Сөж пәні: ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиеті Тақырыбы: Зар заман поэзиясы Дайындаған: Қосалы Әлихан Тобы: ҚТӘ-202 Факультеті: Филология Тексерген: Бисенбаев Пазылбек Куанбайұлы Алматы 2023 жыл Жоспары


«Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары



бет2/4
Дата18.09.2023
өлшемі237,09 Kb.
#181404
1   2   3   4
Байланысты:
Зар заман поэзиясы

2. «Зар заман» дәуірі поэзиясының мазмұны мен идеологиялық құндылықтары. Жазушы М. Әуезов атап кеткендей, «Зар заман» дәуірінің ақындары XIX ғасырдың ортасына дейін елдің өткен еркін өмірін аңсап, ұлтты рухани құндылықтарынан ажырамауға шақырды, халықтың тағдырын мұң-зармен жырлады. Олар патшалық Ресейдің отаршылдық өктемдігіне, халықтың өз жерінде ауыр жағдайға түскеніне көнбеді. «Зар заман» ақындары елінің ертеңі үшін алаңдады, өткенді сағынышпен, аңсаумен еске алды. Болыс басшыларының парақорлығы, кейбір қазақ билерінің әділетсіздігі, қоғамда белең алған жала жабу, өсек айту т.б. сынға алынды. Бұл тығырықтан шығу жолын кейбір ақындар о дүниемен ғана салыстыруға барды. Ел басына түскен қасіретті ақырзаманмен теңеді.
ХІХ ғасырдың бірінші жартысында патша үкіметінің отарлау озбырлығы күшейді. Ұлт-азаттық көтерілістер басып-жаншылғаннан кейін халық ертеңгі күніне сенімсіздікпен қарады.
«Зар заман» ақындары шығармаларындағы негізгі ортақ идея – ел бірлігі мен мемлекет тұтастығы: «Біз бірлік-берекеден айырылып барамыз, бүйте берсек құримыз», – деп қайғы-мұңға берілу сарыны да байқалды. Олар отаршылдықты айыптап, қазақтарды ұлттық санасынан, халықтық болмыс-бітімнен ажырамауға, салт-дәстүрді бұзылмаған қалпында сақтауға үндеді.
«Зар заман» дәуірі ақындары шығармаларының негізгі идеологиялық құндылығы – өткен және бақытты кезеңді мұқият түсіну арқылы қиындықты жеңіп, келешекке ұмтылу, халық рухын көтеру болды. Бұл дәуірдің ақындары өлеңдерінде патша үкіметінің әлеуметтік-экономикалық, саяси, мәдени, шаруашылық отаршылдығына ашық түрде қарсылық білдірді. Қазақ халқының азаттық жолындағы күресі ерекше шабытпен жырланды.
«Зар заман» дәуірі ақындарының көз алдында дала тұрғындарының әлеуметтік-экономикалық жағдайы күрт нашарлады. Олар заман куәгерлері ретінде патша үкіметі қазақтардың жерлерін тартып алуы салдарынан мал жайылымдарының тарылуы, отаршыл биліктің озбырлығы, әртүрлі дәрежедегі шенеуніктердің парақорлығы сияқты келеңсіз құбылыстарды жырға қосты. Бұл ағымның ақындары халық үшін хандық дәуірдегі жауға қарсы аттанған хандардай билеушілерді армандады. Олардың шығармаларында өткен заманды аңсау, келер күннен үмітінің жоқтығы, отаршылдардың озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттеледі.
ХІХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкілдері қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Олар «Зар заман» дәуірінің ақындары аталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет