Жабысқақтық невроздың фобиялық нұсқасының клиникалық көрінісінде басты рөл қорқыныштарға (фобияларға) тән. Олардың ішінде ең кең тарағаны ауыр соматикалық және инфекциялық ауруларға шалдығу қорқынышы: миокард инфарктымен, қатерлі ісікпен, мерезбен және т.б. Науқас өз ойының дұрыс емес екенін түсінеді, бірақ олардан арыла алмайды, және белгілі бір жағдайларда осы ойлар оны қатты толқытады. Кардиофобиямен науқасты лық толы автобус ішінде, метрода, тар жерлерде инфаркт пайда болады деген қорқыныш және сенім баурайды. Жүрек аймағынан жағымсыздықты сезінгенде (соматовегетативтік реакциялар), дер кезінде медициналық қызмет көрсете алмайды деген күмән пайда болғанда науқас қорқынышы күшейеді.

Жабысқақтық невроздың жабысқақты-компульсивтітүрінде жағдай контрасты идеялармен, әуестікпен және әрекеттермен анықталады. Науқастың моральды ұстанымдарына қарама-қайшы әрекеттер жасауға күшті мотивсіз ойлар пайда болады. Анасында баласының басын ауыр затпен ұрып жаруға, оның көздерін үшкір затпен шұқуға және т.б. ойлар пайда болады. Науқастардың ойына қоғамдық орындарда ұятты іс жасау тілегі келеді. Кейбір науқастарда компульсивті невроз бастың жабысқақ қозғалыстарымен, мимикамен және т.с.с. көрінеді. Шамалы уақытқа науқастар осы қозғалыстарын және әрекеттерін тежей алады. Бірақ бұл уақытта науқастарда психикалық кернеліс сезімі байқалады.