Өкпе Өкпе Туылған сәтте үлес, сегмент сандары ересектермен сәйкес келеді. Туылмаған сәтте өкпе альвеолалары ұйқы жағдайында, қабырғасы қалың, куб тәрізді немесе төмен бағаналы эпителиймен қапталған, тіндік және аминиотикалық сұйықтықпен араласып толған күйде болады. Алғашқы дем алғанда немесе шыңғырғанда альвеолалар кеңейіп, ауамен толып, альвеола қабырғасы созылып – эпителий жазықтанады. Өлі туылған нәрестелерде альвеолалар ұйқы жағдайында қалады(микроскоппен қарағанда эпителийі бірқабатты куб немесе төмен бағаналы жасушалы, егер өкпе бөлігін суға салса - батады).
Достарыңызбен бөлісу: |