Гемодинамикалық тұрғыдан қарағанда қосжармалы қақпақшаның систолла кезінде сол қарыншадағы қанды кері қарай сол жүрекшеге қайта жіберуі. Қақпақшаның жарамсыздығы біраз уақыт бойы жүректің артық жұмысымен компенсацияланып жүреді. Бірақ, жүрек күші азайғанда кіші қанайналыс шеңберіне, әсіресе өкпеге ауыртпалық көбейіп, жалпы қанайналыс бұзылады.
Митралдық стеноз
Митралдық стеноз жеке түрде сирек кездеседі, көбінесе ол Митралды қақпақшаның жеткіліксіздігімен қатар дамиды және осындай жағдайларда стеноз басым ба, әлде жеткіліксіздік басым ба, олардың сатысы қандай екені емдегенде қажет болады.
Үшжармалы қақпақша жеткіліксіздігі
Трикуспидалдық қақпақшаның жеткіліксіздігі ревматизмнің толассыз қайталанатын ағымында кездеседі. Көбіне митралдық қақпақша ақауларынан кейін пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыс қанның оң жүрекшеге қайта баруымен байланысты. Сөйтіп жоғары және төменгі қуыс веналарда қанның көп жиналуы және іркілуі байқалады. Осыған орай бауыр көлемінің үлкеюі, жүректің оң жақ бөоігіне ауыртпалықтың көп түсуі айқын көрінеді. клиникасыКорвало-Рриверо систолалық шуы естілуімен белгілі. Бұл шудың төс сүйектің төменгі тұсында немесе төс сабының үстінде тынысты шығарғанда анық естіледі. ЭКГ-да оң жүрекшенің гипертрофиясы.ФКГ-да систолалық шу жазылады. ЭхоКГ-да үшжармалы қақпақшаның систола кезінде оң жүрекше жағына ығысуы, регургитация көрінеді.
Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігі
Көбіне ревматизмге байланысты шығатын ақау, алайда басқа себептерден де пайда болады. Гемодинамикалық бұзылыс қолқа қақпақшалары жабылмайтындықтан диастолла кезінде қанның сол қарыншаға кері қайтуымен сипатталады. Осыған байланысты онда гипертрофия орын алады. Шек жақтағы тіндерге артериялық қан аз барады. Гипертрофияланған миокардқа коронарлық тамырлар арқылы қан жетуі азаяды.Клиникасы:Төстің сол жақ қыры бойында анық естілетін және II тонмен тікелей байланысты құйылған су дыбысы тәрізді протодиастолалық шу. Жүрек көлемі сол жаққа кеңиді. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы ФКГ-да II тонмен тікелей байланысты диастолалық шу жазылады. ЭхоКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, диастолада-қолқа қақпақшасы жармаларының бір-бірінен айырылып кеткені, регургитация байқалады.
Қолқа сағасының тарылуы
Көбінесе қолқа қақпақшаларының жетіспеушілігінен кейін қосылатын ревматизмдік ақау. Гемодинамикалық тұрғыда систола кезінде қан қолқаға түгел кете алмайды да, сол қарынша миокардында гипертрофия орын алады. Сонымен қатар коронарлық қантамырларға қан әдеттегіден аз барадыклиникасы Төстің сол жақ қырында, қабырға аралығында естілетін үрлеген үлкен систолалық шу. Осы шу ұйқы артериясына жақсы тарайды. ЭКГ-да сол қарынша гипертрофиясы, миокард ишемиясыФКГ-да систолалық шу. ЭхоКГ-да қолқа қақпақшалары жармаларының бір-бірінен айырылуының азайғаны, олардың жабысып қалуы, қанның қолқа сағасындағы турбуленттік ағымы көрінеді.
Асқынулары
Жүрек жеткіліксіздігінің дамуы
Жүрек ырғағының бұзылысы(жүрекшелер фибрилляциясы)
Жүрек ырғағының бұзылысы деп жүректің автоматизмі, қозғыштығы, өткізгіштігі жəне жиырылу функциясының бұзылу нəтижесінде дамитын қалыпты физиологиялық жиырылу реттілігінің өзгеруін айтады.
Жүрекшелер фибрилляциясы немен қауіпті?
Жүрекшелер фибрилляциясы өзінің асқынуымен қауіпті. Оның асқынуы кардиоэмболиялық инсульт болып табылады.