Сөж тақырыбы: Балалық шақты әлеуметтік-педагогикалық, проблемалары және оларды шешу жолдарын көрсетіңіз Орындаған: Мақсатқызы Қарақат Тексерген: Дуйсенбаев Абай Алматы 2022ж


Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері



бет4/5
Дата22.11.2022
өлшемі72,63 Kb.
#159348
1   2   3   4   5
Байланысты:
МАқсатқызы Қарақат соц пед 12 (копия)

Мектепке дейінгі балалық шақтағы баланың дамуының педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері.Біздің елімізде балаларға мектеп жасына дейінгі қоғамдық тәрбие берудің ықпалы ұдайы өрісін кеңейтіп келеді. Балабақшалар халық ағарту жүйесіндегі алғашқы буын ғана емес , оларға басқа да оқу – тәрбие мекемелерімен қатар біздің қоғамдық құрылысымызға сай келетін баланың жеке басын, оның әлеументтік бағдарларын қалыптастыру жауапкершілігі де жүктелген .
Қоғамның құрамдас бір бөлігі – адам. Ол қоғамда өмірге келеді , ғұмыр кешеді , дамуды және оның жетістіктері мен өркениет жемісін пайдаланады. Бүгін құштар болған нәрсесін ертең ұмытып кетуі ғажап емес. Үлкендердің астарлап сөйлегенін балалар түсіне бермейді. Жас бала өзін қызықтырмаған істі зорлап орындай алмайды. Баланың қолынан келмейтіні көп. Бірақ біз тек сәбидің әлі де қолынан келмейтініне , әлі де істей алмайтынына ғана көңіл аударар болсақ , онда біз ересектерге тән жаңа қасиеттердің , сапалардың қайдан пайда болатынын ешқашан түсінбек едік. Сондықтан баланың бойында не бар, ол не істей алады , жасы өскен сайын ол қалай өзгеріп, нені үйреніп келеді дегенді анықтау әлдеқайда маңызды.
Баланың дамуы үлкендерді үнемі таңдандырады әрі қуанышқа бөлейді.Ол бүгін кешегісіне, ал ертең бүгінгісіне ұқсамайды . Балдырғанның психикалық даму заңдылықтарын түсіну, балалардың эмоциялық және ақыл –ой ерекшеліктерін, сондай- ақ олардың бейімділігі мен ынтасы білуі балабақшадағы оқу – тәрбие жұмысын ойдағыдай жүргізудің маңызды шарты болып табылады. Психологияны білу тәрбиешіге, мұғалімге баламен дұрыс қарым –қатынас жасай білуге, дұрыс байланыс орнатуға, олардың дамуын басқаруға көмектеседі.
Бала тәрбиесінің негізі – отбасынан басталады. Отбасындағы әлеуметтік топ - баланың өмір мектебі, ол ата-ана баланың өмірлік ұстазы және тәрбиешісі. Белгілі чех педагогы Ян Амос Коменский бала туғаннан бастап, алты жасқа дейін тәлім –тәрбиені «аналар мектебінде » алады деген болатын.
Мектеп жасына дейінгі кезең – баланың адамдар арасындағы қарым –қатынасты танып білетін кезі. 5-6 жаста бала өте сезімтал келеді. 5-6 жастағы бала басқа адамдардың, көркем шығармадағы кейіпкерлердің , құрдастарының қимыл әрекетіне, баға беруге даярлана бастайды. Бала адамдар дүниесінде, адамдар қатынастары дүниесінде өмірге келіп тіршілік етеді.
Даму – жеке тұлғаның қоғамдық - тарихи тәжірибені игеру процесі. Адам мен жануарлардың психикасы үздіксіз даму үстінде болады. Алайда жануарлар дүниесі мен адамның даму процестірінің сипаты мен мазмұны сапа жағынан ерекшеленеді. Адам мен жануарлардың психикалық функциялары шығуы жағынан да құрылымы жағынан да теңесе алмайды. Жануарлар психикасы дамуының басты механизмі - биологиялық бекінген тәжірибиенің тұқым қуалап берілуі. Соның негізінде жануардың сыртқы ортаға дара икемделуі өріс алады. Адамның психикалық функцияларының ерекшелігі сол олар баланың қоғамдық тарихи тәжірибені игеру процесі үстінде дамып отырады. Бала адамдар қарым –қатынастары дүниесінде өмірге келіп, тіршілік етеді.
Баланың дамуы - дегеніміз осы тәжірибені игеру процесі болып табылады. Бұл процесс үлкендер жағынан үздіксіз басшылық болған жағдайда, яғни оқыту мен тәрбиеде жүзеге асады. Адамның жоғары формалардағы психикалық іс - әрекеті жанама сипатта болады. Адамдар ежелден - ақ еңбек әрекеті мен оқыту процесінде белгілі бір мәліметтерді жеткізу және сақтау құралы ретінде ерекше заттарды шартты бейнелеулерде, белгілерді пайдаланған . Белгілер мен сөз адамдардың іс- әрекеті мен оларды оқыту процесін дәнекерлейді. Демек , бұл құралдардың пайда болуы, дамуы, соның ішінде мәдениеттің де дамуы алдымен психикасының тарихи даму процесін анықтайды. Бала адамзат тарихында қалыптасқан тәжірибені игереді. Баланың ойлауы , есі, қабылдауы , тілді меңгеруі , іс- әрекеттің белгілі бір тәсілдерін , білімді т.б. игерумен сабақтас.
Адамның өмірінде қалыптасатын күрделі психикалық іс -әрекеті (ойлау мен сөйлеу) мен неғұрлым қарапайым табиғи функцияларын (мысалы , қозу мен тежелу проестерінің арақатынасы мен ерекшеліктері) ажырата білу керек . Психикалық іс- әрекет өзіне басқа да көптеген компоннеттермен қоса осынау қарапайым түсініктермен функцияларды да қамтиды. Мәселен, адамның музыкалық қабілеттері мен жоғары дыбыс айырғыштығының, математмкалық оцлауы мен кеңістік анализі мен синтезі функциялары арасындағы байланыс белгілі. Әдетте нышандар деп аталатын қарапайым, табиғи қасиеттер адамның сыртқы жағдайлар әсерімен қалыптасатын күрделірек іс -әрекеттердің құрамына кіреді. Белгілі бір жағдайда қарапайым функциялар жөнді жетілмеген немесе бұзылған кезде өздерінен жоғары орналасқан неғұрлым күрделі психикалық іс- әрекетті де айқындай бастайды . Мысалы, ми қабығының желке самай бөлігіне зақым келгенде қарапайым кеңістік синтезі бұзылады да мұның өзі есептей білуге зиянын тигізеді. Қалыпты даму жағдайында белгілі бір нышандар осы қарапйым функцияларға жатпайтын, сондықтан оларға тікелей тәуелді емес психикалық іс - әрекет дамуы шарттардың бірі ғана болып табылады. Тіпті қарапайым функциялардың өзі де арнайы ұйымдастырылған әсердің ықпалымен дамыйтындығы дәлденіп отыр. Мәселен, психологтар жоғары естігіштікті қалыптастыру жолдарын тапты. Күрделі психикалық іс- әрекет пен қарапайым функциялар арасында жылжымалы, жанама қарым –қатынастар болатындығын мидың шектелген бөлімдеріне зақым келген науқастармен жүргізілген орнын толтыру – қалпына келтіру жұмыстарының нәтижесінде күрделі психикалық іс - әрекет құрылымын қайта құрудың өте бай тәжірибесін дәлелдейді. Дамудың психолгиялық және физиологиялық ерекшеліктерінің бұл қатынасы да бір мағыналы болмай, өзі баланың жеке басының құрылымы мен оның даму процесінің күрделі жүйесіне еніп және көбінесе солармен анықталып отырады. Дамсу процесінің негізгі мазмұны мен механизмдері көптеген жағдайлардың жиынтығымен анықталады. Даму процесінде білімдер мен іс әрекет тәсілдерінің өзгерісі, күрделенуі ғана болып қоймайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет