Жасушалардың пролиферациясы және дифференциациясы кезінде ұрық зиянды әсерлерге өте сезімтал болады. Ұрықтың дамуына зиянды әсер ететін факторлар тератогендік факторлар деп аталады. Оларға:
Рентген сәулесі
Алкоголь
Никотин
Дәрі-дәрмектер
Вирустар, бактериялар және қарапайымдылар жатады.
Тератогендік факторлардың салдарынан туа біткен ақаулары пайда болады. Туа біткен даму ақауларын зерттейтін ғылым – тератология деп аталады.
Тератогендік факторлардың салдарынан туа біткен ақаулары пайда болады. Туа біткен даму ақауларын зерттейтін ғылым – тератология деп аталады.
Тератология туа біткен ақауларының себебін, патогенезін және сыртқы белгілерін зерттейді. Дамудың туа біткен ақаулықтарына мынандай өзгерістерді жатқызамыз:
Ангенезия – мүшенің дамымауы
Аплазия- мүшенің нашар дамуы
Тератогендік фактор
Эндогенді
Экзогенді
Биологиялық
Тератогендік факторлардың әсер ету уақытына қарай ақауларды:
Гаметопатия – гаметалардың зақымдануы. Бұл кездері кіріккен егіздер, циклопия т.б. ақаулар пайда болады.
Эмбриопатия – ұрықтың 16 күнінен- 8 апта аралығында зақымдануы.
Фетопатия – ұрықтың 9 аптасынан нәресте дүниеге келгенге дейінгі аралықта зақымдалуы.
Дамудың қатерлі кезеңдері
Жануарлар дамуын зерттеу нәтижесінде дамудың қатерлі кезеңдері болатындығы анықталды. Дамудың қатерлі кезеңдері деп ұрықтың қоршаған ортаның әр түрлі зиянды факторларына өте сезімтал кезеңдерін айтады. Бұл кезеңдерде зиянды факторлар әсерінен онтогенездің қалыпты жүруі бұзылып, ұрық не өліп қалады не міндетті түрде әп түрлі ақауларға ұшырайды.
Дамудың қатерлі кезеңі терминін 1897 жылы Браун енгізген болатын.
Қауіп-қатерлі кезеңдерде ұрықтардың метаболизмі қатты өзгеріске ұшырайды, тыныс алу күшейеді, РНҚ мөлшері өседі, бұрын болмаған ақуыздар синтезделеді. Сонымен бірге, ұрықтың өсу қарқыны баяулайды, ал сапалық қайта құрылу – ұлғаяды. Нақтылы гендердің белсенділігі кризистік кезеңдерге тура келеді және осы кезде зақымдатқыш факторлар әсерінен пайда болған ақаулар мен кемьарлықтар мутация салдарынан пайда болу арқылы дамитын ауытқулар мен кемтарлықтарға ұқсайды.