1. Студенттер мен магистранттардың өзіндік жұмысы өзіндік ұйымдастыру мен тұлғалық дамуы ретінде. Өзіндік жұмысты ұйымдастырудың негізгі бағыттары мен педагогикалық аспектілері.
3. СӨЖ жетілдіру әдістемесі. СӨЖ ұйымдастыру формасы
Студенттің өзіндік жұмысы (СӨЖ) – студент білімінің тереңдігі, дағдылары мен біліктілігіне, білім меңгеруіне ықпал ететін оқу процесінің ең негізгі элементтерінің бірі. СӨЖ орындау арқылы студент оқу процесінің белсенді мүшесі бола отырып, өз ойын еркін, сондай-ақ, нақты дәлелдермен жеткізе алатын дағдыларды үйренеді және меңгереді.
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі,
Өзіндік жұмыс мәселелерін зерттеуде жоғары мектеп педагогикасы алдында бірнеше маңызды міндеттер тұр. Мұның басты себебі,
біріншіден, өзіндік жұмыс студенттердің көп аспектілі тұлғалық білім беру құралы ретінде қарастырылмайды;
екіншіден, бұл мәселе бойынша зерттеулерде орта және жоғары мектеп арасындағы сабақтастық ескерілмейді. Сондай-ақ, бұл сала бойынша арнайы зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалады. Жоғары мектептегі оқу процесінің теориясы мен практикасында болашақ педагог-психологтардың өзіндік іс-әрекетін қалыптастыру мәселесіне жеткілікті мән берілмеген.
Оқытушы оқыған кез келген дәріс тақырыбы студентке түсінікті бола бермейді. Оның себептерінің бірі – студенттің басты қызығушылық объектісі – мамандық алу. Ал, оқылған дәріс оның болашақ мамандығымен байланыссыз болса, оны игеруге құлқы болмайды. Онымен қоса, оқу процесінің бастапқы кезеңдерінде, студенттерде қойылған проблеманы шешуге қажетті өзіндік жұмыс істеу дағдылары әлі толық қалыптаспайды. Сондықтан, оқу процесінің алғашқы кезеңдерінде оқытушы тек проблема қою ғана емес, оны шешу жолдарына студенттерді баулуы тиіс. Бұл орайда, СӨЖ рефарат, баяндама, шығармашылық жұмыс, бақылау жұмысы, ғылыми мақала түрінде дайындауға ықпал етуі қажет.