Бұл аппаратта төменгі жақтың барлық қимылдарын жасауға болады.Артикулятордың жоғарғы жақтауының 3 тірегі бар.Оның екеуі буын буындасуына,ал 3-шісі күрек тістер алаңында орналасады.Вертикальды штифпен тістем биіктігін бекітуге болады,ал горизонтальды штифтің өткір ұшымен орта сызықты және күрек тістер нүктелерін,яғни төменгі орталық күрек тістердің медиальды бұрыштары арасындағы нүктені бекітеді.
Гизи «Симплекс» артикуляторындағы модельді бекітудің аса қарапайым әдісі Васильевпен құрастырылған.Ол ең негізгі бөлшегі шыныдан жасалған трапеция түріндегі окклюзиялық жазықтықтан тұратын,оның кіші түбінің ұзындығы-6,5 см,ал үлкен түбі-11 см және трапециясы 9 см құрайтын приборды ұсынды.