^ Инновация деген не ?(Innovation)
"Инновация" ағылшын тілінен аударғанда новацияға кіріспе дегенді білдіреді. Бұл термин мәдени антрополгияда пайда болы. Ол бір мәдениет жетістіктерін сауда, товар алмасу үрдістеріне пайдалану, аудару дегенді білдіреді. " Инновация" термині антропологиядан экономикаға, сонан-оң педагогикаға көшіп, оқыту мен тәрбие жүйесіндегі, оқыту әдістмесіндегі білім біру мекемелерінің пактикалық немесе ғылыми әрекетінде туындағы түрлі өзгерістерді зерттеді.
50-ші жылдардың аяғында Германияда, АҚШ-та және тағы басқа елдерде педагогикалық жаңалықтарды оқу және жалпылау орталығы пайда болып, білім беру саласының жаңалықтарына байланысты арнайы басылымдар шыға бастады. (мысалы," novation an aducation; “Educational innovetion in the United States” және басқалар)
Біздің елімізде де дәл осындай үрдістер жүріп жатты. Алайда олар басқаша аталды. әңгіме педагогикалық тәжірибенің жайылуы туралы, жұмысшылардың тәжірибелік дайындығы туралы, және ұсынылған жаңалықтардың, бағалау тәсілдерінің жаңалығы туралы болды. Әдетте инновация дәстүрлі мәселелерді жаңаша шешу нәтижесіиде, фактілерді үғыну және жиналу үрдісінің ұзақтығы нәтижесінде пайда болды. Қазіргі кездегі инновацияның көбі тарихи тәжірибемен тығыз байланысты және оның өткен уақытта өз белгісі ұқсасы бар. Бұл инновациялық үрдістің белгілі бір тұжырымдарға сәйкес келетін және белгілі бір жағдайларға өзекті және бейімделген, белгілі бір мақсатқа бағытталған және қазіргі заманғы идеяның қүрылу, орнығу, қолдану және жойылу процесі
екенің түсінуге мүмкіндік береді. Ол жаңалықтар кіретін жүйенің сапалы жақсаруына бағытталған.
Инновацияда білім беру үрдісінің негізінде педагогиканың екі басты мәселесі жатыр: педагогикалық тәжірибені зерттеу мәселесі
- психология мен педагогика ғылымының жетістіктерін тәжірибеге
жеткізу мәселесі.
Білім беруде инновациялық үрдісітің нәтижесі теориялық және тәжірибелік жағынан жаңалықтарды қолдану болып табылады. Білім беру жүйесінде инновация білім беру мақсатында жаңалықтар еңгізу, жаңа мазмұнды қайта жасауды, жаңа тәсілдер мен тәжірибелер және білім беру формаларын, жаңа педагогикалық жүйені еңгізу және таратуды, мектепті басқарудың жаңа технологияларын жасау және дамытуды, және мектеп жаңа білім беру бағытын ұстанғанда, оның мақсаты, мазмұны, әдісі жаңа талаптарға сай болуын жобалайды.
Олардың дамуын екі факторға бөліп қарастырамыз: -обьективті фактор- инновациялық әрекеттің қарқынды дамуына жағдай жасау және оның нәтижелерін қабылдауды қамтамасыз ету.
-субьективті факторлар- инновациялық үрдіс субьектісімен тығыз байланысты. Инновациялық үрдіс субьектілеріне болып ғылым- педагоктар, мұғалімдер және білім беру саласында инновацияға бағытталған әрекеттің басқа да қызметкерлер жатады.
"инновациялық әрекет" түсінігінің мазмұны қандай ?
Достарыңызбен бөлісу: |