1.1 Жамбыл облысының географиялық-климатологиялық ерекшеліктері ...............................................................................................
6
1.2 Дәрiлiк өсімдіктер және оларды денсаулық сақтау практикасына енгізу...............................................................................................................
8
1.3 Дәрiлiк өсімдік шикізатын дайындау...................................................
9
1.4 Дәрiлiк өсімдіктердің химиялық қасиеттері........................................
10
1.5 Құрамында алколоидтары бар дәрiлiк өсімдіктер..............................
12
2
Зерттеу әдістері ……………………………………………………..........
14
2.1 Дәрiлiк өсімдіктерді зерттеу әдістері ..................................................
Пайдаланылған әдебиеттер.........................................................................
24
Кіріспе
Адамзат өзін қоршаған өсімдіктердің дәрiлiк қасиеті бар екенін, олардың көмегімен көптеген дерттерден айығу болатынын көне заманнан бастап білген. Уақыт өте бастаған сайын көптеген өсімдіктер адам өміріне дәрiлiк ем ретінде ене бастады және сонымен қатар, олар адам тіршілік ететін жерлерде тарала бастаған. Көп ғасырлық тәжірибелердің нәтижесінде әр өсімдіктің дәрiлiк қасиеті туралы қомақты мағлұматтар жиналған. Солардың көптеген көлемі шығыс елдерінің көне медициналық жинақтарында жазылған.
Қазақстан флорасында шипалық қасиеті бар екі жүзден астам дәрiлiк өсімдік түрлері кездеседі. Ал республикамыздағы әртүрлі топтардың халықтық медицинасында шамамен дәрiлiк өсімдіктердің 700-ге жуық түрлері аталады. Қазіргі ғылымның жетістігіне сүйенер болсақ, онда әр елдердегі дәрігерлердің әртүрлі ауруларды емдеуге ұсынылатын дәрiлiк препараттарының 60 пайызының табиғаты өсімдіктік екендігі анық.
Ал жекелей аурулардың саласы бойынша, мысалы жүрек қантамырлар жүйесінің 80 пайызы ішек-асқазан, бауыр ауруларына қолданылатын дәрілердің 70 пайызы өсімдіктен өндіріледі.
Зерттеудің көкейкестілігі: Бүгінгі таңда әр түрлі ауруды емдеуге қолданылатын дәрiлiк өсімдіктердің вегетативтік және генеративтік мүшелеріндегі биологиялық белсенді заттардың (ББЗ) химиялық құрамы және олардың емдік қасиетгері біршама қанағаттанарлықтай зерттелген. Бірақ өсімдіктердегі биологиялық белсенді заттардың синтезделетін олардың вегетативтік мүшелерінің құрылымдық-диагностикалық анатомиялық, онтоморфогенездік ерекшеліктеріне арналған ғылыми зерттеулер мардымсыз, аз.
Қазіргі таңдағы еліміздегі дәрiлiк өсімдік шикізатына сұраныстың күн санап артуына орай, олардың табиғи қорының күрт азаюына немесе мүлдем жойылуға жақындағанына байланысты, келешекте оларды мәдени түрде өсіру немесе "мәдени" клетка, болмаса ұлпалардан өсіру тәсілі қажет болуы ықтимал. Дәрiлiк шикізатты бұл екі тәсілмен өндіру үшін дәрiлiк өсімдік түрлерінің жалпы биологиялық морфо-анатомиялық, онтоморфогенездік ерекшеліктерін терең зерттеп, меңгермейінше, орындау мүмкін емес.
Қазақстан дәріханаларында сатылатын қымбат дәрілердің 90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін, әрине көп уақыт және өте көп қаражат керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін дәрiлiк өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрiлiк өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.
Экономикалық тиімді болу үшін халық саны 50 млн шамасында, шығарылған өнім жоғары сапалы болып бәсекелестікке түсетіндей болуы керек. Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отырып, Қазақстан үкіметі республикалық ғылыми-техникалық бағдарламаға көңіл бөліп, қаржыландырып келеді.
Дәрiлiк шөптерді емге пайдалану қазіргі заманда да кеңінен қолданылып келеді. Фармацевтика өндіріс саласының басты материалы табиғи дәрiлiк шөптер болып табылады. Табиғи шөптердің шалғындықтары Қазақстан республикасының барлық аймақтарында көптеп кездеседі. Өткен ғасырдың басынан бері бұл шөптерді жинап фармацевтикада пайдалану қарқынды түрде жүргізілді. Мұның салдарынан ол шөптердің экологиялық жағдайы нашарлай бастады. Кейбір дәрiлiк шөптердің таралу ареалдары тарылып фитоценоздағы орны азая бастады, осыған орай, оларды жинауға тыйым салынды немесе шектелген көлемде даярлау белгіленді.
Зерттеу жұмысының мақсаты : Жамбыл облысында кездесетін дәрiлiк өсімдіктердің химиялық құрамын, онтоморфогенездік, анатомо-морфологиялық ерекшеліктерін және медицинада пайдалану тәсілдерін зерттеу. Сонымен қатар дәрiлiк өсімдіктерді дақылдандыру технологиясын негіздеу.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
дәрiлiк өсімдік түрлерінің сан алуандығын есепке алу;
дәрiлiк өсімдіктерден шикізат дайындау әдістерін меңгеру;
құрамында алклоиды бар дәрiлiк өсімдіктер түрлеріне сипаттама беру;
дәрiлiк өсімдіктерден препараттар дайындау тәсілдерін меңгеру;
Жамбыл облысында кездесетін дәрiлiк өсімдіктердің химиялық құрамының, онтоморфогенездік, анатомо-морфологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
дақылдандырылмаған дәрiлiк өсімдік түрлерін технологиялық негіздеу;
дәрiлiк өсімдіктердің емдік қасиеттеріне сипаттама беру.