Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті
СӨЖ
Болжау әдісі
Орындаған: Халық Ақмарал
Тексерген: Карсыбаева Раиса
«Болжау дегеніміз - кілт сөздерді оқылымға дейін пайдаланып, мәтін мазмұнының не туралы болатындығын алдын-ала болжап білу». Мәселен, оқушы газет мәтінінің тақырыпатына немесе оның фотосуретіне, шығарма тарауларының атауларына, автордың атына, тіпті хат сыртындағы мәліметке қарап, оқитын мәтіннің не туралы болатынын біле алады. Демек, болжау стратегиясы тақырып аясында ақпарат алуға бірден бір себепші болатын оқыту құралы.
Қазақ тіліне үйрету кезіндегі болжау әдісінің артықшылығы
Оқушылардың ойлау қабілетін дамытатын, шығармашылығын шыңдайтын амал ретінде болжау әдісін айтсақ болады. Ол бағытта тапсырмалар оқушыға мәтіндегі ойды аяқта, мәтіннің ортаңғы бөлігін ойдан құрастыр т.б. болып келеді.
Болжауды оқылымға дейінгі, оқылым барысында, оқылымнан кейінгі деп бөлуімізге болады. Оған қоса, болжау әдісі төрт түрлі дағды бойынша да (оқылым, айтылым, жазылым, тыңдалым) өз ішінде түрленеді. Мысалы, жазылым дағдысы бойынша - сурет бойынша әңгіме құрап жаз, әңгімені аяқта, мәтінді қайта қалпына келтір т.б. Дәл осындай болжау ретімен оқушылардың айтылым дағдысы дамытылады. Балаларға нақты әңгіме сюжеті бойынша сурет беріледі, балалар сол бойынша әңгіме құрайды. Ал тыңдалым дағдысына қатысты болжау стратегиясының аса көп түрлерінің болмайтындығы анық болды. Көбіне тыңдалым материалы қосылып, одан кейін оқушылардан сөйлеуші адамдардың мамандықтары кім, іс-әрекет қай жерде орын алған, оны қалай анықтадыңыз дегендей болжамға негізделген сауалдарға жауап алынады.
Болжау әдісінің принциптері
Болжау әдісі бойынша жұмыс
4 – сынып
Қазақ тілі 1 – бөлім
Қарлығаш пен дәуіт
Мен осы болжау әдісін сыныпта жүргізу үшін «Жай сөйлем мен құрмалас сөйлем» бөлімінен «Қарлығаш пен дәуіт» ертегісін алдым.
Бір қарлығаш жардың қуысына ұя салып, өмір сүріпті. Қанаты қатпаған балапандары анасы азық әкелуге кеткенде, шыдамсыздана күтумен болады екен.
Бір күні балапандарды жемекке қарлығаштың ұясына жауыз жылан өрмелеп шығып бара жатады. Мұны көрген қарлығаш аспан мен жерді шарлап, шыр-шыр етіп, балапандарына арашашы іздейді. Көкектен көмек сұрай барса:
— Бүркіт қонаққа шақырып еді, соған барғалы жатырмын, уақытым жоқ, – дейді көкек.
Одан шығып, қарғаға барса:
— Үйленгелі жатқанымда, мазамды алма, – дейді. Қарлығаштың амалы таусылып, шырылдап ұшып келе жатады. Бір кезде дәуітті көреді. Дәуіт қарлығаштың шыр-шыр еткен дауысын естіп:
— Достым, неге зарлайсың? – деп сұрайды.
Қарлығаш сонда:
— Жауыз жылан балапандарымды жұтпақшы болып, ұяма өрмелеп жетіп қалды. Соған не істерімді білмеймін, – деп, қарлығаш көзінің жасын төгіп-төгіп жібереді.
— Олай болса, мені жеткіз тезірек, – дейді дәуіт. Қарлығаш қанатын тосады. Дәуіт жотасына шығып алады.
Көзді ашып-жұмғанша ұясына жетеді. Жылан ұяға тақап қалған екен. Дәуіт пен қарлығаш енді бір сәт кешіксе, балапандарды қылғып сап, жұмсақ ұяда масайрап ұйқтамақшы екен.
Дәуіт аяғымен шаба тырнап, жыланның екі көзін ағызып жібереді. Жауыз жылан сылқ етіп жерге құлап түседі де мерт болады.
Дәуіттің ерлігіне сүйсінген қарлығаш онымен айнымас дос болыпты. Содан бері талай заман өтсе де екеуі бір ұяда тұрып, бірге өмір сүреді екен.
Тапсырма:
Сыныпты топқа бөліп осы ертегі бойынша жұмыс жасатамын. Балаларға бөлім бойынша ертегіні бөліп беремін. Мысалы 1 – топқа кіріспе бөлімін беріп, ортасы мен соңын табу керек, екінші топ басы мен соңын табады, үшінші топ басы мен ортасын табады. Бұл жерде балалар абзац бойынша болжау әдісін қолдана отырып ертегіні табады. Соңында әр топ өз тапқаны бойынша оқып шығады. Не болмаса топқа бөлмей ертегі басын оқып қалған бөлігін өздері болжап табуға да тапсырма берсе болады.
Достарыңызбен бөлісу: |