Бейсембай Әсемгүл, 5-сынып оқушысы
Қазантай жалпы негізгі білім беретін мектептің,
мұғалімі Нұртазина Ш.А.
Отан үшін отқа түс...
Атаң Абылай қазақтың кегін алған,
Туын жығып, жауының шебін алған.
Азуын айға басқан сан менменнің,
Үрей-құтын ұшырып, ебін алған.
«Түрікменнің түбінен малын алып,
Арыстанның аузынан жемін алған»
Жаудан қорғап, мал менен басын билеп,
Қазақтың сары алтынын тегін алған.
Жанақ ақы)
Жоспар:
Кіріспе
Менің отаншылдыққа деген көзқарасым.
Ұлы Отан соғысын мысал ете отырып халық патриотизмінің көрінісіне шолу жасау.
Қорытынды
Отан. Бұл сөздің астарында үлкен мағына жатыр. М. Арын айтқандай: «Отан дегеніміз – төрт қана дыбыстан тұрады. Оны айтқан кезде қазақ тілін білетін кез келген адам көз алдына өзінің атамекенін елестетеді». Яғни, Отан бұл адамның кіндік қаны тамған жері, азамат боп ер жеткен жері. Ал отаншылдық дегеніміз не?! Бұл сөзді әр адам көз алдына әрқалай елестетеді. Кейбіреулер бұл елді қорғау десе, кейбіреулер еліне қалтқысыз еңбек ету дейді. Әрине, бұның барлығы дұрыс. Отаншылдық Отанды сүюмен тең. Өз Отанын, өз туған жерін – асқар тауларын, қайыңды, қарағайлы, қызғалдақты жерлерін, желмен сарқырап ән салған өзен-көлдерін ерлікпен қорғау – ол да отаншылдықтың белгісі. Отан сүюші адамның жүрегі әрқашан жеңіс пен бейбітшілікті аңсайды. Ал Отанға соғыс сияқты қауіп төнсе, елін қорғаушы адам өз басын өлімге байлай отырып, асқан ерлікпен ажалмен алысады.
Біздің қазақ баласында батырлығымен, отанға деген сүйіспеншілігімен көзге түскен халық патриоттары өте көп. Әсіресе, қазақтардың Ұлы Отан соғысы жылдары кезіндегі ерлігі жайлы айтпай кетпеске болмайды.
1941 жылы 22 маусымда гитлерлік Германия соғыс жарияламастан, опасыздықпен шабуыл жасады. Фашист әскерлері Кеңес мемлекетінің шекарасына басып кірген. Гитлер өз сыбайластарымен дүние жүзіне үстемдік орнатқысы келді. Фашист әскерлері еркіндікті сүйген халықты құлдыққа түсіруге, кең байтақ жерімізді тартып алуға тырысқан. Бірақ қазақ халқының бойында Амангелді батырдың рухы өлген жоқ. Халықтың Отан қорғаушылардың қатарына өз еркімен қосылуы халық патриотизмінің ерекше көрінісі болды. Бұл соғыста Отан үшін жас қанын пида етіп, жанып тұрған отқа түскендер көп болды. «Майданға жіберетін ешкім жоқ – ағам да, апам да жоқ, сондықтан менің өзімді жіберуді өтінем», - деп өз өтінішінде жазған Мәншүк Мәметова секілді көптеген қазақтың ержүрек ұлдары мен қыздары Отан үшін отқа түсіп, шайқаста қаза тапты. Қазақстандық жауынгерлердің ішінде гвардиялық атқыштар полкінің командирі майор Бауыржан Момышұлы бар еді. Соғыста Баукең бастаған полк жауынгерлері ерең ерліктер жасап, еліміздің абыройы мен даңқын арттырды. Ол жас жауынгерлерге «Отан үшін отқа түс, күймейсің» деп үгіт тастаған, ақыл-кеңес берген. Бауыржан Момышұлы Мәскеу үшін болған ұрыстарда ерлікпен шайқасып, жауға елеулі соққы берген. Шайқастарды еске алып, ол былай жазды: «Біз – Кеңес адамдарымыз, біздің жүрегіміз темір емес. Бірақ біздің кек отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады...біздің үрейді жеңетін ең күшті қаруымыз бар, ол – Отанға деген сүйіспеншілік».
Міне Бауыржан Момышұлының батырлығын сипаттай отырып, басқа да қазақ ұлдарының ерлігін, отаншылдығын көз алдымызға елестетуге болады. Сондықтан да әр қазақ баласы өз Отанын сүйіп, оған ата бабамыздың көзімен қарап құрметтей білу керек. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Елге деген сатқындық ең алдымен оның болашағына сенбеуден басталады»,- дегендей, әр азамат өзінің еліне опасыздық жасамауы керек. Қазағымыз әр түрлі сындардан өткен болатын. Ондағы әрбір жеңіс тек тарих емес, бұл жеңістер еліміздің бүгінгі күні мен болашағын айқындау үшін жасалған істер болды. Сондықтан біз жастар еліміздің болашағына кәміл сеніммен қарап, Отанымыздың өркендеуіне пайдалы үлес қоса алатын азамат боп, елімізді әрқашан қорғауға дайын тұратын Отан қорғаушы боп өсуіміз керек.
Бекейхан Айдан, 8-сынып оқушысы
«Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік
лицей-интернаты» ММ
Отаның үшін жасауың керек неше ерлік,
Қажеті қанша жігітке жігер өшерлік.
Отаның үшін махаббат керек, махаббат,
Отанын сүймеу – есерлік!
Ғ.Қалибекұлы
Балдан да тәтті, құлаққа ерекше естілер сөз, қадірлі-қасиетті ұғым – тәуелсіздік. Мен «рухы – өр, тәні – бекем, қайсар халықтың» ұрпағымын, азат елдің ашық аспанын көріп өскен бақытты ұрпақпын! Тәуелсіздіктің ата-бабалар арманы болғанын, тәуелсіздіктің ақ таңы көзден шыққан ыстық жас пен көкіректен шыққан ыстық қанға боялып келгенін білемін. Ат жалы, түйенің қомында, «намыстан жаралған халықты, азаттық жолында жалындай жанғызған» тәуелсіздік, «тағдырдың тезі мен тозақтың өзінен өтуден» келген тәуелсіздік, бүгінгі күні көк аспанға шаттана қаратқызған, еңсемізді биік ұстатқан тәуелсіздік, арман – тәуелсіздік!
Қазақстан – тәуелсіз, егеменді, байтақ ел! Тәуелсіздік – кім-кімнің де жүрегіне жағымды, жайлы сөз. Қалай тебіренбессің?! Қалай толқымассың?! Нағыз елсүйгіштіктің арқауы осы сөздерде жатқан жоқ па? Егер дөңгеленген дүниенің дүрсілдеп тұрған жүрегі оның егемендігі десек, сол жүректі соқтыратын қаны – жас ұрпақтың ертеңгі таңы арайлап ату үшін атқарылып жатқан адал еңбек.
Азияның жүрегі – Қазақстан болса, Қазақстанның дүрсілдеп тұрған жүрегі – Астана. Жаңа Астана – тәуелсіз Қазақстан үшін келешектің нышаны, тәуелсіздіктің шашуы. Міне, бүгінгі таңда қазақтың дархан даласында азаттықтың алып қоңырауы соғылып, халқымыз бостандықтың жаңбырына жуынды. Тәуелсіздіктің ең басты жетістігі - еркіндік! Еліміздің еркін өмірдегі бүгінгі табыстарының бәрі де – тәуелсіздіктің жемісі. Бостандықтың қыраны тұғырына қонақтап, «Қазақстан» деген алып мемлекеттің керегесі көгеріп, шаңырағы асқақтай түсіп, 20 жылды артқа тастады. Жиырма жылда шоқтығы биік асқарларды асып, ұлы асуларды бағындырдық. Әлемдік қауымдастықтың көшіне жеке керуен болып қосылдық. Осы ұлы керуеннің тұтқасын ұстаған елбасымыз Н.Ә.Назарбаев арғы-бергі тарихтың сабағын саралай келіп, былай дейді: «Біз – алыс сапарға бел буып, кемемізді тәуекел дариясына түсірген елміз, елес үмітті емес, ерлік пен елдік мұратын кемеміздің туғырына ту етіп байлаған елміз».
Аспанмен таласқан, ұшар басы сұлудың сәукелесіндей, аппақ қармен көмкерілген, қарақұсты көздеген мергеннің жебесіндей көкке шаншылып, көкжиекке кеудесін тіреген асқар, алып шыңдар. Сұлудың кірпігіндей кербез шыршалар, таудан құлай, сыңғырлап аққан бұлақтар, баяу ғана тербеліп, еркелей соққан самал жел, сағымдай мұнартқан шөлдер. Бұл – ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен, ата-бабаларымыз қорғап, қазақтың басы мен жұлын-жүйкесі – Кенесары, қайқы қара қылышы – Бауыржан, уыз сезімі – Қайраттар сақтап қалған, қазақтың дархан даласы...
«Ерлік – елдің қасиеті, жүректілік – жігіттің қасиеті» деп ұрандатқан бүгінгінің Бауыржандары – қарулы күш сарбаздары. Олар – ел қорғандары. «Қиядан қиқу төгілсе, аттың басын тартпаған, қисапсыз қол көрінсе, қорқып жаудан қайтпаған» ержүрек елдің ұрпақтары бүгінде Отан алдындағы борышын адал өтеуде. Қарулы күштер сарбаздары өздерінің ісімен де, күшімен де қыран қазағымның қанаты қырқылмаған, қайта көкке қарай өрлегенін, ұлттық рухы өлмегенін, халқының қанында, ұрпағының жадында жүргенін дәлелдеді. Олар «Ел дегенде езіліп, жұрт дегенде жұмыла қызмет ет» деген Бауыржан Момышұлының өсиетін бұлжытпай орындап келеді. Елім деп белін бекем буған, ұлтын сүйген ұландар «Көл бар жерде сүйрік болып, құс бар жерде қанат болып, күш бар жерде қуат болып», тәуелсіз елімізде тыныштық ордасын орнатты. «Бізде азамат сыны - ерлік» деп, М.Әуезов айтқандай-ақ, отбасынан алыста жүрсе де, ел қорғаған сарбаздар әрдайым Отанымен біре болып, ел тыныштығын сақтап келеді.
Тәуелсіз Қазақстанның еңсесін тіктеп, айрандай ұйыған ел ішінің берекесін арттыруға ат салысып, еліне қорған болған Қарулы күштердің құрылғанына, міне, биылғы жыл 20 жас толады. Қарулы күштердің бас қолбасшысы Н.Ә.Назарбаев: «Өзін-өзі қорғай алған елдер ғана өсіп-өркендеген» демей ме? Ендеше, Ә.Кекілбаев сөзімен айтсақ: «Тәуелсіздік – азаматтықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші, Тәуелсіз елдің ұлы – өжет, қызы – қайратты, халқы – қаһарман».
Отаншылдықтың қайнар көзі – Отан, ал «Отан отбасынан басталады». Сондықтан «Отан үшін күрес – ерге тиген үлес» емес пе? «Туған жердің әр тасы – біздің алтын тағымыз». «Отанды тек қарумен ғана емес, ақылмен де қорғауды насихаттуымыз керек» деп, ой түйеді Фазылбек Әбсаттарұлы.
Тәуелсіздіктің арайлы ақ таңы атқаннан бері мерекелі жылдардардың берекелі жемістерінің бірегейі деп лицейіміздің ашылуын айта аламыз. Бүгінгі таңда оқушылардың ыстық ұясына айналған лицейіміздің ашылғанына небәрі он жыл толса да, жас мемлекетіміздің тәуелсіздігімен бірге алға құлаш жайып келеді. Қысқа уақыттың ішінде Қазақстан Республикасы ретінде асу бермес белестерді бағындырсақ, лицейіміз де осы он жылдың ішінде тәуелсіздікпен бірге жиырма ұлы асудан өтті. «Оқымаған жүреді қараңғыны қармалап» дегенді еске ала отырып, Қазақстанды әлемнің жеті құрлығына әйгілеп, ақыл-парасатымен білімнің күннен де жарық екендігін дәлелдеген, он бір жылдық ақылдың кенін көңілдеріне ықыласпен тоқыған әр жылдың үздік түлектері он жылда қанаттары қатайып, түлеп ұшты. Олар бүгінгі таңда мұхит асып, ел танып, Қазақстанның абыройын сегіз қиыр шартарапқа асқақтатып, көршілес Қытай, Ресей, алыс-жақындағы Түркия, АҚШ, Малайзия, Ұлыбритания, Сингапур, Корея іспеттес елдерде білім шөлін қандырып, қазақ атын дүйім жұртқа танытуда...
«Ерлік те, елдік те ұрпаққа аманат», сондықтан жас ұрпаққа үлкен жауапкершілік жүктеледі. Лицей жұлдызын биіктерде, білім мен өнердің биік шыңдарында жарқыратқан алдыңғы буын әпкелеріміз артқы толқынға үлгі. Себебі, «Толқынды толқын қумай ма?». Алдыңғы толқын ағалар, артқы толқын інілер болғанда, біздің алдымызда бір төбе боп тұрған лицей мақтаныштары, әпкелеріміз, артынан ізін басқан біздерге сара жолды салып кетті. Ұлы Абай атамыз айтқан «Үш-ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» деген сөздері, Қазақстанның кеңге төсілген дархан дала-кеудесінде желкілдеп шыққан көк шөптей біздерді, біздің ыстық қайрат пен нұрлы ақыл, жылылыққа толы жүрегімізді алдыңғы толқынға қарап бой түзеп, елімізді жеміс пен жеңіс айдынында таныта беруге жетелейді.
Сен де бір кірпіш дүниеге,
Кетігін тап та, бар, қалан,
-деп, Абай атамыз айтқандай, білімнің шалқар теңізінде ғылымды кеме етіп, өмірдегі лайықты орнымызды табуға, сегіз қырлы бір сырлы болып, өз ана тілімізді, өзге тілдерді де меңгеріп, ұлтын сүйген жас ұлан болып жетілуге еңселі ақ ордамыз тәрбиелейді.
«Отан отбасынан басталса», менің лицейім – Қазақстан деп аталатын Отанымның бір бөлшегі. Ендеше лицейді сүйген әрбір қызғалдақ Отанын да берік сүйеді.
Отан – әрбір адамның қорғауға міндетті қастерлі мекені. Отанын сүйетін әрбір азамат атадан балаға қанмен тараған ерлікті біліммен толықтырса, төңірегіне нұр шашып тұратын қуатты күшке ие болмай ма? Отаншылдық Абай атамыз: «Атаның баласы болма, адамның баласы бол» деген бір ауыз сөзі тұжырымдайды. «Отан» деп лүпіл қаққан жүрек болса, «Отан» деп ел үшін егілген, халық үшінқайысқан лек болса, «Отан» деп ағындаған тілек болса, арманы орындалды дей бер. Ендеше, еңселі ел болуды ежелден аңсаған ер қазақ үшін тәуелсіздік – «бабаларымыздың ұраны, бейуақытта, бойға таққан тұмары», алаулап жанған шырағы.
Ертеңгі күні тарих бетіне біздің атқарған істеріміз жазылып, кейінгі толқынға мұра болып, сабақ болып қалатыны аян. «Тарихы бар ел ғана тарих жасай алатынын» ескере отырып, ертеңгі күні алдымыз – мұз, артымыз – құз болып қалмас үшін, тәуелсіз еліміздің шаңырағын биік, керегесін мықты етіп ұстауымыз керек. Тізгінді берік ұстап, тәуелсіздікті сақтап қана қоймай, нығайту – біздің азаматтық парызымыз. Себебі біз арғы тегі сақтар болған БАТЫР халықтың, Сарыарқада кең көсілген ӨР халықтың, Алтайдан Атырауға дейінгі аймақты қоныстаған РУХЫ жоғары халықтың, білегі бір, жүрегі бір ұрпағымыз.
Ақын Ербол Шаймерденұлы:
Көк байрақ иілмесін, жығылмасын,
Көзге жас, кеудеге өксік тығылмасын.
Тұрғанда көкшіл Туың көкті тіреп,
Қазағым, сен қашанда тұғырдасың! –
деп жырлайды. Шыңғыс хан заманында айтады екен: «Құлаш бойың құлса да, тіккен туың құламасын», міне, ендігі тілек – осы.
Бораш Айгерім, 10-сынып оқушысы
«Дарынды қыз балаларға арналған облыстық қазақ-түрік
лицей-интернаты» ММ
Ежелден ер тілегі – ел тілегі,
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі.
Б.Момышұлы
Қазіргі таңда мамандықтар саны өте көп. Негізгі, ежелден келе жатқан мамандықтармен қатар, заман талабына сай пайда болып жатқан мамандықтар да баршылық. Солардың ішінде ұстаздар мен дәрігерлердің орны ерекше. Бұл екі мамандық кез келген мемлекетте ерекше бағаланады. Ақ халатты абзал жандар – дәрігерлер, адамзаттың денсаулығын қадағалап, кемтарларға үміт сыйлап, керек ем-шара қабылдаса, ал ұстаздар барша адамзатты білім нәрімен сусындатып, рухани тәрбие береді. Яғни, әр адам қандай да бір мамандық иесі болса да, осы екі мамандыққа тәуелді болады. Осылайша, мемлекеттің дамуы, өрбуі және болашағы осы мамандықтарға байланысты. Бірақ мемлекеттің гүлденуі мен шарықтауы үшін тағы бір саланың рөлі өте зор. Ол – мемлекеттің әскері. Мемлекет азаматтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, әр таңды шаттықпен қарсы алып, ешқандай уайымсыз күн өткізуіміз үшін, өмірлерін арнап, қызмет атқаратын әскерилердің мамандығы сый-құрметке сөзсіз лайық.
Мықты, дамыған державалардың қайсыбірін алсақ та, әскерлері керемет дамыған. Ал дамыған әскер қандай болу керек? Мемлекет әскерінің дамып-дамымағандығын қандай талаптар айқындайды? Қандай басты факторлар әскер күштілігін көрсетеді? Дамыған техника, заманауи қару-жарақтар немесе жауынгерлер саны ма? Әрине, бұлар да өте маңызды. Алайда, ең бастысы, бұл – жауынгерлердің отаншылдық рухтарының биіктігі. Отаншылдық сезім – бұл көзге көрінбейтін, ақшаға сатылмайтын дерексіз дүние болса да, оның орны ерекше, тіпті бұл кез келген әскердің қозғаушы күші деуге болады. Себебі, халқын шын сүйетін азаматтар көп болса, халық көркейіп өседі. Ұлт үшін, кіндік қаны тамған туған жері үшін қолында барын аямайтын жауынгерлер ғана, кез келген жауға тойтарыс бере алады.
Ал осы қазақ халқының әскери күштері қалай дамыды? Менің ойымша, Қазақстанның әскери тарихын сонау сақ, ғұн және Қазақ хандықтарынан бастауға болады. Себебі, ата-бабаларымыздың бастамасын, қазіргі таңда біз жалғастырудамыз. Сөйтіп, мен шығармамды біздің заманымызға дейінгі халқымыздың әскери күштері мен қазіргі таңдағы қарулы күштерді салыстыра өрбіткім келеді.
Қазақстанның ежелгі әскери тарихы сақтардың парсы патшасы Кирді жеңуі мен одан кейін Дарийдің қолын талқандауынан басталады және Александр Македонскийдің әскеріне мықтап тойтарыс беруімен жалғасады. Одан кейінгі кезеңде ғұндар империясы құрылып, Қытай мен Ұлы даланың шекарасын бөлген Қытай қорғаны, бірнеше жеңілістен кейін, ғұндардан қорғану үшін салынғаны мәлім. Ал Еуропаға жеткен ғұндар патшасы Еділдің Римге шабуылынан кейін көп ұзамай Рим империясының құлауы ғұндарды әскери өнердегі қуаттылығының шырқау шыңына жеткенін көрсетеді. Міне, сонау ежелгі заманның өзінде біздің түпкі бабаларымыздың қандай күшті әскері болған! Және осы хронологияны орта ғасырлардағы түркі тектес халықтарының тарихымен жалғастырайық. Түркі жұрты ҮІ-ҮІІІ ғасырларда Византия және сасанидтік Иранмен соғыстарында әскери өнерін дамытуға баға жетпес үлес қосқан. Даңқты Шыңғыс ханға да тойтарыс бере алды, заңғар билеуші, қолбасшы Әмір Темір де аса құдіретті тұрақты әскери күш құруда әлем тарихының сахнасына бірінші болып шыққан еді. Ал қазақ мемлекетінің тәуелсіздігін қорғауда есімдері аса құрметпен айтылатын – Қасым хан, Хақназар хан, Тәуке хан, Абылай хандар баға жетпес әскери дара тұлғалар деуге сөзсіз лайық адамдар. Сонымен қатар Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Шапырашты Наурызбай тағы басқа батырлар қазақ әскери тарихында өзіндік қолтаңбаларын қалдырды, қазақ әскери өнерінің дамуына аса зор үлес қосқан батырларымыз болған. Міне, осы соқтығыстардағы жеңістер мен жоғарыда айтып өткен отаншылдық сезімнің арқасы деп ойлаймын. Елі, жері үшін, келешек ұрпақ, біз үшін соғысқан ата-бабаларымыздан асқан нағыз ұлтжанды адамдар табылмас. Қазақ халқы әрі қарай да батылдықпен, батырлықпен, ержүректілікпен басқа шайқастарда да күресті. Мысалы, қазақ еліне көп қиыншылық әкелген шайқастарға, төрт азапты жылға созылған Ұлы Отан соғысына біздің қандастарымыз қатысқан.
Осындай терең тарихы бар қазақ әскерлері қазіргі таңда да көркеюде. Қазақстанның Кеңес Одағы ыдырағаннан кейінгі әскери саладағы жағдайы көңіл көншітерліктей емес еді, сондықтан да мемлекеттік тәуелсіздікке қол жеткен соң, Қазақстанның алдында сенімділікті қамтамасыз ететін қорғаныс жүйесін құру міндеті тұрды. Сондықтан Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 1991 жылы 25 қазанда Мемлекеттік Қорғаныс комитетін құру туралы Жарлығына қол қоюы – алғашқы қадам болды. Сөйтіп, 1992 жылы 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерін құру туралы шешуші құжат та қабылданды. Тұрақты қалыптасқан жүйені басқару, әрине, сонша қиын жұмыс емес, бірақ жаңа туған сәбидей жас тәуелсіз мемлекеттің әскерінің негізін қалап басқару оңай шаруа емес. Осы жоқтан бар жасаған, еліміздің алғаш қорғаныс министрі С.Қ.Нұрмағамбетов «Халық Қаһарманы» атағына ие болған тұлға. Міне, осыдан бері 20 жылдай уақыт өтті. Кәмелет жасқа толған әскерімізге біз, қазіргі таңның өзінде, толық сенім білдіре аламыз. Қара күн туып, соғыс бола қалған жағдайда еліміздің қорғаныс министрлігіне қарайтын әскер түрлерiнен басқа Iшкi iстер министрлігінiң iшкi әскерлерi, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң шекара қызметi және басқа да әскерлерi, республикалық «Ұлан», азаматтық және аумақтық қорғанысты басқару мен құру органдары әрқашан ел қорғауға дайын. Менің ойымша, осындай керемет жағдай жасалған, азат елдің азаматтары, біз, қолымыздан келгенімізше ел тағдыры үшін ат салысуды міндет етуіміз керек
Қорытындылай келе, мен осындай ұлан ғайыр, жер қойнауы алтынға, іші мейірбан жүзді адамға толған мемлекетте, Қазақстан Республикасында, тұратыныма бақытты екендігімді айтқым келеді. Және мен өз басым, ұшса, тіпті қайратты қыран құсының қанаты таларлық, қиыры жоқ мемлекеттің азаматы атануға лайық адам болып жетіліп, еліміздің болашағы үшін аянбай қызмет етуді армандаймын. Жастайымнан кадет корпусына түсіп, қатал тәртіпке бейімделген адам болып өспесем де, нәзік жанды, биязы мінезді қыз болсам да, керек болса Отаным үшін қолыма қару алып жауға қарсы тұруға дайынмын. Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай, «Отаншылдық рухы бізге ауадай қажет!». Менің ойымша, еліміздің әрбір азаматы, қандай ұлт өкілі болмасын, осылай ойлауға міндетті.
Ескендиров Темирлан, 11 класс,
ГУ «Гимназия №3 для одаренных детей»,
руководитель Кайдарова А. А.
Защита Отечества: от отца к сыну
Непобедимая и легендарная,
в боях познавшая радость побед,
тебе, любимая, родная армия…
Взять эти слова из когда-то популярной песни в качестве эпиграфа мне посоветовал мой отец, 20 лет назад служивший в рядах вооруженных сил страны. Я люблю слушать его воспоминания о воинской службе: о сослуживцах, с которыми он до сих пор созванивается; о том, что тогда принято было служить в армии, т.к. армейцы в глазах окружающих были настоящими героями; о разных веселых и не очень веселых случаях из жизни молодого бойца. Я так живо представляю своего папу молодым солдатом: невысокого роста, очень накачанный, потому что семья родителей жила в ауле, и папе приходилось выполнять всякую тяжелую работу по дому и уходу за животными, а кроме того, в школе имелся боксерский клуб, куда с увлечением ходили деревенские подростки; с неизменной гитарой в руках, поющий в минуты отдыха популярные тогда песни. Папа вспоминает, как в 10 классе на школьном костюмированном литературном вечере он выступал в роли Василия Теркина и занял первое место; как со всем классом он участвовал в смотре строя и песни, когда все мальчишки и девчонки изображали лихих моряков, увлеченно маршируя по спортзалу. Армейская подготовка стала для моего отца, как он говорит, путевкой в жизнь. Придя из армии, он закончил педагогический институт, стал учителем физвоспитания, и сегодня сам готовит будущих учителей.
Взвешивая свои достоинства и недостатки, я думаю, что все хорошее во мне – от отца, настоящего мужчины. Я так же увлекаюсь спортом и даже побеждаю в спортивных соревнованиях по настольному теннису. У меня так же, как у папы, много верных друзей. Я так же люблю петь и даже однажды выиграл «Открытую Европу». А еще я так же уважаю армию и все, что с ней связано. И так же, как мой отец, я хочу служить в казахстанской армии.
Легендарная армия Казахстана… Со времен джунгарского нашествия лучшие люди становились защитниками своего народа. Именно казахстанцы не пустили врага к Москве, встав насмерть под Волоколамском. Именно родная армия гарантирует сегодня спокойную жизнь и мирный труд нашего гордого народа.
У меня есть старший друг. Он уже закончил школу, и теперь учится в военном институте в Алматы. Приезжая на каникулы, Аслан рассказывает столько всего нового и интересного, что голова идет кругом. Форму он носит как-то особенно круто. Он получил командирские часы за то, что лучше всех сдал экзамены. В школе он учился в классе с углубленным изучением математики, и это было так трудно. Зато теперь ему нет равных в изучении высшей математики. Он уже был на учениях и стрелял из автомата. Им преподают иностранные языки. Он уверен, что в будущем его ждет перспективная работа. Мы, его друзья, шутим: «Аслан, проверь свой рюкзак, нет ли там маршальского жезла». На что он неизменно отвечает: «Плох тот солдат, который не мечтает быть генералом».
У нас в семье отмечается много праздников, но есть два особенных: старый праздник 23 февраля – День Советской Армии, с которым мы поздравляем папу, и 7 мая – День защитника Отечества – мой праздник, потому что я и есть будущий защитник Отечества, чем очень горжусь и к чему готовлюсь уже сейчас.
Жақсыбай Оразай, 8 сынып оқушысы
Қызылжар селолық округінің орта мектебі» ММ
Отаным менің қандайсың?
Отаным менің қандайсың?
Қыран болып самғайсың.
Көк туым болып аспанда,
Қалықтайсың, талмайсың.
Отаным менің қандайсың?
Шуақ шашқан күндейсің,
Толықсыған айдайсың,
Құзар биік шыңдайсың
Отаным менің қандайсың?
Барлық пайдалы қазбалар
Бір өзіңнен табылған
Жер жанаты болғансың.
Отаным менің қандайсың?
Есіктен кірсе, төр берген
Май сұраса, бал берген
Нағыз жомарт жандайсың.
Отаным менің қандайсың?
Сарыарқаның даласы,
Мекен еткен достықпен,
Әрбір ұлттың баласы.
Отаным менің қандайсың?
Өркендеткен қаласын,
Көркейте білген даласын,
Құрметтеген данасын,
Оқыта білген баласын,
Қайсар қазақ данасың!
Тәуелсіздік азат
Алғаның сенің тәуелсіздік азат,
Танылған атың әлемге қазақ.
Ұраның сенің бейбітшілік азат,
Болмайсың енді ешкімге мазақ.
Ататын алдан таңың бар аппақ,
Әнің бар еркін салатын асқақ.
Қыран боп көкте ұшатын самғап,
Шуағын төккен күнің тұр ортақ.
Мекен еткен жеріңе қазақ,
Жүз отыз ұлт өкілі азат.
Қорғаған дінін, салты мен тілін,
Ынтымақ, достық ұраны азат.
Кашкенова Айым, 9 класс,
Дарынды балаларға арналған Абай атындағы 10 лицей
Әскер - әліміз, армия - абыройымыз!
Б. Момышұлы
Ежелден еркіндікті аңсаған қайсар мінезді қазақ халқының асыл мұраты – еңселі ел болу еді.«Елім» деп еңіреп, «Егемен болмай, ел болмас, етектен кессе, жең болмас» дегенді ту етіп ұстаған дана халқымыз азаттық жолында қаншама тер төкті?! Мың өліп мың тірілген аса шытырман талас-тартыспен тұғырлы тәуелсіздікке ұмтылды. Тәуелсіздік – ата-бабаларымыздың ежелден бері аңсаған асқақ арманының жүзеге асқан сәтінің көрінісі, егемендігіміздің жемісі. Кезінде қазағымыздың біртуар ұлы Абылай ханнан: «Қандай арманың бар?» - деп сұраған екен. Сонда даңқты дара тұлға: «Үш жүздің басын қоссам ба? деп едім, қоса алмадым. Қала салсам деп едім сала алмадым. Қазақты біртұтас ел етсем деп едім, оны да жасай алмадым»,- деген екен. Алаш арыстанының осындай ізгі мақсаты енді ғана жүзеге асты. 1991 жылы сын сағаттар туған сәтте дербес мемлекет – Тәуелсіз Қазақстан құру еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қажырлы еңбегінің, қайтпас ерлігінің арқасында мүмкін болды. Өзге мемлекеттерде ұлтаралық араздық орын алып жатқанда, біздің республикамызда оның ұшқыны да байқалмайды. Жаратқанға мың да бір шүкір! Қазақтың қасиетті қара шаңырағы кімдерге пана болмаған, мемлекет басшысының Қазақстанды әлемдегі бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына енгізу жөніндегі үлкен тілегі баршаға аян. Ал осы межені бағындыру үшін ұшқан құстың қанаты талатын қазақтың дархан даласын мекендейтін әрбір қазақстандық аянбай еңбек етуі тиіс. Ол үшін өзіңді республика халқының ажырамас бөлігі ретінде сезіну - Қазақстанды ортақ Отаным деп тану және ел мүддесін қорғайтын борышты түйсіну керек. Отан деген жай сөз емес, халық жазушысы Ғ. Мүсірепов: «Жер жүзінде сенің туып-өскен жеріңнен артық жер жоқ» деген екен. Шынымен де адамзат баласына туған жердің топырағы ерекше ыстық. Кез келген мемлекеттегі тәрбиенің ең үлкені – патриотизмге байланысты. Ал көшпелі қазақ өркениетінде Отаншылдық ең қасиетті міндеттердің бірі болып саналады. Ежелгі түркі қағандығы кезінде тасқа жазылған Күлтегін ескерткіштерінде ел билеушілерінің Отаншылдық үлгісі көрініс тапқан. Төле, Қазыбек, Әйтеке билер, Ақтамберді, Бұқар жыраулар және ХХ ғасырдың қасындағы А. Байтұрсынов, Ә. Бөкейхан, Ж. Аймауытов, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, т. б. ұлт зиялылары мен кайраткерлері Отаншылдықты сөзбен ғана емес, іспен де өнеге көрсете білді. Әйтеке би: «Өмірім халықтікі, өлімім ғана өзімдікі» деп халыққа қызмет етудің, Отаншылдықтың айнасы бола білді. Тәуке хан заманынан қазақ қоғамында Отаншылдық байлықтан да жоғары бағаланды. Қазіргі кезде Қазақстан өмірінде «Қазақстандық патриотизмді» қалыптастыру және оны азаматтардың ой-санасына сіңіруді мемлекеттік дәрежеге көтергенімен, Отаншылдық ой-сананы қалыптастырудың шешілмеген мәселелері бар. Қазақстандық патриотизм – ел азаматтарының біртұтастығы, кешегісіне құрметпен қарауы, бүгінгісіне күшін салуы, ертеңіне сенуі, яғни, тұрақты өмірі мен жарқын келешегі жолындағы еңбегі мен күрескерлігі іспетті. Отаншылдық пен елжандылық туған отбасына, туып-өскен ортаға, туған топырағы мен табиғатына деген құрметтен басталады. Сондықтан Отаншылдықтың қайнар көзі адамгершілік қасиеттен болмақ. Отаншылдықтың іргетасы – ұлтжандылық. Өз ұлтын сүйіп, оның мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын азамат қана Отаншыл болады. Отаншылдықты рухани құбылыс ретінде зорлықпен, нұсқаумен биліктің басқаруымен енгізу мүмкін емес. Н. Назарбаев: «Әрбір адам біздің мемлекетімізге соның бай да даңқты тарихына, оның болашағына өзінің қатысты екенін, мақтанышпен сезіне алатындай іс-қимыл жүйесін талдап жасауы қажет. Елдің проблемалары да, келешегі де барлық адамға жақын әрі түсінікті болуы тиіс...Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан – менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды басына сіңіріп өсетіндей істеген жөн»-дейді. Міне, осы сөздің өзі – тұла бойы тұнған Отаншылдық тәрбие міндеттері қазақстандық патриотизмнің анықтамасы да осынау парасатты ойдан арна тартады.Қазақстан Республикасы - өзінің тәуелсіз мемлекет екендігін бүкіл әлемге дәлелдеді.Енді басты міндет – осы мемлекеттің өркендеп өсуі, халықтың әлеуметтік дамуы, өнуі, экономикалық жағдайының көтерілуі. Қазақстанды – Отаным деп таныған әрбір азаматтың осыған өз мүмкіндігінше үлес қосуы тиіс.
Дана халқымыздың «Елім» деп туған ері болмаса, «ерім» деп еміренетін ел болмайды деген нақылы дәлеледенбейтін аксиома тәрізді. Әу, баста-ақ халқымыз ер азамат, ер жігіт, ұлықтай үкілендіретін ұлына ерекше қараған. Ел қорғаны, шаңырақ иесі деген танымдық әрі тәрбиелілік міндет таңа отырып, елжанды болудың өнегелі қазығын отбасында қаға білген. Сондықтан да болар, батыр бабамыз Бауыржан Момышұлының «Отан үшін отқа түс - күймейсің» деген қағидатын әрбіріміз ұстанамыз. Біздің бүгінгі әскеріміз қандай? Жиырмаға аяқ тартқан жалынды жастың бейнесі іспеттес қазақ елінің әскерінен өзінің жастық шағы жалындаған жасынан көп үміт күтетін, Отан – ана сенімінен шығатынына алда болады. Оған елдің де, ердің де жігері жетеді. Ұлаң-ғайыр еліміздің бүтіндігін сақтайтын да, халықтың тыныштығын алатын лаңкестермен қарсы ұйымшылдықпен күресетін, мемлекеттерге қауіп төндіретін кез келген сыртқы және ішкі күштерге қарсы тұратын қуатты әскерлеріміз бар. Олардың ерліктері, батылдықтары, табандылықтары, өжеттілік, қайсарлықтарының арқасында біз,тәуелсіз елдің ұл-қыздары еш уайымсыз ертеңгі күнімізге аттай аламыз. Ерлік – табиғат сыйы емес, ең алдымен, өзінің ар-намысын және азаматтық қасиетті абыройын қорғау. Қазіргі әскерлерімізге қарап болашағымды, еңсесі биік елімді елестетемін. Сол кезде «мен өз елімнің патриотымын, жаңа ғасырдың жас ұрпағы егеменді елдің ертеңімін. Қазақстан – менің Отаным, менің жерім!» - деген сөздер ұран болып, жүрегімнің түкпіріне барып сәуле шашады. Еліміздің көк Туы желбіреп, Отанымыздың тұғыры әрқашанда биік болатынына сенімдімін.
Отан – бақыт пен шаттықтың, махаббат пен сүйіспеншіліктің, татулық пен бейбітшіліктің, мейірімділік пен адамгершіліктің қайнар көзі. Біз, жастар – Қазақстанның болашағымыз, олай болса, егемен елдің еңсесін тіктеп, Тәуелсіз Қазақстанның көк туын көкте желбірету үшін аянбай еңбектенуіміз қажет. Сонда ғана сапалы нәтижеге қол жеткіземіз, замандастар!Ел әлінің, әлеуметінің айбының көрсететін әскеріміз тек әскери шеруде, абыройлы армиямыз ел тыныштығын күзететін кейпінде мәңгі қалсын!
Достарыңызбен бөлісу: |