Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т.б.)негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән
Атипиялық аффективты синдромда қосымша симптомдардың ( қорқыныш, сенестопатиялар, фобия, обсессия, сандырақ және т.б.)негізгі аффективты белгілерінен басым болуы тән.
Аралас аффективты синдромдарда қарама-қарсы триадаға енетін бұзылыстар тән ( депрессивты қозу).
Сонымен қатар субаффективты синдромдарды ажыратады. Түрлері:
Классикалық
Күрделі ( аффективтік- сандырақтық, депрессивты- параноидты, депрессивты- елестік, маниакалды- парафренды)
Депрессивты синдром
Оған тән:
депрессивтік триада
Көңіл-күйінің төмендеуі
Идеаторлық ( интеллектуалдық) мелшию
Моторлық мелшию
Ипохондриялық, өзін-өзі кінәлау сандырағы
Гипобулия
Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа, беткей, ерте ояну)
Алдыңғы орынға қосымша симптомдар ( сенестопатия, алгия, парестезия, сексуалдық, наркоманиялық және вегето-висцералдық бұзылыстар) шығып, ал аффективты симптомдарекінші орынға шығады.
Маниакалды синдром
Оған тән:
Маниакалды триада:
Көңіл-күйінің жоғарлауы
Ойлаудың тездетілуі
Психомоторлық қозу
Оптимизм
Ұлулық сандырағы
Гипербулия
Ұйқының бұзылыстары ( ұйқы қысқа мерзімді, шрашғыштық сезімі жоқ)
Соматикалық бұзылыстар ( дене салмағының төмендеуі )