Меншікті дәнекер тіндері
Меншікті дәнекер тіндері борпылдақ дәнекер тіні ағзада көптеген мүшелердің құрамында кездеседі, оның ішінде қан мен лимфа тамырларының сыртын қоршап, көптеген мүшелердің стромасын түзеді. Бұл тіннің құрамында жасушалары мен жасуша аралық заты бар. Жасушалары. Дәнекер тіннің ен негізгі жасушаларына, фибробласттар, макрофагтар, тін базофильдері, адвентициальді жасушалар, плазмоциттер,май жасушалары мен қаннан келген лейкоциттер және пигментоциттерде кездеседі.
Қаңқалық дәнекер тіндер Шеміршек және сүйек тіндері бірігіп, ішкі орта тіндері жүйесіне жататын қаңқалық дәнекер тіндер тобын құрайды. Оларға тән жалпы белгілер: 1.мезенхимадан дамуы; 2.Жасушааралық затының көп болуы; 3. Организмнің гомеостазын сүйемелдеу функциясы. Олардың тіректік және механикалық функциялары жақсы дамыған. Қаңқалық тіндердің функциялары
Қорғаныш
Транспорттық
Су-тұз алмасуға қатысады;
|