Жеңіл атлетика бірнеше түрлі дене жаттығуларынан тұрады, оларға: жүгіру түрі, техникалық түрі, көпсайыс түрі және жүру түрлері енеді. Жеңіл атлетиканың жүгіру түрлері стадионның келесі тәртіптерін біріктіреді: Спринт (100 м., 200 м. және 400 м.), орта қашықтыққа жүгіру (800 м-ден 3000 м-ге дейін), оның ішінде 3000 м кедергілермен жүгіру);
Ұзақ қашықтыққа жүгіру (классикалық қашықтық 5000 м. және 10 000 м.);
Кедергілермен жүгіру (110 м., 400 м.) және эстафета (4х100 м., 4х400 м. ).