Соқ түзеткіш құрылғылары



Дата26.12.2021
өлшемі83,74 Kb.
#105772
Байланысты:
СОҚ түзеткіш құрылғылары
0a58c777-e677-4b72-b090-3ad25d07d866, 0a58c777-e677-4b72-b090-3ad25d07d866, Электромагниттік реле, Лекции по Теории литературы (1), СРСП, Тема №24, 1, 1, Паспорт, Паспорт, Паспорт, Паспорт, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТР МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ

Тақырып: СОҚ түзеткіш құрылғылары
Айнымалы тоқ түзеткіші (орыс. Выпрямитель переменного тока) - айнымалы электр тогын тұрақты тоққа түрлендіретін құрылғы.

Электрондық техникада, көбіне шалаөткізгіш диодтардан тұратын айнымалы тоқ түзеткіші бар қуаты аз қоректену көздері пайдаланады. Әдетте, тоқты түзету, тоқты тек біржақты өткізетін вентиль арқылы іске асырылады. Қолданылатын вентильдің түрлеріне қарай: вакуумдық, газразрядты, шалаөткізгіштік және электрүйіспелік айнымалы тоқ түзеткіші болып бөлінеді. Жүктемедегі кернеуді реттеу және тұрақтандыру мүмкіндігіне байланысты айнымалы тоқ түзеткіші реттелмейтін және реттелетін болуы мүмкін. Айнымалы тоқ түзеткіші өнеркәсіптік айнымалы кернеу көзіне төмендеткіш трансформаторлар арқылы қосылып, түзету схемасына байланысты бір және екі жарты периодты, көпірлі және нөлдік шығысы бар, бір фазалы және көп фазалы болып бөлінеді. Айнымалы тоқ түзеткіші автоматиканың, телемеханиканың электрондық құрылғыларында, өлшеу техникасында, компьютерлерде және радиоэлектроникада және т.б. салаларда жиі қолданылады.




1-сурет. Айнымалы тоқты түзету процесінің құрылымдық сұлбасы.

2-сурет. Біржарты периодты түзеткіштің сұлбасы.



3- сурет. Екіжарты периодты түзеткіштің сұлбасы


4-сурет. Екіжарты периодты түзеткіштің сұлбасы.
Түзеткіш құрылғылар автоматты және телемеханика саласында қондырғыларды қоректендіру үшін немесе ток көзіне қосу үшін қолданады.Оның 2 түрі бар селенді кремнилі яғни тоқтың төменгі және жоғарғы бағытын бақылап отырады.

Селенді түзеткіштерді алюминилі платинада төртбұрышты немесе тік үшбұрышты формада ал жоғары қабатында кремни немесе висмут элементері орналасады және силеннің арасында электр өткізгіште р – n ауысуы өтеді.Селенді элементер әртүрлі ток күшіне байланысты 60 мк\А 24 А ға дейінгі тоқты қабылдайды.Активті өнімділік неқұрлым көп болса соғұрлым тоқты көп жіберуге болады.


Бақылау сұрақтары:

  1. Түзеткіш диодтары қай жиіліктегі токтарды тұрақты токка түрлендіруге арналған?

  2. Үлкен қуатты түзеткіш диодтарды қалай атаймыз?

  3. Түзеткіш блоктарының диодтық схемасы қанша диод арқылы жалғанады?

  4. Түзеткіш диодтардың параметрлерін атаңыз.

  5. Түзеткіштің қандай түрлері бар?

  6. Түзеткіштің сұлбасындағы қандай трансформатор?

Түзеткіштің элементтері, олардың атқаратын қызметі қандай?

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет