3) арнайы міндет атқаратынбұйымдар, материалдар; сантехникалық
бұйымдар (жуынатын столдар, қолжуғыштар), ванна, унитаз, от пен
қышқылға төзімді бұйымдар, жеңіл бетонның толтырғыштары (керамзит,
аглопорит), т.б.
Саз – балшықты материалдар: каолиндер, саз-балшықтар,бентониттер.
Керамикалық бұйымдар өндіру үшін шикізат ретінде каолиндер,саз
қоспалары қолданылады. Каолиндер
және саз-балшықтар
деп –әртүрлі
қоспалармен араласқан, табиғатта тараған сулы алюмосиликаттарды айтады.
Олар су қосып илегенде – пластикалық қамырға, ал күйдіргеннен кейін–тасқа
ұқсас күйге айналады.
Каолиндер
тек қана дерлік каолинит минералынан
(Al2O3 · 2SiO2 · H2O) құралады, бөлшектерінің (түйіршектерінің) өлшемдері
көбінесе 0,01 мм-ден, күйдіргенде ақ түсін (өңін) сақтайды.
Саз-балшықтар
(осыдан кейін балшық немесе саз деп қысқартылып
айтылады) бірнеше минерал мен біршама минералдық және органикалық
қоспалардан құралады. Бұл минералдардың бір тобы сумен араластырғанда
иленгіш қамыр түзеді. Ал басқа (екінші) тобында – кальцитте, дала шпатында
мұндай пластикалық қасиет жоқ. Бірінші топтағы минералды – сазды
(балшықты) зат деп атайды, екіншісін – сазды емес минералдар дейді.
Балшықты (сазды) зат (бөлшектерінің өлшемі 0,005 мм-ден төмен негізінде
каолинит пен онымен туысқан минералдар – монтмориллонит (Al2O3· 4SiO2
·nH2O) пен ғаллуазит (Al2O3 · 2SiO2 · 4H2O) құралады. Уақ бөлшектер
(түйіршіктер)
балшықтардың
пластикалық
қасиетін
жақсартады(жоғарылатады). Жоғары пластикалық балшықтардың 80-90-%і
0,003 мм-ден төмен бөлшектерден құралады.
Достарыңызбен бөлісу: