Соб және байланыстың әртүрлі құралдары кезінде пойыздарды қабылдау және жөнелту тәртібі



Pdf көрінісі
Дата06.01.2022
өлшемі192,56 Kb.
#109799
Байланысты:
Тема №24
0a58c777-e677-4b72-b090-3ad25d07d866, 0a58c777-e677-4b72-b090-3ad25d07d866, СОҚ түзеткіш құрылғылары, Электромагниттік реле, Лекции по Теории литературы (1), СРСП, 1, 1, Паспорт, Паспорт, Паспорт, Паспорт, ЭЛЕКТР ЖӘНЕ ЭЛЕКТР МЕХАНИКАЛЫҚ ЖАБДЫҚТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ, ПАЙДАЛАНУ ЖӘНЕ ЖӨНДЕУ


СОБ және байланыстың әртүрлі құралдары кезінде пойыздарды 

қабылдау және жөнелту тәртібі 

 

Станцияның  техникалық  құралдарын  пайдалану  тәртібі  станцияның 



техникалық-өкімдік  актісімен  белгіленеді,  онда  станция  бойынша 

пойыздарды  қауіпсіз  және  кедергісіз  қабылдау,  жөнелту  және  жүріп  өту, 

станцияішілік  маневрлік  жұмыстың  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғауды 

сақтау  регламенттеледі.  Станцияның  техникалық-өкімдік  актісінің  талабы 

барлық қызметтердің қызметкерлері үшін міндетті болып табылады. 

Бағыттамалар  мен  сигналдарды  орталықтандырумен  жабдықталған 

станцияларда пойыздарды қабылдау және жөнелту маршруттарын дайындау 

жөніндегі  барлық  операцияларды  станциябойынша  кезекшінің  өзі  немесе 

оның  нұсқауы  бойынша  орталықтандыру  постының  операторы  орындайды. 

Атқарушы  пункттерден  орталықтандырылған  бағыттамаларды  басқару 

кезінде  пойыздарды  қабылдау  немесе  жөнелту  маршруттарын  дайындау 

туралы  барлық  өкімдерді  станция  бойынша  кезекші  орталықтандырудың 

атқарушы пункттерінің операторларына береді және басқару аппаратындағы 

тиісті іс-қимылдарға өкімді растайды. Берілген өкімдердің дұрыс орындалуы 

орталық  аппараттың  басқару  аспаптарының  көрсеткіштері  бойынша 

бақыланады. 



 

Маршруттарды дайындау тәртібі 

 

Әрбірпойызды  қабылдауға  немесе  жөнелтуге  арналған  Маршрут 



уақтылы  дайындалуы  жәнекіріс  (шығыс)  бағдаршамы  қабылданатын 

(жөнелтілетін)  пойыздың  машинисі  сигналдың  ашық  жағдайын  уақтылы 

қабылдай  алатындай  және  станцияға  кірген  кезде  пойыздың  белгіленген 

жылдамдығын  төмендетуге  немесе  станциядан  жөнелткен  кезде  пойыздың 

кідіруіне жол бермейтіндей есеппен ашық болуы тиіс. 

Әрбір  пойызды  қабылдау  және  жөнелту  алдында  станция  бойынша 

кезекші жолға және қабылдау (жөнелту) маршрутына шыға отырып, сондай-

ақ  күзетілетін  жағдайға  бағыттамаларды  орнату  арқылы  жылжымалы 

құрамның  пойыздың  жүру  маршрутына  шығуын  болдырмау  мүмкін  емес 

жолдарда маневрлерді тоқтатады. 

Пойызды  қабылдау  және  жөнелту  алдында  станция  бойынша  кезекші 

белгіленген  тәртіппен  қабылдау  немесе  жөнелту  маршрутын  дайындайды 

және кіру (шығу) бағдаршамын ашады.  

Станция  бойынша  кезекшіге  маневрлерді  нақты  тоқтатуға  көз 

жеткізгенге  дейін  сигнал  ашуға  немесе  пойызды  қабылдауға  немесе 

жөнелтуге  басқа  рұқсат  беруге  тыйым  салынады.  Маневрлерді  тоқтату, 

станция  бойынша  кезекшінің  өкімдерді  беруі  және  оларды  орындауда  оны 

сендіру станцияның техникалық-өкімдік актісімен белгіленеді. 

Дара  жолды  аралықтарда  немесе  локомотив  бағдаршамдарының 

сигналдары  бойынша  дұрыс  емес  жол  бойынша  қозғалыс  кезінде  станция 

бойынша  кезекші  бұдан  басқа,  аралыққа  тұру  құқығын  кезекші  пойыз 



диспетчерімен  (ал  пойыздық  диспетчерлік  байланыс  ақаулы  болған  кезде  -

көрші станция бойынша кезекшімен) алдын ала келісуге міндетті.  

Пойыздың  өтуі  кезінде  кіру  (шығу)  бағдаршамы  автоматты  түрде 

жабылады. Егер бағдаршамды басқару сигналдық тұтқамен жүзеге асырылса, 

станция бойынша кезекші оны қалыпты жағдайға қояды.  

Топтық  шығу  (маршруттық)  бағдаршамдары  болған  кезде,  жөнелту 

жолдары қайталама бағдаршамдармен жабдықталмаса, пойыздарды жөнелту 

бағдаршамның  рұқсат  беретін  көрсеткіші  және  пойызды  жөнелтуге  рұқсат 

етілетін  жолдыңнөмірін  жасыл  түсті  цифрмен  көрсететін  маршруттық 

көрсеткіш бойынша жүргізіледі.  

Егер  жөнелту  жолында  топтық  бағдаршамның  қайталаушы 

бағдаршамы  болса,  онда  пойызды  осы  жолдан  (топтық  бағдаршамнан) 



жөнелту қайталаушы бағдаршамның көрсеткіші бойынша жүргізіледі. 

 


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет