Тыныс алу жүйесінің кейінгі дамуы саны мен көлемінің ұлғаюымен, ауа өткізу жолдарының ұзаруымен жүреді. 8 жасқа қарай өкпе көлемі – 8 есе, 12 жасқа қарай – 10 есе үлкейеді. 12 жастан бастап өкпенің сыртқы және ішкі құрылысы ересектерге ұқсас келеді, бірақ тыныс алу жүйесінің жай дамуы 20-24 жасқа дейін жалғасады. 25-40 жас шамасында өкпе ацинустары өзгермейді деуге болады. 40 жастан асқан соң өкпе тінінің біртіндеп қартаюы жүреді. Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3, - Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі. Өмірінің алғашқы кезінде барлық нәрестелер ішпен дем алады (еркекке тән дем алу), бірақ жүре бастағанда баланың кеудесі төмен түседі де, диафрагмалық-кеуделік дем алу пайда болады. 3-7 жаста ғана кеудемен дем алу басым болады. Дем алудың минуттік мөлшері дене салмағымен салыстырғанда бала өсе келе азаяды: жаңа туған сәбиде — 220 см3, 6 жаста 168 см3, 14 жасқа таман 128 см3, ал ересек адамда 96 см3,
- Дем алу көлемі жаңа туған сәбиде — 25 см3, 1 жаста — 80 см3-ге дейін артады, 2 жаста — 140 см3, ересек адамда — 400 см3. Өкпесінің мөлшері жаңа туған сәбиде — 53 см3, 1 жаста — 210 см3, 13 жаста — 707 см3, 20-25 жаста — 1680 см3, ал 30-40 жаста орта шамамен 1788 см3.
- Өкпе альвеолаларының диаметрі ересек адамда 0,2 мм, ал жаңа туған сәбиде — 0,07 мм. Олай болса өкпенің жалпы көлемі жаңа туған балада — 1,617 см3, ал ересек адамда -67,7 см3, яғни 8 есе артық.
Достарыңызбен бөлісу: |