Әдістемелік инновация - бұл, сабақ беру мен білім алу тәрбиелеу және оқыту әдістемесі, оқыту және оқу тәрбиелеу үрдіс ұйымының саласындағы инновациялар. Олар білім беру саласында ең көп таралған, жаратылыстану ғылымы және гуманитарлық пәндер - мектепке дейінгі тәрбиеден бастап, жоғары білімге дейін оқыту үрдісін, мамандарды дайындауды қамтиды. Тәжірибеде әдістемелік инновация ұжымдық жаңартулармен тығыз байланысты. Олар жоспарланған мақсат анықталған кезде, бірақ құралдар мен әдістерін іске асыруына қосымша зерттеулер талап етілгенде білім беру жағдайларында кездеседі. Инновацияның бұл типі жеке әдістемелерде басым, ал дидактика мен тәрбие теориясында сирек кезігеді педагогика тарихына арналған еңбектерде кесдеспейді.