Шұғыл көмек көрсетудің тактикасы:
- сынық аймағын 10-20 мл 1% новокаинмен жансыздандыру;
- иық үстін артқа жəне қолды көтерген қалыпта бұғана репозициясы;
- Дезо таңғышын мақталы – дəкелі немесе орамалды таңғыш қою;
- зардап шегушіні жалпы жағдайына байланысты отырған немесе горизантальды қалыпта асқынулар болмағанда жарақат пунктіне, асқыну болғанда – стационарға травматология бөліміне жеткізу;
- психомоторлы қозу кезінде седативті препараттар қолданылады;
- тұрақсыз ауыру кезінде – наркотикалық анальгетиктер қолданылады;
- сүйек жарықшақтарының əсерінен тері жабындысының перфорациясы кезінде асептикалық таңғыш салынады, содан кейін аяқты фиксациялайды;
- бұғана асты артериясынан профузды қан кетуде жараның жоғарғы жəне төменгі бөлігінен саусақпен басып, жара бетіне асептикалық таңғыш салынады, иық үстіне дəке валигі жұмсақ қысып тұратын 8-дік тəрізді таңғыш салынады.
* Бұндай жағдайда қан тамырларының қосымша жарақаты нерв бағаны жəне жұмсақ тіндердің мыжылуына алып келеді.
* Қол репозициясында сүйек жарықшақтары болу мүмкіндігін болдырмау!
* Сүйек жарықшақтарын жара бетіне түсуді болдырмау!
Достарыңызбен бөлісу: |