Сөж тақырыбы: Corel Draw бағдарламасы


Мәтiндi контурда редакциялау



бет12/14
Дата23.06.2020
өлшемі77,45 Kb.
#74397
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
stud.kz-34369

Мәтiндi контурда редакциялау

Мәтiн (техt тооi) инструментiн таңдаған соң контур бойында орналасқан мәтiндi кез келген басқа мәтiн сияқты редакциялауға болады.

Ендi мәтiнсiз, контурды ғана белгiлеңiздер. Ол үшiн мәтiнде емес, дәл контурда шерту керек. Эллипстi масштабтаңыздар. Мәтiннiң символдарының пiшiмделуi өзгермейдi, бiрақ оның жолы эллипстi масштабтағаннан кейiн автоматты түрде өзгертiлген контур бойында орналасады.

Мәтiндi контурда орналастыру операциясы, басқа операциялардың көбi сияқты керiсiнше де орындалады. Мәтiннiң қисайтылған жолын одай үзуге болады, сондай-ақ қайтадан түзетуге де болады.

1. Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментiмен контур мен мәтiндi белгiлеңiздер.

2. Монтаж (arrange) менюiндегi отделить текст (вгеаk техt арагt) командасын тандаңыздар. Ендi мәтiн өз контурынан ажыратылды, оларды тәуелсiз түрде жылжытуға және өзгертуге болады. Мұны эллипстiң өлшемiн кiшiрейтiп, сонан соң оны басқа орынға жылжытып, тексерiңiздер

3. Эллипстi масштабтауды және жылжытуды болдырмау әрекетiн орындаңыздар.

4. Нұсқагыш (рiсk тооi) инструментiмен мәтiн таңдаңыздар. Мәтiн (техt) менюiндегi выпрямить текст (straighten text) командасын таңдаңыздар. Мәтiннiң жолы түзетiлдi.

Согеl draw-да жұмыс iстеу тәсiлдерi өте ыңғайлы болып келедi. Мiне, контур үстiне мәтiндi орналастыру мәселесi де әр түрлi тәсiлдермен орындалады.

1. Түзетiлген мәтiн мен эллипстi қатар белгiлеңiздер.

2. Мәтiн (техt) менюiндегi расположить текст по контуру (fit техt то раth) командасын таңдаңыздар. Мәтiн эллипстiң жоғарғы жағына қатысты ортаға дәлденген. Бұл логотиптiң қажеттi түрi болып табылады.

Эскиздердi жасағанда, егер өлшемдердiң абсолюттi мәнi маңызды емес болғанда, мәтiндi интерактивтi түрде жылжыту мүмкiндiгi өте қолайлы болады.

1. Нұсқағыш (рiсk тооi) инструментi активтi болуы керек. Мәтiннiң сол жағында шағын қызыл ромб бар, ол контурдағы мәтiннiц глифі. Глифтi тасымалдаңыздар. Мәтiн сәйкес жылжиды. Эксперименттеп көрiңiздер.

2. Ендi контурсыз, тек қана мәтiндi белгiлеңiздер. Нұсқағышты мәтiннiң символдарының бiрiне орналастырыңыз да оны тасымалдаңыз. Мәтiн нұсқағыштың артынан контурдың iшiне немесе сыртына қарай ығысады. Осылай контур мен жолдығ ара қашықтығы өзгертiледi. Егер мәтiндi контурға параллель түрде тасымалдаса, ол көлденең жылжиды. Бұл жұмыс тәсiлiн де сынап көрiңiздер.

3. Мәтiннiц интерактивтi жылжуын болдырмау әрекетiн орындаңыздар.

Мәтiн ағымдағы белгiленген объект болып тұрғанда, онымен байланыстағы контурға тиiспей, бояу мен абрис тағайындауға болады.

1. Түстер палитрасының көк түсiнде тiнтуiрдiң сол жақ батырмасымен шертiңiздер, мәтiн көк түске боялады.

2. Логотип үлгiсiнде мәтiн эллипс контуры бойында орналасқан, бiрақ контурдың өзi көрiнбейдi. Ctrl батырмасын басып тұрып, эллипстi белгiлеңiздер. Түстер палитрасындағы қиғаш крестпен белгiленген үлгiде тiнтуiрдiң оң жақ батырмасымен шертiп, абристi алып тастаңыздар. Эллипс алдымызда жасырын күйде болып бейнеленедi, яғни көрiнбейдi.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет