Қаржы ресурстарын алу көздеріне байланысты 3 топқа бөлуге болады:
Меншікті қаражаттар есебінен құрылатын қаржы ресурстары (, жалпы пайда, таза пайда, азаматтардан түсетін мақсатты түсімдер, бюджеттен бөлінетін қаражаттар және басқа да түсімдер);
Қаржы нарығында жұмылдырылған қарыздық (заемдық) қаржылық қаражаттар ( банктер мен басқа да қаржылық институттардың несие ресурстары, бюджеттік, коммерциялық несиелер т.б.);
Тартылған қаржылық қаражаттар ( кәсіпорындағы бағалы қағаздарды сатудан түсетін табыстар, ағымдағы және инвестициялық қызметке үлестік қатысудан түскен қаражаттар, бюджеттік субсидиялар, кредиторлық берешектер және басқа да ресурстар).
Кәсіпкерлік қызмет қаржылық қамтамасыз етуді талап етеді. Кәсіпорынның ақша қаражаттарының көздері әдетте өзіндік (ішкі) және басқа жақтардан тартылған, қарызды (сыртқы) болып бөлінеді. Өз меншігіндегі қаражаттардың негізгі көздері болып жарғылық капитал, пайда немесе резервтер, кәсіпорынның жинақтары, заңды және жеке тұлғалардың түрлі жарналары табылады.
Жарғылық капитал – кәсіпорынның шаруашылық қызметін жүзеге асыру үшін құрылтайшылардың салған қаражаттарының соммасы.
Қалыпты даму үстіндегі кәсіпорынның қаражаттарының негізгі көзі болып пайда табылады – пайда көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі ең маңыздысы болып кәсіпорынның кірістері мен шығыстарының ара-қатынасы.
Қарыз құралдары. Қарыз ақша қаражаттарын тартудың негізгі тәсілдері болып банктерден немесе өзге де заңды немесе жеке тұлғалардан несие алу, сондай-ақ кәсіпорын үшін ерекше борыш міндеттемесі – облигация шығару болып табылады.
Кәсіпорын іс-әрекетін қаржыландыру қаражаттары олардың қажеттілігіне және ұсынылған мерзімдеріне байланысты қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінуі мүмкін. Қысқа мерзімді қаражаттар кәсіпорынның ағымдағы қажеттілік жабу үшін қолданылады, мысалға еңбек ақыны төлеу бойынша, шикізат, материалдар, өзге де ағымдағы шығындарды төлеу бойынша. Ұзақ мерзімді қаражаттар өндірістік құрал-жабдықтарды, қозғалмайтын мүлікке төлеу үшін, ұзақ мерзімге инвестицияларды жүзеге асыру үшін (жаңа цехтық құрылысымен, жаңа құрастыру линиясын іске қосу, өндірістің жаңа түрін енгізу) қолданылады.
Несие — нарықтық экономиканыңтірегі ретінде, экономикалықдамудың ажырамас элементін білдіреді. Оны барлық шаруашылық субъектілеріменқатар, мемлекетте, үкіметте, сондай-ақ жеке азаматгар да пайдаланады.
Несиенің пайда болуын өнімдерді ендіру аясынан емес олардың айырбас аясынан іздеу қажет. Тауар айырбастау — бұл тауардың бір қолдан екінші қолға өтуін білдіреді десе, шыныменде, осындай айырбас кезінде несиегебайланысты қатынас туындайды.
Кәсіпкерліктегі лизингтік операциялар.
Лизинг» ағылшын тілінен аударғанда жалға беру деген ұғымды білдіреді. Лизингтік операция деп ұзақ мерзімді пайдаланылатын заттарды (ғимарат, машина, ұшақ, автомобиль, компьютерлерді) жалға беруді айтады.Лизинг бірнеше қызмет атқарады. Біріншіден, ол негізгі қорларға ақша жұмсау, яғни қаржыландыру формасы. Лизинг алушының өз қаражаттарын бір уақыттық жұмылдырунсыз немесе тартылған қаражатсыз өзіне керекті мүлікті пайдалануға мүмкіндігі болады. Ол мүліктің құнын бір жолғы төлеуден босатылады. Екіншіден, бұл өнідірісті жаңа құрал-жабдықпен, алдыңғы техникамен материалды-техникалық қамтамасыз етудің анағұрлым прогрессивті формасы.
Лизингті мәміледе 3 қатысушы болады. Олардың өзара қатынастары мәмілемен реттеледі: бірінші қатысушы — мүлік иесі (лизинг беруші), екінші — мүлікті пайдаланушы (лизинг алушы), үшінші — мүлікті сатушы. Олардың өзара қатынасы келесідей түрде қалыптасады: болашақ лизинг алушы ақша-қаражаттары бар болашақ лизинг берушіні мәмілеге қатысуын сұрайды, ол лизинг алушыға керекті мүлікті сатып алып, одан кейін оны лизинг алушыға төлемді шартымен жалға береді.
Кәсіпкерліктегі факторинг.
«Факторинг» термині ағылшын тілінен алынған – делдал, агент. Факторинг – коммерциялық банктер (олардың еншілес фактор - фирмалары) ұсақ және орта фирмаларға – олардың клиенттерге көрсететін қаржылық қызметтердің түрі. Факторинг мәні фактор – фирма немесе банктің клиенттен берешектерін өндіртіп алу құқына ие болуы және өз клиенттерінің борышкерлеріне талапты жарым-жарты төлеуі, яғни борышкердің төлейтін мерзімі басталғанға дейін берешектерін пайыздық мөлшерде қайтаруы. Борыштың қалған бөлігі мүддесі шегерілген соң борышкер өз берешегін өтегеннен кейін клиенттерге қайтарылады. Нәтижесінде клиент берешектерін жылдам қайтару мүмкіншілігіне ие болады, бұл үшін фактор – фирмаға немесе банкке белгілі бір сыйақы төлейді. Факторинг жүзеге асырылғанда клиент борышкерден берешектерді алу құқығын фактор-фирмаға немесе банкке тапсырады. Факторинг сауда операциялары сияқты пайда болды, одан кейін несие беру нысанасы ие болған.
Кәсіпорын қаржылары оның өндірістік-шаруашылық қызметі барысында пайда болады, сондай-ақ оның қаржылық ресурстарын қалыптастыру және бөлумен байланысты ақшалай қатынастарды сипаттайды.
Кәсіпорында қаржы бөлу, ұдайы өндіру және бақылау функцияларын орындайды. Кәсіпорын қаржысының функциялары кәсіпорынның капиталы мен ақшалай қорларын қалыптастырумен және пайдаланумен тікелей байланысты болып келеді.
Достарыңызбен бөлісу: |