сипаттама.
2. Плаунтәрізділердің көбею жолдары.
3. Плаунтәрізділердің классификациясы.
Плаунтәрізділердің жалпы сипаттамасы.
Плаун тәрiздiлер ерте дәуiрде пайда болған. Олардың казiргi кездегi өкiлдерi көп жылдық мәңгi жасыл шөптесiн өсiмдiктер. Жойылып кеткен түрлерiнiң iшiнде ағаштарыда кездескен. Қазiргi кезде плаундардың 100 – дей түрi белгiлi. Плаун тәрiздiлер тең және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Тең споралы плаун тәрiздiлердiң кең тараған өкiлiне шоқпарбас плаун(плаун булововидный – Lycopodium clavatum) жатады.
Ол қарағайлы ормандарда жиi кездеседi. Плаунның сабағы жерге төселiп, тiк және басқа өсiмдiктерге сүйенiп өседi. Төселiп өсетiн сабағынан жоғары қарай ұсақ жапырақтары бар, өркендерi, төмен қарай қосалқы тамырлары жетiледi. Күзге қарай жоғары бағытталып, тiк өсетiн өркендерiнiң ұшында екiден (сиректеу 3-5-тен) спора түзетiн масақтары дамиды. Плаунның сабағының iшкi құрылысы өте қарапайым. Сабақтың сыртын жұқа қабық жауып тұрады. Оның астында жақсы жетiлген қабық қабаты болады. Қабықтың сыртқы қабатында тiрек ұлпасы бар. Сабақтың ортанғы бөлiгiн шеңберлi шоқ алып жатады
Көбеюi. Шоқпарбас плаун вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегететивтi көбеюi төселiп өсетiн өркендерiнiң үзiндiлерi арқылы жүзеге асады. Мұндай үзiндiлердiң жас клеткаларынан қосалқы тамырлар, содан соң жас өркендер жетiледi. Осылайша бiр өсiмдiктен бiрнеше жас плаун пайда болады. Кейбiр түрлерi (басқа ағашқа жабысып өсетiндер) өркендерiнiң ұшында пайда болатын бүршiктерi арқылы вегетативтi көбейедi. Бүршiк толық жетiлген соң үзiлiп (0,5м қашықтыққа) түсiп, қолайлы жағдайда өнедi. Мұндай бүршiктер өркенде жылына бiр рет түзiледi. Жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Споралар масақтарында жетiледi. Плаунның спора түзетiн масағының өсiне көптеген үш бұрышты, ұшы үшкiр спорофилдер бекидi. Спорофилл –түрi өзгерген жапырақ. Осы спорофилдерде бүйрек тәрiздi спорангийлер орналасады. «Спорангий» споралар дамитын орын, олардың iшiнде көптеген ұсақ, сары түстi споралар жетiледi. Споралардың барлығының пiшiнi мен мөлшерi бiрдей. Пiсiп – жетiлген споралар спорангийлердiң қабықшасының жарылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Плаун тәрiздiлердiң кейбiреулерi (мысалы, Selaginella) әртүрлi споралы өсiмдiктер болып келедi.
Жынысты көбеюi жерге түскен споралардың өнуiнен басталады. Плаун спораларының өнуiнiң екi типi белгiлi. Жер үстi және жер асты типтерi. Бiрiншi жағдайда споралар жерге түскен соң бiрнеше күннен кейiн жер үстi өскiншелерiн бередi. Бұл өскiншелер жартылай сапрофит ретiнде қоректенедi. Олардың жерге төселiп өскен ашықтау – жасыл түстi өскiншелерiнiң астында саңырауқұлақтардың жiп шумақтары (гифалары) болады. Саңырауқұлақтың жiп шумағынсыз өскiншелер өспей қурап қалады. Осылайша жартылай жерге енiп жататын өскiншелер бiр жаздың өзiнде пiсiп жетiледi. Плундардың өскiншелерi қос жынысты, ұзындығы 20 мм аспайды. Өскiншенiң үстiнгi бетiнде аталық және аналық жыныс клеткалары қосылып ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсiмдiктiң тамырының, сабағының және жапырағының бастамасы болады. Келешекте ұрықтық тамыршадан нағыз тамыр, сабақшадан – нағыз сабақ, ал жапырақшадан – нағыз жапырақ қалыптасады. Нәтижесiнде плаун өсiмдiгi пайда болады. Жер асты споралар жерге түскен соң 6-15 жылдың аралығында саңырауқұлақтардың жiп шумақтарымен селбесiп өсiп, қос жынысты өскiншеге айналады. Ұрықтанған клеткалардан келешекте жас плаун өсiмдiгi пайда болады.
Плаундардың маңызы. Плаундар барлық жасыл өсiмдiктер секiлдi фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық заттар түзедi және топырақ түзу процесiне қатысады. Плаундардың практикалық маңызы шамалы. Спораларын көп мөлшерде жинап, дәрi — дәрмек жасауға пайдаланылады. Шөбiн қайнатып, тұнбасын iш жүргiзетiн, несеп айдайтын және өттi тазартатын дәрi ретiнде медицинада қолданылады.
Систематикасы
Бұл бөлім екі кластан тұрады: Плаундар және полушниктер класы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Мүктерді зерттейтін ғылым қалай аталады.
2.Мүктердің спорофиті қалай аталады?
3.Гаметофит дегеніміз не?
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.
1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975
1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 18. Қырықбуындарға жалпы сипаттама.Қырықбуындардың көбею жолдары. Қырықбуындардың классификациясы.
Дәріс жоспары:
1.Қырықбуындардың жалпы сипаттамасы.
2. Қырықбуындардың көбею жолдары.
3.Классификациясы.
Қырыбуындардың жалпы сипаттамасы.
Қырықбуын тәрiздiлер бұрынғы геологиялық кезеңдерде алуан түрлi болған. Ертедегi ағаш тәрiздi өкiлдерi түгелдей жойылып, қазiргi кезде тек шөптесiн түрлерi ғана сақталған. Сабағы өте көп буын және буынаралықтарынан тұратындықтан өсiмдiктi қырықбуын деп атаған.
Қазiргi кезде кездесетiн қырықбуын тәрiздiлерге қырықбуын туысы (род хвощ — Equisetum) жатады, онда 30-35 түр бар. Қырықбуындар арамшөп ретiнде егiстiкте, тың және тыңайған жерлерде, ормандарда, су жағасында өседi. Ол ылғалдылығы жоғары қышқыл топырақта кездеседi. Қазақстанда көбiрек тараған өкiлдерiнiң бiрi – дала қырықбуыны (хвощ полевой – Equisetum arvense).
Ол – ұзын, бұтақталған жерасты тамырсабағы бар көпжылдық шөптесiн өсiмдiк. Тамырсабағының буынынан қосалқы тамырлар дамиды. Қырықбуынның жерүстi өркендерi екi түрлi: көктемгi және жаздық өркен. Көктемгi өркендерi ерте көктемде тамырсабақтың қыстық бүршiктерiнен пайда болады. Олардың биiктiгi 20 см аспайды, бұтақтанбаған болып келедi. Жапырақтары буындарында қабыршақ түрiнде қалыптасады. Мұндай өркендердiң жоғарғы ұшында спора түзетiн масақтар жетiледi. Масақтарында споралар дамиды. Қабыршақты жапырақтары өркенде топтанып орналасады. Дала қырықбуынының көктемгi өркендерi споралары пiсiп жетiлген соң қурап қалады. Жасыл түстi жаздық өркендерде хлорофилл дәндерi бар. Жаздық өркенде жанама бұтақтары топтанып орналасады. Ол – вегетативтi өркен. Жапырақтары болмайтындықтан фотосинтез процесiн осы жаздық өркендерi жүзеге асырады.Көктемгi өркендерi көбею, ал жаздықөркендерi өсу қызметiн атқарады. Жаздық өркеннiң тамырсабағының жанама бұтақтары түйнекке айналады. Онда қорек заттары қорға жиналады. Осы түйнектер арқылы дала қырықбуыны вегетативтi жолмен көбейе алады. Қырықбуын сабағының сырты көп қырлы болады. Оның қырлы бөлiгi (қабырғалары) ойыс бөлiгiмен кезектесiп келедi. Сабақтың сыртын жұқа өң (эпидермис) қаптайды. Ол бiрқатар түссiз клеткалардан тұрады. Эпидермис клеткаларының қабықшасына кремни тұздары сiңген. Ол қырықбуын сабақтарының берiктiгiн арттырады. Эпидермистiң астын қабық қабаты алып жатады. Қабықтан соң орталық шеңбер орналасады. Орталық шеңберде өткiзгiш ұлпалары бiрнеше ұсақ шоқтар түзедi. Жас өркендердiң өткiзгiш шықтарында өзек болады. Кейiн өзек ұлпалары ыдырап, оның орнында қуыс пайда болады. Сабақ қырларының астында тiрек ұлпасы, ал ойыс жерлерiнiң астында фотосинтездеушi ұлпалар жетiледi. Хлорофилл дәндерi бар фотосинтездеушi ұлпаның әр бөлiгiнiң астында айқын байқалатын қуыс болады. Тiрек ұлпасының астында өткiзгiш ұлпалары шоқ түзiп орналасады. Өткiзгiш ұлпалар қоректiк заттардың тасымалдануын қамтамасыз етедi. Органикалық заттар фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өсiмдiктiң жер бетi өркендерiнде түзiледi. Бұл заттарды өткiзгiш ұлпалардың бiр тобы өркендерден тамырына қарай тасымалдайды. Өткiзгiш ұлпалардың екiншi тобы су мен минералды заттарды тамырдан жер бетi өркендерiне жеткiзедi. Осылайша өткiзгiш ұлпалары өсiмдiктi қоректi заттармен қамтамасыз етедi.
Көбеюi: Қырықбуындар плаундар секiлдi вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегетативтi көбеюi тамырсабақтары түйнектер арқылы, жыныссыз көбеюi споралар арқылы жүзеге асады. Спора түзетiн масақтарында көптеген споралар пiсiп жетiледi де жерге шашылады. Спораларыдың барлығының мөлшерi бiрдей болғанымен, физиологиялық жағынан әр түрлi. Бiр споралардан аталық өскiншелер,ал екiншелерiнен аналық өскiншелер жетiледi. Осы өскiншелерде жынысты көбею жүзеге асады. Аталық өскiншеде аталық жыныс мүшесi, аналық өскiншеде аналық жыныс мүшесi жетiледi. Аналық және аталық жыныс клеткаларының қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықтан қайтадан жас қырықбуын өсiмдiгi жетiледi.
Олар өзен жағалауларында, орманда, қалың бұта арасында, ылғалы мол жерлерде өседі. Қазақстанның аса құнды жем-шөптік (Бұтақты қырықбуын — лат. Е. zamosіssіmum; Теңбіл қырықбуын — лат. Е. varіegatum; Қыстық қырықбуын — лат. Е. hіemale) және жайылымдар мен егіс алқаптарында өсетін арам шөп ретінде (Далалық қырықбуын лат. Е. аrvense) кездесетін түрлері де бар. Ал олардың арасында улы түрлерінің бірі - Батпақ қырықбуыны (лат. Е. рalustre).
Қырықбуындардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Қырықбуындар – егiстiктiң арамшөптерi. Олар топырақты эрозиядан сақтайды. Қырықбуындардың бiрқатар түрлерi улы өсiмдiктер. Дала қырықбуыны – дәрiлiк өсiмдiк. Ол халық медицинасында ертеден қолданылып келедi. Дәрiлiк шикiзат ретiнде жасыл сабақтарын жинап, кептiредi. Дәрiлiк шикiзаты қан айналымының әлсiздiгiнен болатын iсiкке, несеп жүргiзуге қолданады. Сонымен бiрге қырықбуынның споралар түзетiн масақтары мен сабақтарын тамаққа пайдаланады.
Систематикасы.
Қырықбуындылар 4 кластан тұрады: гиенилер класы, сынажапырақтылар класы, каламиттер класы, қырықбуындар класы.
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1. Сабақ қандай қызмет атқарады?
2. Дара жарнақты шөптесін өсімдіктер сабағы қос жарнақтылардан қалай ажыратылады?
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.
1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975
1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Модуль 2 Өсімдіктер дүниесінің өркенді архегониялылар тармағы
Блок 1 Ашық тұқымды өсімдіктер
Дәріс 19 . Папортник тәрізділер бөлімі.
Дәріс жоспары:
1. Папортник тәрізділердің жалпы сипаттамасы.
2. Папортник тәрізділердің көбеюі
3.Классификациясы.
Папортниктәрізділердің жалпы сипаттамасы.
Жалпы сипаттамасы. Папоротник тәрiздiлер жоғарғы сатыдағы споралы өсiмдiктердiң iшiндегi ең ерте пайда болған тобы. Ертедегi жойылып кеткен үлкен ағаш тәрiздi түрлерi ылғалды тропикалық орман болып өскен.
Қазiргi кезде папоротник тәрiздiлердiң 10000-нан астам түрлерi белгiлi. Папоротник тәрiздiлер тропикалық ормандарда ағаш, лиана (басқа өсiмдiкке оралып өсу), түрiнде өседi. Суда өсетiндерi де бар. Австралия мен Жаңа Зеландияда өсетiн ағаш тәрiздi түрлерiнiң биiктiгi 20 м жетедi. Қазақстанда ағаш тәрiздi папоротниктердi тек ботаникалық бақтардан ғана көруге болады.
Папоротник тәрiздiлер тең споралы және әр түрлi споралы өсiмдiктер. Қазақстанда кездесетiндерi көпжылдық шөптесiн өсiмдiктер. Олардың кең тараған өкiлдерiнiң бiрi еркек усасыр папоротнигi(щитовник мужской – Dryоpteris filix — mass).
Ол ылғалды көлеңкелi жерлерде, орман шетiнде және сайлар мен жыраларда өседi. Еркек усасыр папоротнигi %тамырсабақты өсiмдiк. Тамырсабақтарынан төмен қарай қосалқы тамырлары, ал жоғары қарай жапырақтары өседi. Бiзде өсетiн шөптесiн папоротниктердiң жер үстi сабағы дамымаған. Бiрақ олардың жер асты тамырсабағы жақсы жетiлген. Папоротниктердiң тамырсабағы түрi өзгерген қысқарған сабақ дейдi. Еркек усасыр папоротнигiнiң жапырақтары өте баяу өседi. Мұнда үш түрлi жапырақ бар. Бiрiншi жылғы жапырақтар бүршiк түрiнде болады және тамырсабақтың ұшына жақын орналасады. Осы бүршiктерден екiншi жылғы жапырақтар пайда болады. Екiншi жылғы жапырақтары бүктелiп, сыртын түктер жауып тұрады. Үшiншi жылы көктемде бүктелген жапырақтар жазылып қауырсынды тiлiмделген нағыз жапыраққа айналады.
Папоротниктердiң жапырақтары жоғарғы ұшынан шексiз өсетiндiктен өте iрi болады. Олардың мөлшерi бiрнеше мм-ден 30 м дейiн жетедi. Папоротниктердiң жапырақтары 2 түрлi қызмет атқарады:
1) фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде органикалық зат түзiледi;
2) споралар түзiлiп көбеюге қатысады. Папоротниктердiң фотосинтез процесi жүретiн жапырақтары қауырсын тәрiздi бiрнеше қайтара тiлiмделген болады. Сондықтанда оны күрделi қауырсынды жапыраққа жатқызады.
Көбеюi. Папоротниктер вегетативтi, жыныссыз және жынысты жолдармен көбейедi. Вегетативтi көбеюi тамырсабақтары және өнiм бүршiктерi арқылы жүзеге асады. Өнiм бүршiктерi папоротниктердiң барлығында бiрдей бола бермейдi. Ол талақдәрi (аспленум) папоротнигiнiң кейбiр түрлерiне ғана тән. Мұндай бүршiктер жапырақтың негiзгi жүйкесiн бойлай орналасады. Олардан жапырақтың нышаны бар кiшкентай папоротниктер пайда болады. Осы папоротниктер үзiлiп түсiп, тамырланып, топыраққа бекидi де нағыз папоротникке айналады.
Жыныссыз көбеюi былайша жүзеге асады. Жаз кезiнде еркек усасыр папоротнигiнiң жапырағының астынғы бетiнде, орталық жүйкенi бойлай қоңыр төмпешiктер түзiледi. Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегенiмiз спорангийлердiң жиынтығы. «Спорангий» — споралар дамып жетiлетiн орын. Спорангийлерi жапырақтың астынғы бетiнде ұзын аяқшалары арқылы негiзгi жүйкеге бекiнiп тұрады. Сорустың үстiн жауып тұратын бүйрек тәрiздi жарғақша жамылғысы болады. Пiсiп жетiлген споралар спорангийдiң қабықшаларының жыртылуының нәтижесiнде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өнiп өскiншелер бередi. Еркек усасыр папоротнигi тең споралы өсiмдiк. Жыныстық көбею осы өскiншеде жүзеге асады. Өскiнше жүрек пiшiндi, жасыл түстi, диаметрi 4 миллиметрдей табақша (пластинка). Ол ризоидтары арқылы топыраққа бекидi. Өскiншенiң астынғы бетiнде аталық және аналық жыныс мүшелерi жетiледi. Аталық жыныс мүшесiнен аталық жыныс клеткалары, аналық жыныс мүшесiнен аналық жыныс клеткалары (жұмыртқа клеткасы) пайда болады. Екi әр түрлi жыныстық клеткалардың қосылуының нәтижесiнде өсiмдiк ұрықтанады. Ұрықта болашақ өсiмдiктiң сабағының, жапырағының бастамасы болады. Ұрық алғашқы кезде өскiншенiң есебiнен қоректенедi. Кейiн ұрықтан тамыр және жапырақ жетiледi. Папоротниктердiң маңызды түрлерiнiң бiрi кәдiмгi еркек папоротник. Кәдiмгi еркек папоротник тегiстiкте де, таулы жерлерде де (3000 м биiктiкке дейiн) кездеседi. Көп жағдайда ол күн сәулесi жақсы түсетiн, жарық ормандарда немесе орман шеттерiнде өседi. Әсiресе оны қарағайлы ормандардан, биiктеу жерлерден және бұталардың арасынан жиi кездестiруге болады. Кәдiмгi еркек папоротник тамырсабағы арқылы вегетативтi көбейетiн, күресуге қиын арамшөптердiң бiрi. Ол өртшалған, сүдiргеге шыртылған, тыңайған жерлердi, жайылымдарды тез басады. Бұдан кәдiмгi еркек папоротник халықшаруашылығына зиян келтiретiн өсiмдiк деген бiржақты пiкiр қалыптасуы керек. Папоротниктiң бұл түрiнiң пайдалы жақтары да аз емес. Көптеген елдерде ол тамақ өнiмдерiн беретiн өсiмдiк ретiнде белгiлi. Мысалы, Жапонияда кәдiмгi еркек папоротниктiң жас жапырақтарын жергiлiктi халық тамаққа пайдаланады. Тек Токио қаласының өзiнде жылына осы өсiмдiктiң 300 000 кг жас жапырағын тамаққа пайдаланады екен. Тiптен Жапонияда кәдiмгi еркек папоротниктiң табиғи қоры жергiлiктi халықтың мұқтаждығын өтеуге жеткiлiксiз болып отыр. Жаңа Зеландияның түпкiлiктi халқы (маоролар), Канар аралдарының аборигендерi, Американың индейстерi осы папоротниктiң кептiрiлiп, ұсақталған тамырсабағынан нан пiсiредi. Немесе сол күйiнде тамаққа пайдаланады. Ашаршылық жылдары кейбiр Европа елдерiнде де осы өсiмдiктердiң ұнтақталып, кептiрiлгентамыр сабағынан нан пiсiрген. Сонымен бiрге кәдiмгi еркек папоротниктi халық медицинасында және ресми медицинада ертеден қолданады. Одан балалардың iшек-құрт ауруын және сүйектерiнiң қисайғанын (рахит) емдеуге қажеттi препараттар алынады. Англияда осы өсiмдiктiң жапырағын үйдiң шатырын жабуға және малдың астына төсеуге пайдаланған. Оны отынға және тыңайтқыш ретiнде пайдаланған. Осы папоротниктiң күлiнен ертеден өндiрiске қажеттi натрий (калидiң карбонаты) алынады. Оны баяу балқитын шынылар алатын өндiрiсте және сабын жасауға пайдаланады.
Систематикасы
Папоротниктәрізділер 7 кластан тұрады: аневрофитопсидтер класы, археоптеридиопсидтер класы, кладоксилопсидтер, зигоптеридопсидтер, офиоглосопсидтер, мартиопсидтер, полиподиопсидтер.
Папоротник тәрiздiлердiң табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы. Папоротник тәрiздiлердiң сәндiк өсiмдiктер ретiнде жылыжайда (оранжереяларда) өсiредi және жұмыс орындарын көгалдандыруға жиi пайдаланады. Папоротниктердiң кейбiр түрлерi дәрiлiк өсiмдiк болып табылады. Мысалы, еркек усасыр папоротнигi дәрiлiк өсiмдiк ретiнде көп уақыттан берi белгiлi. Оны iшек құрт ауруларына қарсы қолданады. Жапырағынан жараларды жазатын тұнбалар, суық тигенде және ауырғанды басатын препараттар алынады. Ағаш тәрiздi жойылып кеткен папоротниктердiң таскөмiрдiң түзiлуiнде рөлi орасан зор болған.
Қазiргi кездерде папоротниктердiң кейбiр түрлерiнiң саны жылдан жылға азайып келедi. Соған байланысты оларды қорғаудың қажеттiлiгi туындауда. Мысалы, Қазақстанның өзiнде олардың сирек кездесетiн, тiптен жойылуға жақын түрлерi бар. Бұларға мыңжылқы усасыр папоротнигi (щитовник мынжилкенский – Dryоpteris mindshilkensis) мен шолпаншаш сүмбiлi (адиантум венерин волос – Adiantum cappilus — veneris) жатады. Олардың екеуi де Қазақстанның Қызыл кiтабына енген.
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.
1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975
1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1.Жапырақ қандай қызмет атқарады?
2.Жапырақтың сабаққа бекіну типтерін атаңыз.
3.Дорсовентральды және изолотеральды жапырақтардың анатомиялық құрылысында қандай ерекшеліктер бар?
Қолданылатын әдебиеттер: 1.1 Әметов.Ә.Ә.Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы. Алматы. 2000.
1.2. Комарницкий Н.А., Кудряшов Л.В., Уранов А.А. Систематика растений. М., 1975
1.3 Б.М.Силыбаева, Ж.К. Байғана, Н.Ш. Карипбаева, В.В. Полевик Жоғары сатыдағы өсімдіктер систематикасы Семей-2010ж
Дәріс 20. “Ашықтұқымды өсімдіктер бөлімі”
Дәріс жоспары:
1. Жалаңаштұқымдылардың жалпы сипаттамасы.
2. Жалаңаш тұқымдылардың көбею жолдары.
3. Систематикасы.
4.Ашық тұқымдылардың табиғаттағы және халық шаруашылығындағы маңызы
Жалаңаштұқымдылардың жалпы сипаттамасы.
Ашық тұқымдылар бөлiмiне шамамен 800-дей түр жатады. Олар тұқымдары арқылы көбейетiн ағаштар мен бұталар. Ашық тұқымдылар жоғары сатыдағы өсiмдiктердiң ерте пайда болған тобына жатады. Ғалымдардың пайымдауынша ашық тұқымдылардың арғы тегi әр түрлi споралы папоротниктер болған. Ашық тұқымдылардың iшiнде шөптесiн өсiмдiктер жоқ.
Ашық тұқымдылардың тұқымдары аналық бүрдiң тұқымдық қабыршақтарының төменгi жағында ашық жатады. Бұл әсiресе сiбiр қарағайында айқын байқалады. Ашық тұқымдылар бөлiмi деген атау осы ерекшелiктерiне байланысты берiлген
Осыдан 200 млн жыл бұрын ашық тұқымдылар жер бетiнде кең таралған өсiмдiктер болған. Қалың ормандар түзген. Қазiргi кезде олардың бiрқатар топтары жойылып кеткен. Қазақстанда ашық тұқымдылардан шырша (ель — Picea), қарағай (сосна — Pinus), балқарағай (листвинница – Larix), самырсын (пихта — Abies), арша (можжевельник — Juniperus), қылша (эфедра — Ephedra) туыстарының түрлерi өседi. Ашық тұқымдылардың бiздiң республикамызда кең таралғандарының бiрi қарағай туысы. Қарағайдың Қазақстанда екi түрi кездеседi: кәдiмгi қарағай (сосна обыкновенная – Pinus silbestris) және сiбiр қарағайы(сосна сибирская – Pinus sibirica). Қарағайлар биiк, әрi түзу болып өседi және орман түзедi. Қарағайлардың бөрiкбасын ормандарда дiңiнiң жоғарғы ұшына таман кететiн жанама бұтақтары түзедi. Сондықтан қарағайлар жарықты жақсы өткiзедi. Қарағайлар көп күй толғамайтын өсiмдiктер. Кәдiмгi қарағай деген түрi құмды жерлерде, тауларда, кейде жалаңаш жартастарда да өседi. Қарағайлардың кiндiк тамыры жақсы жетiледi және терең кетедi. Құмды жерлерде қарағайлардың кiндiк тамырымен бiрге жанама тамыры да жақсы жетiледi. Батпақты жерлерде керiсiнше қарағайлардың кiндiк тамыры нашар жетiледi.
Қолайлы жағдайда қарағайлар 30-40 м жетедi және 350-400 жылдай өмiр сүредi. Қылқан жапырақтылардың сабағының iшкi құрылысы бiртектес келедi. Сабақтың көп бөлiгiн сүрек қабаты алып жатады. Қабық қабаты мен өзегi нашар жетiлген. Орталық шеңберiнде өткiзгiш ұлпалардың екi түрлi тобы болады. Олардың бiр тобы фотосинтез процесiнiң нәтижесiнде өркендерде түзiлген органикалық заттардың тамырға өтуiн қамтамасыз етедi. Ұлпалардың екiншi тобы тамыр арқылы сорылған суды, минералдық заттарды өркендерге жеткiзедi. Өзегi қабықшалары жұқа дөңгелек клеткалардан тұрады. Қылқан жапырақтылардың дiңiнiң қабықтық бөлiгiнде де, сүректiк бөлiгiнде шайыр жолдары болады. Қарағайларда екi түрлi өркен болады: ұзарған және қысқарған өркендер. Ұзарған өркендер ұзындыққа шексiз өседi.
Қарағайлардың жас бұтақтарында қоңыр түстi ұсақ қабыршақ жапырақшалары болады. Оларың қолтығында қысқарған өркендер жетiледi. Кәдiмгi қарағайдың қысқарған өркендерiнде екiден қоңырлау- жасыл түстi, қылқан жапырақтары орналасады.Қылқандары 3-6 жыл өмiр сүредi, содаң соң қысқарған өркенiмен бiрге түсiп отырады. Сондықтан, жерге түскен қылқандары екi екiден бiрiккен болады.
Қылқандары жiңiшке ұзын келедi. Олардың сыртын қатты қабықша жауып тұрады және устьицалары көп болмайды. Сондықтан қарағайлар суды аз буландырады және құрғақшылыққа төзiмдi келедi. Қарағайлар жарық көп түсетiн ашық жерлерде жақсы өседi. Қыста ылғалдың тапшылығына қарамастан тiршiлiгiн тоқтатпайды. Қыс кезiнде қылқандарын тастамайды. Қылқан жапырақты ағаштардың көп тарағандарының бiрi- шырша (ель — Piceae).
Көбеюi. Ашық тұқымдыларда қарақайдың көбеюiн қарастырамыз. Қарағай барлық ашық тұқымдылар секiлдi тұқымы арқылы көбейедi. Қарағайдың ашылған аналық бүрiнiң қабыршақтарының қолтығында екiден тұқым орналасады. Және олар ашық жатады. Соған байланысты қарағайды және басқа да қылқан жапырақтыларды ашық тұқымды өсiмдiктерге жатқызады.
Көктемде қарғайдың жас бұтақтарында екi түрлi : аталық және аналық бүрлер пайда болады. Аталық бүрлер сарғылт жасыл түстi болады, және жас өркендерiнiң түп жағына тығыз топтасып орналасады. Аналық бүрлер қызғылттау түстi болады және жалғыздан орналасады.
Аталық бүр өстен және оған тығыз орналасқан қабыршақтардан тұрады. Осы қабыршақтардың қолтықтарында екiден тозаң қабы орналасады. Тозаң қабының iшiнде көптеген екi клеткалы тозаңдар жетiледi. Әрбiр тозаңның екiден ауа қуысы болады. Мұндай тозаңдарды жел аналық бүрдiң тұқым бүршiгiне оңай жеткiзедi. Аналық бүрлерi де сол ағашта дамиды. Олар жас бұтақтардың жоғары ұштарында бiреуден орналасады. Аналық бүрде екi түрлi қабыршақ болады. Сыртқы жабындық қабыршақтар, астында тұқымдық қабыршақтар орналасады. Осы тұқымдық қабыршақатардың қолтығында екiден тұқымбүршiгi пайда болады.
Аталық бүрде пiсiп жетiлген тозаңдар, тозаңқаптың қабықшасы жыртылуының нәтижесiнде сыртқа шашылады. Оларды жел алып кетедi. Тозаңдануын тұқымбүршiгiнiң саңылауына келiп түскен тозаң жүзеге асырады. Тұқымбүрi тозаңданғаннан кейiн аналық бүрдiң қабыршақтары бiрiгiп, шайырмен желiмделiнедi. Тозаңдарда аталық, ал тұқымбүршiктерiнде аналық жыныс клеткалары жетiледi. Ұрықтану тұқымбұршiктерiнде жүзеге асады. Ұрықтанған аналық жыныс кеткаларынан ұрық, ал тұқымбүршiгiнен тұқым пайда болады. Осыдан кейiн аналық бүрдiң көлемi ұлғайып қайтадан сүректенедi. Алғашқы кездерде аналық бүрлердiң түсi жасыл болады, кейiнiрек қоңырқай тартады. Қарағайдың тұқымдары тозаңданған уақыттан бiр жарым жыл өткен соң пiсiп жетiледi. Бiрақ бүрден екi жылдан кейiн шашылады. Ашық тұқымдылардың тұқымдарында артық қор заттарын жинайтын ұлпа болады. Ол ұрықты қоршап тұрады.
Қарағай тұқымының жұқа жарғақ қанатшалары болады, солар арқылы олар желмен таралады. Бiрақ кейбiр қарағай тұқымдарында қанатшалар кездеспейдi. Сiбiр қарағайының (самырсын қарағайының) тұқымын самырсын жаңғақшасы деп атайды.
Кәдiмгi қарағайдың бүрiнiң мөлшерi онша үлкен болмайды, оның ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 4-5 сантиметрден аспайды. Шыршаның бүрi үлкен болады және оның ұзындығы 10-15 сантиметрге жетедi. Шыршаның тұқымбүршiгiндегi тұқымдары шашылып жел арқылы оңай таралады. Келешегiнде осы тұқымдардан жас қарағай өсiмдiгi пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |