ВИРУСТЫҚ ГЕПАТИТТЕР - ЖАЛПЫ КЛИНИКАЛЫҚ СИНДРОМДАРМЕН СИПАТТАЛАТЫН АУРУЛАР ТОБЫ - КҮРДЕЛІ ГЛОБАЛДІ ПРОБЛЕМА.
АЛҒАШ РЕТ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГЕПАТИТТІ БАСҚА ДА БАУЫР АУРУЛАР АРАСЫНАН БӨЛЕК НОЗОЛОГИЯ ЕКЕНІН 1888 Ж. ДӘЛЕЛДЕГЕН ОРЫС ДӘРІГЕРІ С.П.БОТКИН. СОНДЫҚТАН, АУРУДЫ КӨП ЖЫЛДАР БОЙЫ БОТКИН АУРУЫ ДЕП АТАП КЕЛГЕН. ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГЕПАТИТ ФЕКАЛЬДЫ-ОРАЛЬДЫ ЖОЛМЕН ЖҰҚТЫРЫЛАДЫ. СОНЫМЕН ҚАТАР, ХХ ҒАСЫРДЫҢ 30-ШЫ ЖЫЛДАРЫ САРЫ ҚЫЗБАҒА (ЖЕЛТАЯ ЛИХОРАДКА) ҚАРСЫ ЕГУ БАРЫСЫНДА ЖАППАЙ АДАМДАРДЫҢ САРҒАЮЫ БАЙҚАЛҒАНДЫҚТАН, ГЕПАТИТТІҢ ЕКІ ТҮРІН АЖЫРАТҚАН. БІРІНШІСІН ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГЕПАТИТ, АЛ ПАРЕНТЕРАЛЫҚ МАНИПУЛЯЦИЯДА ТАРАЛҒАН ГЕПАТИТТІ - САРЫСУЛЫҚ ГЕПАТИТ ДЕП АТАДЫ. БІРАҚ ЕКІ ТҮРІ ДЕ ИНФЕКЦИЯЛЫҚ ГЕПАТИТКЕ ЖАТАДЫ.