СөЖ 8 Тақырыбы: Ежелгі Мая мәдениеті Орындаған: Есқуатов. Манарбек т-201 Тексерген: Еспенбетова. Айнагүл Ақтөбе 2020 ж Майя өркениеті



бет3/6
Дата16.05.2020
өлшемі360,61 Kb.
#68910
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Документ (36)

найзағай құдайы

Мәдени даму Майя халықтарында да болған. Бұдан шамамен 2000 жыл бұрын өмiр сүрген Сиваль қаласының орнын зерттегенде қазба жұмысын зерттеушiлер бұл жердегi мұрағаттарға қарап, қала классикалық дәуiрдi бастан кешкен деген тоқтамға келген.

Сәулет құрылыстары мен сарай салу өнерi осындай тоқтамға келтiредi екен. Көлемi бес-алты метрден асатын сарай қабырғалары мен алып мүсiндер сонымен қатар күрделi жазбалармен де өрнектелген. Бiрақ осынау жазбалардың оқылмай келген де себебi бар.

Әлем кiтап оқуға бет бұрған кездiң басы саналатын ХVII ғасырда Еуропада шiркеу мен дiн басылар тарапынан мұндай түсiнiксiз және мистикалық құдiретке ие жазуларды оқуға мүлдем тиым салынды. Сондай кедергiлердiң салдарынан Сиваль қаласындағы жазбаларды оқуға мүмкiндiк 1950 жылдарда ғана туды.

Мұның нәтижесiнде Майя халықтарының тек жауынгерлiктi ғана баптап қоймай, дәрiгерлiкпен, iсмерлiкпен, қолөнермен, сондай-ақ, астрономиямен шұғылданғанын байқаған.

Майялардың iшiндегi жиi-жиi болатын шабуыл — олардың даму мүмкiндiгiне де кедергi келтiрдi. Зерттеушiлер тiптi Майя халықтарының ыдырап кету себебiн ең бiрiншi соғысқұмарлығына қатысты сабақтастырады.

Олардың соғысқұмар болғандығының тағы бір дәлелі, зираттар мен қазба жұмыстарында табылған соғыс құралдарымен қатар, тiптi, мүсiн және архитектуралық заттарының өзiнен қиналып өлгелi жатқан тұтқындардың бейнесiн жасағаны дәлелдейдi.

Майя жұлдызшылары бүгiнге жеткен Григориан күнтiзбесiнен бұрын уақытты дәлме-дәл есептейтiн грек пен римдiктердiң ойына да келмеген уақыт санауды ашқаны соңғы кездерде белгiлi болып жатыр.

Мұның бiр мысалы, iнжiр ағашының қабығынан жасалған қағаздардағы жазбалары үлкен ойшылдықты айқындайды. Дегенмен бұл жазбалар толық жетпеген. Майя өркениетiнен бiзге жеткен бiр таңсық нәрсе — ол ас үй.

Бұршақ пен какаоны пайдалану нәтижесiнде жасаған көбiктi шокаладтарын қазба жұмыстары дәлелдесе, олардың табиғи каучуктен жасалған доптарына қарап, қазiргi заманғы футбол ойыны майялықтарға тән деген де жорамал айтылуда. Салмағы 3,5 келi болатын ауыр доппен ойнау тек қана ойын емес, ер жiгiттердi сынау да болыпты. Осының нәтижесiнде талай адам жараланып, жеңiлiс тапқандарды өлтiру де кездескен.



Жалпы зерттеушiлер бұл өркениет жайында көп пiкiр айтады. Құрып кетуiнiң себептерi ретінде — 1)халық саны көбейiп, өздi-өзi соғысу түбiне жеткен, 2) ұзаққа созылған құрғақшылық, 3) Америка құрлығының ашылу кезеңi т.б. да атайды



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет