Сөж тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы халықтың осал топтарының медициналық-əлеуметтік рөлі



Pdf көрінісі
Дата09.11.2022
өлшемі94,08 Kb.
#157361
Байланысты:
Арман Альбина ҚДС ЭССЕ



Қазақстан Республикасы білім жəне ғылым министрлігі 
Əл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті 
 
СӨЖ 
Тақырыбы: Қазақстан Республикасындағы халықтың осал 
топтарының медициналық-əлеуметтік рөлі 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Орындаған: Арман А.А 
Тексерген: Кошкинбаева С.А 
 
 
 
 
Алматы,2022 ж.


Жоспары: 
I.
Кіріспе бөлім.
II.
Негізгі бөлім: 
1.
Осал топ ұғымына жалпы анықтама. 
2.
Осал топтар қатарына сипаттама. .
3.
Қазақстан Республикасы халықтарының осал топтарына 
көрсететін əлуметтік- медициналық көмегі.
III.
Қорытынды.
Қазақстан əуел бастан-ақ өзінің негізгі бағыттарын айқындап алған 
елдердің біріне жататыны бəрімізге белгілі. Ал еліміздің даму 
стратегиясында халықтың əлеуметтік жағынан осал топтарын қорғау 
басым бағыттардың бірі ретінде қарастырылған. Əлеуметтік сала қоғам 
өмірінде басты рөл атқарады. Сол себепті еліміз тəуелсіздік алған 
жылдардан бастап қоғамның əлсіз тұсына ерекше көңіл бөліп келеді. Ел 
конституциясына сəйкес Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, 
құқықтық жəне əлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырды. Ал оның ең 
қымбат мəселесі - адам жəне адамның өмірі, құқықтары мен 
бостандықтары болып табылады. Оның ішінде халықты əлеуметтік қорғау 
негізгі бағыттардың бірі болып табылады.Еліміз тəуелсіздік жылдары 
жүргізген реформаларының нəтижесі, негізгі мақсаты - халықтың əл-
ауқатын арттыру жəне əлеуметтік қорғаудың көп деңгейлі жүйесін құру 
болды. Осылайша халықтың қорғалмаған бөлігін əлеуметтік қамтамасыз 
ету бойынша жылдан жылға ауқымды шаралар атқарыла басталды. Жалпы 
тақырыпты түсіну үшін алдымен “халықтың осал тобы дегеніміз не?” 
деген сұраққа жауап беріп алайық. ДДҰ берген анықтамаға сəйкес," 
халықтың осал топтары " - бұл басқа топтармен немесе қоғамның басқа 
топтарымен салыстырғанда кемсітушілік сипаттағы шараларға, зорлық-
зомбылыққа, табиғи апаттардың немесе экономикалық дағдарыстардың 
құрбанына айналу қаупі жоғары қоғамның қандай да бір тобы немесе 
бөлігі.
Халықтың əлеуметтік жағынан қорғалатын топтарының санатына 
кімдер жататынын бəрі білуі тиіс мəселелердің бірі болып табылады. Ең 
алдымен халықтың əлеуметтік жағынан қорғауға жататын топтарды 
анықтап алсақ. Бекітілген ереже бойынша олар мыналар болып табылады: 
1. Ұлы Отан соғысының ардагерлері, сондай-ақ басқа мемлекеттер 
аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері. 
2. 1 жəне 2 топтағы мүгедектер; 
3. Мүгедек балалары бар отбасылар; 
4. ҚР Үкіметі бекітетін аурулар тізімінде аталған белгілі бір созылмалы 
аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын адамдар; 
5. Жасы бойынша зейнеткерлер


6. Кəмелетке толғанға дейін ата-анасынан айырылған жиырма тоғыз жасқа 
толмаған жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 
балалар. Мұндай адамдар əскери қызметке шақырылған кезде жасы 
мерзімді əскери қызметті өткеру мерзіміне ұзартылады; 
7. Оралмандар (Отанына оралған этникалық қазақтар); 
8. Экологиялық апаттардан, табиғи жəне техногендік сипаттағы төтенше 
жағдайлар салдарынан тұрғын үйінен айырылған адамдар; 
9. "Алтын алқа", "Күміс алқа" алқаларымен марапатталған немесе бұрын 
"Батыр Ана" атағын алған, сондай-ақ I жəне II дəрежелі "Ана даңқы" 
ордендерімен наградталған көп балалы аналар, көп балалы отбасылар
10. Мемлекеттік немесе қоғамдық борышты, əскери қызметті орындау 
кезінде, ғарыш кеңістігіне ұшуды дайындау немесе жүзеге асыру кезінде, 
адам өмірін құтқару кезінде, құқық тəртібін қорғау кезінде қаза тапқан 
(қайтыс болған) отбасылар; 
11. Толық емес отбасылар. 
Осы санаттардың біріне жататын азаматтардың заңнамаға сəйкес əртүрлі 
қолдау түрлерін (материалдық көмек, түрлі жеңілдіктер, тұрғын үй алу) 
алу мүмкіндігі бар. Сондай-ақ, Қазақстандағы мүгедектердің төменде 
айтылғандарға толықтай құқығы бар: 
-əлеуметтік қорғау, оның ішінде оңалту, қоғамға кіру; 
- əлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету; 
-ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету
-білім беру, қызмет түрін, оның ішінде еңбек қызметі түрін еркін таңдау; 
- Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған тəртіппен тегін 
медициналық көмек; 
- одан əрі жұмысқа орналастырумен кəсіптік даярлау жəне қайта даярлау; 
-Қазақстан Республикасының Тұрғын үй заңнамасына сəйкес 
кепілдендірілген тұрғын үй; 
-мемлекеттік жəне өзге де ұйымдарда, оның ішінде денсаулық сақтау, 
мəдениет, байланыс, көлік, қызмет көрсету саласындағы ұйымдарда 
кезектен тыс қызмет көрсету; 
-мүгедектердің шығармашылық қабілеттерін дамытуға қолдау көрсету. 
Халықтың осал тобына əлеуметтік көмек қашан да қажет.
Елімізде егде жастағы қариялар айрықша қамқорлық танытылып келеді. 
Бүгінде Қазақстанда 2,1 миллионнан астам жасы келген зейнеткер өмір 
сүреді. Биыл шілдеден бастап, елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 
тапсырмасын орындау мақсатында былтырғы жылмен салыстырғанда 
20%-ға дейін өсімін қамтамасыз ету үшін жасына байланысты жəне еңбек 
сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдерінің мөлшері, базалық 
зейнетақы төлемі ұлғайтылды. 
Зейнеткерлердің кедейлікке ұшырауының алдын алу жəне азаматтардың 
белсенділігін ынталандыру аясында 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап 


базалық зейнетақының тағайындау тəртібі өзгереді. Енді ол еңбек өтілі 
мен зейнетақы жүйесінде қатысу өтіліне сəйкес тағайындалатын болады. 
Бұл дегеніңіз, көп жұмыс істеген жəне зейнетақы жүйесіне аударымдар 
жүргізген азаматтардың зейнетақысы көп болады.Сонымен қатар,
қоғамдық көлікте жеңілдетілген тəртіпте жол жүруге, арзан бағада дəрі-
дəрмекпен қамсыздандыруға, шипажайда емделуден өту сияқты көптеген 
көмек түрлерін қамтиды. 
Шеттен келген қандастарға да тиісті көмек көрсету қарастырылған.
Шеттен келген ағайындарға да жылы қабақ танытып, барынша қолдау 
көрсету еліміздің басты ұстанымы. Тəуелсіздік алған жылдары Елбасы өзі 
қолға алған көші-қон мəселесі бүгінде мемлекет тарапынан дейін тиісті 
деңгейде бақылауда. Əр елден келген қазақтарды бейімдеу, əлеуметік 
көмек көрсету, барынша жұмысқа орналастыру бойынша да көптгене 
жұмыстар атқарылған. Жалпы соңғы мəліметтер бойынша еліміз 
тəуелсіздік алғалы 20 жылда 1 миллионнан астам қандасымыз көшіп 
келген. Этникалық қазақтардың тарихи отанына оралуын ынталандыру 
мақсатында, заң жобасында қоныс аудару өңіріне қарамастан оралман 
мəртебесін беру, Үкімет белгілеген аймақтарға орналасқан кезде 
жұмыспен қамтуға жəрдемдесудегі белсенді шаралар аясында əлеуметтік 
қолдау иелену мүмкіндігі, ықтиярхат алған жағдайда бір жыл ішінде 
оралманның Қазақстан Республикасы азаматтығын алуы көзделуде. 
Қазіргі кезде аса үлкен тағзым етуге тұрарлық осы əлеуметтік қолдау мен 
өмір сүру сапасын жақсарту бағытындағы біршама іс-қимылдар жасалуда. 
Қазіргі кезде елімізде Мүгедек адамдарға өмірлік маңызды қызметтерді 
ұсынатын 36 мыңнан астам əлеуметтік маңызды нысан анықталды. Оның 
ішінде 18,4 мың нысан (немесе 63,6%) қолжетімсіз деп танылды. 
Емханалардың, ауруханалардың, мектептердің жəне əлеуметтік қызмет 
көрсету орталықтарының бейімдеу деңгейі 62,4%-ға жетті. 
16 мыңнан астам мүгедектігі бар азамат жұмыс істейтін жəне оқитын 
мүгедектер үшін жеке көмекшінің жəне ыммен сөйлесу маманының 
қызметтерін алды. Қабылданған шаралар мүгедектерге ішінара қолжетімді 
əлеуметтік жəне көліктік инфрақұрылым нысандарын 20-дан 62,4%-ға 
дейін арттыруды қамтамасыз етті.Статистикалық деректер бойынша 
зиянды жəне ауыр еңбек жағдайларында жұмыс істейтін 400 мыңға жуық 
жалдамалы қызметкер мүгедектікке алып келетін кəсіптік аурудың жəне 
еңбек жарақатының жоғары қауіпті аймағында болып есептеледі. 
266 мың мүгедектің еңбек етуге қажетті көрсеткіштері бар, оның ішінде 
130 мыңға дейін (48%) еңбек нарығында жұмыспен қамтылған.
Қорытындылай келе, адам өмірі мен денсаулығы ең ауқымды 
мəселелердің бірі. Өйткені біздің еліміз қанша жерден дамыса да, осал 
топтарға көмек көрсетпесе, артта қалатыны сөзсіз. Өйткені, елімізде осал 


топтардың саны да тобы да айрықша көп. Оларға медициналық-əлеуметтік 
көмек көрсету басты міндет. Қазақстандағы осал топтардың медициналық- 
əлеуметтік рөлі маңызды рөл атқарады. Осал топтарға медициналық
көмек көрсетудің үлгісі- бұл мүгедектің өзіндегі, оның ақаулары, 
қабілетсіздігі жəне кемшіліктерінің мəселелері ерекше көрсетіледі. 
Мəселені шешу бойынша шаралар негізінен оның емделуі, адамның 
тіршілік əрекетінің басқаруы үлесуімен есептеледі. Бұл сенімсіз ескірген 
үлгі. 
Ал əлеуметтік үлгі - мүгедектілік мүгедек пен қоғам өзара əрекеттестік 
динамикалық шегінде анықталады. Берілген үлгі шегінде басты назар 
адамның тіршілік ету мен денсаулығы шектелуіне алып келетін, 
кедергілер, мүгедек ортасы қоршаған ортаға араласады. Осы екі үлгі 
бойынша осал топтарға көмек көрсету жалғаса берсе, еліміздегі осал 
топтарға деген құрмет, оларға деген қолдау көп болса, осал топтағы 
адамдардың медициналық-əлеуметтік рөлі жоғары деңгейде болмақ.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет