3.Қоғамдағы ұлттық және этникалық қатынастар. Республикамызда әрбір адамзаттың қай ұлтқа, қай партияға және қай дінге жататынын өзі ұйғаруға және оны көрсетуге немесе көрсетпеуіне болады. Әркімнің ана тілі мен өзінің төл мәдениетін пайдалануға, қарым – қатынас тілін, тәрбиені, оқуды және шығармашылықты еркін таңдап алуға құқығы бар.
Қазақстанда қазір 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың, этникалық топтардың өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың әрқайсысы өз ұлтының көркеюін қалайды, өз ана тілінде сөйлегілірі келеді, өздерінің балаларын, немерелерін өз ұлттық дәстүр, әдет – ғұрып, мәдениетіне сай тәрбиелеп, баулығылары келуі - табиғи, заңды нәрсе. Сондықтан біз өзге ұлт өкілдерін кемістпеуіміз, шеттетпеуіміз керек. Өйтсек, оларды өз ұлтымызға қарсы қойып, ашындырып аламыз. Сондықтан осы атамекеннің иесі – қазақ халқы республикамыздағы басқа халықтардың басын қосып, оларға ұйтқы болып, бір қоғамға топтастыруға тырысқанымыз абзал. Біз Қазақ Республикасын мекендеуші әр халықтың санасында «қазақстандық ұлтжандық», «жалпы қазақстандық мақтаныш» рухын, сезімін оятып, қалыптастырғанымыз жөн.
Республикамыздың гүлденуі оның саяси, экономикалық, әлеуметтік, ғылыми – техникалық, мәдени жетістіктеріне байланысты. Сонда оның әрбір адамы да ауқытты, жақсы тұрады. Сондықтан мұнда тұрған әр халықтың өкілі жалпы Қазақстанның, әр облыс, аудан, елді мекеннің табысына қуанып, соған қажырлы еңбегімен аянбай – талмай үлес қосу керектігін сезіну тиіс. Мұның бәрі дұрыс жүргізілген ұлттық саясат нәтижесінде ғана іске асады.
Сайып келгенде, біз құрып жатқан құқықтық қоғамның ең жоғарғы құндылығы - адам. Мұнда оның қай ұлт – ұлысқа, дінге жататыны есептелмейді. Біздің міндетіміз – этникалық өзіндік өзгешіліктерді дамыту және Қазақстанның ұлттық – мәдени алуан түрлігін сақтау. Сонда ғана еліміз ұлтаралық келісімі жарасқан, қоғамдық – саяси ахуалы тұрақты аймақ болып, әлемде беделі артпақ..
Достарыңызбен бөлісу: |